САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

АУДАН ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Бүгін 6 ақпан күні аудан әкімі Мұхит Отаршиев аудан әкімдігінің ғимаратында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген 7 тұрғын өз мәселелері бойынша жүгінді. Атап айтқанда, 2 тұрғын құқықтық мәселе бойынша кеңес сұраса, 1 тұрғын жұмыссыздық, 2 тұрғын жер және ауыз су, 2 адам тұрғын үй мәселесін шешіп беруді сұрады.
Аудан басшысы әр тұрғынның өтінішіне жіті мән бере отырып, заң аясында түсіндірме берді. Тұрғындар тарапынан айтылған сауалдар мен өтініштер бойынша тиісті сала басшыларына арнайы тапсырмалар жүктеп, бақылауға алатындығын жеткізді.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі