САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

АУДАН ӘКІМІ АУЫЛДАРДЫ АРАЛАП, ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ

Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев Құркелес ауылдық округінің тыныс- тіршілігімен танысып, бірінші кезекте өзекті мәселеге айналған ағаш базарына ат басын бұрды. Құркелес елді мекені М.Өзтүрік көшесінің бойындағы жер учаскелері азаматтарға ауыл шаруашылығы мақсатында (суармалы жер) шаруа қожалығын жүргізу үшін пайдалануға берілген, алайда қазіргі таңда тұрғындар жер учаскелерін ағаш базарына айналдырған.

Сонымен қатар, Жылысу елді мекенінде орналасқан «Абдураман» және Жаңаарық елді мекенінде орналасқан «Хангелди» шаруа қожалықтарының жұмыстарымен танысты.

 «Абдураман» шаруа қожалығында 7,2 гектар аумаққа жылыжай салынып, оның ішінде 6 гектарға құлпынай көшеттері отырғызылған. Құлпынай көшеттері Англия, Италия, АҚШ, Германия елдерінің технологияларын қолдана отырып жетілдірілуде. Бүгінде шаруа қожалық 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Ал, «Хангелди» шаруа қожалығында жалпы             1 гектар аумаққа өз қаржысы есебінен жылыжай тұрғызылып, түрлі көкөністер өсірілуде.

Өз кезегінде аудан басшысы ел үшін маңызды мәселелерді шешу жолында бірлесе жұмыс атқаратындығын жеткізді.

(с) Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі