САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залындаТүркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ә.Қ.Темірбаеваның қатысуымен 2020 жылдан бастап іске асырылатын атаулы әлеуметтік көмек  көрсетудің жаңа тәсілдері, мүгедектігі бар адамдарға арналған «Әлеуметтік қызметтер порталы» және ауыл шаруашылығы саласына қатысты индикаторлардың орындалуы бойынша аудан тұрғындарымен кездесу өтті. Мәжілісті аудан әкімінің орынбасары Б.Полатов ашып, жүргізіп отырды. Түсіндіру барысында Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын іске асыру үшін заң жобасы әзірленіп, оның шеңберінде АӘК көрсетудің жаңа бағыты айқындалған болатын. Осы орайда, заңнамалық түрде аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пакет анықталып, көп балалы отбасылар бұрынғыдай мемлекет қолдауына ие болады.Басты мақсат – ​ нақты көмекке мұқтаж адамдарға мемлекет тарапынан жәрдем көрсету.

Жиынға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтары мен ұсыныстарын айтып, толыққанды жауаптарын алды.

(с) Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі