САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

АУДАНДАҒЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

Бүгін аудан әкімі М.Отаршиев «Бөбек» көтерме сауда базарындағы азық-түлік бағаларын қарап шықты.
Бүгінде коронавирус дертінің таралуына байланысты Қазақстан Республикасында төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Мониторинг барысында азық-түлік бағалары тексеріліп, базар басшылығы мен кәсіпкерлерге бағаны негізсіз көтермеу керектігі түсіндірілді.
Сондай-ақ азық-түлік бағасының негізсіз көтерілген жағдайда аудан әкімдігі тарапынан тиісті шаралар көрілетіндігі ескертілді.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі