САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

АУДАН ӘКІМІ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Бүгін Сарыағаш ауданы әкімі аппараты мен «Нұр Отан» партиясының Сарыағаш аудандық филиалының қолдауымен ауданда аз қамтамасыз етілген 146 балаға «Мектепке жол» акциясын жүзеге асыру мақсатында, мектепке қажетті оқу жабдығы мен киім-кешек таратылды. Шара барысында, аудан әкімі  М.Отаршиев балалар мен ата-аналарды аяқ басқалы отырған жаңа оқу жылдарымен құттықтады. Ол өз сөзінде, балалар біздің болашағымыз. Еліміздің ертеңі, бүгінгі жас ұрпақты елімізде толық біліммен қамти алсақ, елдің келешегін ойлайтын балаларымыз, туған елін, жерін, ата заңын қастерлеп өсетініне сеніміміз мол. Қымбатты балалар, білім жолында талмай талаптаныңдар, дендерің сау болсын, еліміз тыныш болсын!-деген ізгі тілегін жолдады. Акцияның мақсаты-жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету болып табылады. Сарыағаш ауданының білім беру мекемелерінде сенім телефондары мен қоғамдық қабылдаулардың үзіліссіз жұмысы ұйымдастырылған. «Мектепке жол» акциясы 30 қыркүйекке дейін жалғасады және де білім бөлімі мен білім беру мекемелерінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен  ірі өндіріс, мекеме, кәсіпорын, серіктестік басшыларын, жеке тұлғаларды және ізгі жүректі барлық азаматтарды балаларға көмек қолын созып, аталған іс-шараға бір кісідей ат салысуға шақырады.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі