САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

АУДАН ӘКІМІ ЖЫЛҒА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ БАРДЫ.

Бүгін аудан әкімі Мұхит Отаршиев Жылға ауылдық округіне арнайы барып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, олардың жағдайымен және жүргізіп жатқан жұмыстарының барысымен танысты. Сонымен қатар, №44 «Ғ.Мұстафин» атындағы жалпы орта мектебінің ұжымымен кездесіп, мектептің материалдық-техникалық базасымен танысып, оқу кабинеттерін аралады, оқушылар және мұғалімдердің ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Ауыл тұрғындарының қуанышына орай ағымдағы жылы Жылға елді мекенінде жаңа мектеп құрылысы пайдалануға берілмек. Аудан басшысы ауылды аралау барысында біраз күттірмейтін жайттарды көріп, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді. Осылайша, ауылдық округтегі өзекті болып отырған ауыз су, табиғи газ мәселесін шешу жолдары қарастырылатын болды.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі