САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

АУДАННЫҢ ҮЗДІК ҰСТАЗЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДА ТОП ЖАРДЫ.

2019 жылдың 1 қараша күні Түркістан қаласында орналасқан №27 мектеп лицейі  базасында Түркістан облысының әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Бағдарламалау негіздері» тақырыбындағы облыстық байқауға Сарыағаш ауданының білім бөліміне қарасты №14 «Алыбай батыр» атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Баратбаев Мақсат Мырзахметұлы қатысып, нәтижесінде жүлделі 1 орынға ие болды.

Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту Қазақстан  Республикасында айқын көрсетілген.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі