САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

АУДАНЫМЫЗДА ЖАҢА БІЛІМ ҰЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бүгін 1 қыркүйек Білім күні мерекесіне орай аудандағы барлық мектептерде алғашқы қоңырау үні соғылды. Аудан әкімі Отаршиев Мұхит Баймұханбетұлы Құркелес ауылдық округі,Ақ үй елді мекенінде жаңадан пайдалануға берілген №69 жалпы білім беретін орта мектебінің ашылу іс-шарасына қатысты.  Осынау қуанышты күнде сөз алған аудан басшысы  ауыл тұрғындарын, ұстаздар мен оқушыларды жаңа мектептің ашылуымен және оқу жылының басталуымен, жаңа оқу жылында жаңа табыстар,жетістіктер  тілеп,  сондай-ақ, осы күннен бастап алғашқы қоңырау үнімен үлкен өмірге аяқ басқалы отырған 1 сыныпқа келген бүлдіршіндерді үлкен ықыласпен құттықтады. 1-сыныпқа баратын мектеп оқушылары алғашқы қоңырау соғып,мектеп табалдырығын аттаса, мектеп директоры Н.Кулбаеваға жаңа мектептің кілті табысталды.  Биылғы 2019-2020 жаңа оқу жылында 53000-ға жуық оқушы білім алады. 2019-2020 жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 6500 оқушы қабылданса, 2580 оқушы мектепті аяқтайды. Өткен жыл біз үшін табысты жыл болды. Оқушыларымыз облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадаларда, ғылыми зерттеу жұмыстарында, спорттық жарыстарда жүлделі орындарға ие болды.  Білім деңгейін дәлелдейтін ҰБТ-дан Қазақстан Республикасы бойынша ең жоғарғы мүмкін болған 140 балды ауданымыздың түлегі иеленді.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі