САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

Бүгін 1 қазан күні Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында аудан әкімі М.Отаршиевтің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, бөлім басшылары, мекеме басшылары, қала кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Күн тәртібінде бекітілген 5 мәселе қаралды.

Бірінші мәселе бойынша ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің міндетін уақытша арқарушы К.Әмірбекова, ауданның жұмыспен қамту орталығының директоры Д.Динашова «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы азаматтарды зерделеу бойынша жұмысшы тобының үйме-үй аралау барысында анықталған кемшіліктерді жою барысы» туралы хабарлама оқыды. 

Екінші мәселе бойынша ауданның ветеринария бөлімінің басшысы Б.Кокаев, ауданның ветеринария бөлімінің атқарған, алда атқаратын жұмыстарының барысы туралы және аса қауіпті жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық жағдайы мен алдын алу іс шаралары туралы  есебі тыңдалды.

Үшінші мәселе бойынша Қабланбек ауылдық округінің әкімі Қ.Тұрсынбаевтың 8 айда атқарған жұмысы туралы есебі.

Төртінші мәселе бойынша ауданның ішкі-саясат бөлімінің басшысы А.Қозыбаев көрнекті үгіт-насихат құралдарының жай-күйі туралы баяндама жасады.

Бесінші мәселе бойынша ауданның сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Н.Рахимов аудан бойынша «Сыртқы визуалды жарнаманы» орналастырудағы құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жүргізілген рейдтік             іс-шаралар туралы.

Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланғаннан кейін аудан әкімі бөлім басшыларына, қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, орындалуын қадағалауды тапсырды.

(с)  Сарыағаш  ауданы әкімінің баспасөз қызметі