САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

АУДАН ӘКІМІ АГРС ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Аудан әкімі М.Отаршиев Тегісшіл ауылдық округінде орналасқан «Таскескен» автоматтандырылған газ тарату станциясына арнайы барып, табиғи газға қосу үшін атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Аудан басшысы тұрғындардың тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар бойынша тиісті лауазымды тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеп, нәтижесін күнделікті баяндап отыруды тапсырды.
Сарыағаш ауданына қарасты Тегісшіл, Құркелес, Жылға, Дарбаза ауылдық округтерінің 22 елді мекенін аталған АГРС-ке қосу жоспарланған.
Қазіргі таңда жалпы 11 елді мекенге ішкі жүйелерінің құрылысы жүргізіліп, қосылуға дайын, 11 елді мекенге жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптама қорытындысы алынған.
Айта кестек, табиғи газ саласы бойынша бүгінгі таңда Сарыағаш ауданының 71 елді мекенінің 36 елді мекені табиғи газбен қамтамасыз етіліп, 50,7 пайызды құрап отыр.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі