САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

АУДАН АРДАГЕРЛЕРІ МАҚТААРАЛДА БОЛДЫ

Сарыағаш ауданының әкімі М.Отаршиевтың ұйытқы болуымен бір топ аудан ардагерлері арнайы бөлінген көлікпен Мақтаарал ауданына табан тіреп, №43 Т.Әубәкіров атындағы мектеп ғимаратында Сарыағаш ауданына бекітілген Жаңатұрмыс, Достық елді мекендерінің тұрғындарымен кездесті. Сапар барысында сарыағаштық ардагерлер тұрғындармен емін-еркін әңгімелесіп, олардың алдағы күндеріне сәттіліктер тілеп, жалпы құны 700 мың теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетіп, қайғы-қасіреттің енді қайтіп болмауын сөздеріне арқау етті. Сонымен қатар төтенше жағдайға қатысты ашылған арнайы қоймада болып, сыйымдылығы 2000 тоннаға есептелген қоймадағы азық-түлік қорын аралады.
Тасқын судан зардап шеккен Мақтаарал ауданының тұрғындары тынымсыз еңбек етіп, бауырмашылдық танытып келе жатқан сарыағаштықтарға ризашылықтарын жеткізді.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі