САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімі аппаратында белгіленген кестеге сәйкес өңір басшысы Қайрат Аманкелдіұлы жеке қабылдау өткізді.
Жеке қабылдауға ауданымыздың тұрғын қатысып, өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойды.
Негізінен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үйінің алдындағы жер мәселесі және жол жөндеу жұмыстары бойынша өз өтініштерін айтты. Тұрғындардың мәселелерін мұқият тыңдаған аудан басшысы қолданыстағы заңнама аясында көтерілген мәселелердің шешу жолдарын түсіндіріп, тиісті бөлім басшыларына азаматтардың өзекті сұрақтарын шешу бойынша нақты тапсырмалар берді.

(с) Аудан әкімінің баспасөз қызметі