САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

Бүгін 16 қыркүйек күні Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында аудан әкімі М.Отаршиевтің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, бөлім басшылары, мекеме басшылары қала, кент және ауылдық округ әкімдері, МКҚК-ның басшылары қатысты.

Күн тәртібінде бекітілген 2 мәселе қаралды.

Бірінші мәселе бойынша Ауданның жұмыспен қамту орталығының директоры Д.Динашова «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы азаматтарды зерделеу бойынша жұмысшы тобының үйме-үй аралау барысында анықталған кемшіліктерді жою барысы» туралы хабарлама оқыды. 

Екінші мәселе бойынша Сарыағаш қаласының әкімі С.Сүлейменова және ауданның сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ө.Пазылов «Сарыағаш қаласын дамыту (абаттандыру, көгалдандыру, сәулет және құрылыс жұмыстары)» туралы  баяндама жасады. 

Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланғаннан кейін аудан әкімі бөлім басшыларына, қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, орындалуын қадағалауды тапсырды.

(с)  Сарыағаш  ауданы әкімінің баспасөз қызметіъ