АУДАНЫМЫЗДЫҢ ЖАС СПОРТШЫЛАРЫ ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

2019 жылдың 03-09 маусым аралығында 2008 жылғы және одан төмен жасөспірімдер арасында «Үстел теннисі» спорт түрінен Қазақстан Республикасының чемпионатында Түркістан облысының жасөспірімдер құрама командасының атынан қатысқан жерлестеріміз, Сарыағаш ауданының тумалары Жолдыбай Нұржігіт және Умирзак Әділет 4 алтын және 1 қола жүлдемен оралды.

Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Бахытжан Халдыбекұлы жеңімпаз спорт шеберлерін қабылдап, аудан әкімінің атынан «Алғыс хат» пен бағалы сыйлықтарды табыстады. Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары жас чемпиондарға спорт саңлағына сәттілік тіледі.

(с) Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі