САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Аудан әкімінің орынбасарымен бекітілген кестеге сәйкес 22-30 ші қазан аралығында  2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылатын атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тәсілдерін аудан тұрғындарына түсіндіру үшін бекітілген жұмысшы топ қала, кент, және ауылдық округтерге барып  түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  Жиналыста төмендегі кезеңдер бойынша халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру барысында бұл мемлекеттік жәрдемақыны төлеу отбасының табысына тәуелді болмайды және барлық көпбалалы, яғни 4 және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасыларға төленеді.

Атаулы әлеуметтік көмек алуға ниетті тұрғындарға арналған шаралар кешені 3 бағытты қамтиды:
біріншісі – көп балалы аналарды жеке санатқа шығару және оларға кепілді жәрдемақы беру, бұл ретте көп балалы отбасы-аз қамтылған отбасы деген стереотип алынып тасталады. Бұдан басқа, бұл көп балалы аналардың материалдық жағдайы мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, олардың беделін мойындайтын болады, елдегі бала туу деңгейін арттырады;
екінші – аз қамтылған азаматтарды қолдау және оларды жұмысқа орналастыруға ынталандыру;
үшіншісі – барлық АӘК алушылардың балаларына заттай қолдауды қамтитын кепілді пакет ұсынылатын болады.
Атаулы әлеуметтік көмек 2002 жылдан бері іске асырылып келеді. Бұл аз қамтылған, табысы төмен отбасыларға арналған көмек. Атаулы әлеуметтік көмек – ақшалай, әлеуметтік бейімдеу, жұмысқа орналастыру, өз бизнесін ұйымдастыруға көмектесу және жұмыспен қамтудың басқада түрлері арқылы отбасының табысын арттыруға бағытталған.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі