САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Бүгін  5  тамыз күні  аудан әкімі аппаратында белгіленген кестеге сәйкес өңір басшысы  Қайрат Абдуалиев жеке қабылдау өткізді.
Жеке қабылдауға ауданымыздың тұрғындары  қатысып, өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойды.
Қабылдауға келген азаматтар  мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек,  жер мәселесі, тұрғын үй мәселелері бойынша өз өтініштерін айтты. Тұрғындардың мәселелерін мұқият тыңдаған аудан басшысы қолданыстағы заңнама аясында көтерілген мәселелердің шешу жолдарын түсіндіріп, тиісті бөлім басшыларына азаматтардың өзекті сұрақтарын шешу бойынша нақты тапсырмалар берді.

(с) Аудан әкімінің баспасөз қызметі