САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімі аппаратында белгіленген кестеге сәйкес өңір басшысы Қайрат Аманкелдіұлы жеке қабылдау өткізді.

Жеке қабылдауға 4 тұрғын келіп, өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойды. Келушілер негізінен ауыз су, электр жарығы, коммуналдық үй алу және жер учаскесін өз атына рәсімдеу бойынша өтініштерін айтты.

Тұрғындардың мәселелерін мұқият тыңдаған аудан басшысы қолданыстағы заңнама аясында көтерілген мәселелердің шешу жолдарын түсіндіріп, тиісті бөлім басшыларына және ауылдық округ әкімдеріне азаматтардың өзекті сұрақтарын шешу бойынша нақты тапсырмалар берді.

(с) Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі