САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

АУДАН ӘКІМІ ЖІБЕК ЖОЛЫ АУЫЛЫНА БАРДЫ

Аудан әкімі Мұхит Баймұханбетұлы Жібек жолы ауылдық округі Зортөбе елді мекенінде орналасқан «Agrotur» ЖШС-нің жылыжай кешенінің, Жібек жолы елді мекенінде орналасқан «Бес жұлдыз» бала бақшасының және «Жетісу» ЖШС-не қарасты шарап зауытының  жұмыстарын аралап, тыныс-тіршілігімен танысты. Сонымен қатар, ауылдық округте шоғырланған өзекті мәселелерді шешу үшін атқарылып жатқан жұмыстар есебін тыңдап, ауылдық округ әкіміне және тиісті мекеме басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

«Agrotur» жылыжай кешенінде 15 гектар аумақтың 1 гектары жылыжай,        1 гектары көшет өндірісі салынып, жылына 200-250 тонна қызанақ, қияр өнімдері жетілдірілуде. Сондай-ақ қосымша 2 гектар аумаққа жылыжай құрылысы жүргізілуде. Бүгінде «Agrotur» ЖШС-гі 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Ал, «Бес жұлдыз» бала бақшасы жалпы 1 гектар аумаққа өз қаржысы есебінен 2018 жылы ғимарат тұрғызылып, 550 бүлдіршін тәрбиеленуде. Бала бақшада 60 адам жұмыспен қамтылған.

«Жетісу» ЖШС-не қарасты шарап зауыты 2010 жыдан бері шикізат (жүзім сығындысы) өндірумен айналысып келеді. Жылына 10 мың тонна шикізат өндіретін зауыт бүгінде 36 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

(с) Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі