САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

27 мамыр күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Қайрат Абдуалиевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары, аудандық полиция бөлімі басшысы, аудан әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері, қала, кент және ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары қатысты.

Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды:
1.Ауданда мал ұрлығы профилактикасының жүргізілуі туралы.
2. Аудан аумағында үй жануарларын есепке алу, мал басын бірдейлендіру, оларды тіркеуге қою, электрондық есеп базасына мәліметтерді енгізу,ветеринариялық  паспортты табыстауға бағытталған кешенді іс-шаралар туралы.
3. Дербісек және Қызылжар ауылдық округтері аумағында мал ұрлығы профилактикасының  жүргізілуі туралы.
4. Ауыл шаруашылығы саласында алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып және халықты жұмыспен қамту мақсатында іске асырылатын жобалар туралы баяндамашылар есептерін берді.

Жиында қаралған мәселелер жөнінде аудан әкімі тиісті бөлім басшыларына және қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне сұрақтар қойып,  осы мәселелер бойынша келесі аппараттық жиында қайта қаралатынын аттып, нақты тапсырмалар жүктеп, орындалуын бақылауда ұстайтындығын қадап айтты.


(с) Ауданы әкімінің баспасөз қызметі