САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

АУДАН ӘКІМІНІҢ ШЫРШАСЫ БОЛЫП ӨТТІ

Жылдағы дәстүр бойынша «Мереке» салтанат сарайында аудан әкімінің бүлдіршіндерге арналған жаңа жылдық шыршасы өтті. «Біз – еліміздің жарқын болашағымыз!» тақырыбында өткізілген мерекелік шараға ауданның әлеуметтік аз қамтылған 80 ге жуық балғындары қатысты. Балалардың қуанышына аудан әкімі М.Отаршиев ортақтасып, бүлдіршіндерді кіріп келе жатқан 2020 – Жаңа жылмен құттықтады.
Аудан басшысы өз сөзінде: -«Барлықтарыңызға бүгінгі күннің шуағындай адалдық, берік денсаулық, қажымас қайрат, таусылмайтын бақыт, Қазақтың кең даласындай дархан мінез бен мұқалмас жігер отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін»- деп мерекелік лебізін білдіріп, сыйлықтар тарту етті.
Сонымен қатар «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы төрағасының орынбасары Қ.Қыстаубаев өз тілектерін білдіре отырып, бүлдіршіндерді жаңа жылдық сыйлықтарымен қуантты.
Аяз ата мен Ақшақарды көтеріңкі көңіл күймен қарсы алған бүлдіршіндер ән-жырдан шашу шашып, би билеп, өнерлерін ортаға салды.
Облыстық «Шанин» театрының өнерпаздары жасыл шырша жанында ертегі кейіпкерлерін сомдап, ғажайыпқа толы қойылымдар көрсетті.
Мерекелік шара соңында балаларға қыстық киімдер мен тәттілер үлестірілді.

(с) Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі