САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

АУДАНЫМЫЗДА ТУРИЗМ САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

Бүгін Сарыағаш ауданы Көктерек кентінде жаңадан бой көтерген «Ая-Жан & ММ» шипажайының ашылу салтанаты өтті. Жеке кәсіпкер Жандаулетов Берік Темірханұлының бастамасымен қолға алынған бұл шипажайда 60 адамға дейін емдік минералды сумен емдеу-сауықтыру шаралары жүргізіледі. Аталған шипажайдың ашылу салтанатына Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Смаил Тасқұлов пен Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

-Денсаулық – адамзат тіршілігінің тірегі, адам баласының алақан жайып, Тәңірден тілейтін асыл тілегі, айналасындағы жандарға қуаныш пен қайғыда ақ көңілден арнайтын ақ ниеті. Аудан іргесінде орналасқан «Ая-Жан & ММ» шипажайы еліміздің игілігі үшін қалтқысыз қызмет етуіне шын жүректен тілектеспін, – деді аудан әкімінің орынбасары.

Одан әрі салтанатты шара эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.