САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

Бүгін 09 қыркүйек күні Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында аудан әкімі М.Отаршиевтің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, бөлім басшылары, қала, кент және ауылдық округ әкімдері, МКК-ның басшылары шақырылған.

Күн тәртібінде бекітілген төрт мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Н.Талипов «Аудан аумағындағы күзгі жиын-терім жұмыстарының барысы» туралы хабарлама оқыды. 

Екінші мәселе бойынша Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Е.Сапарбаев «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар бойынша» баяндама жасады. 

Үшінші мәселе бойынша Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Т.Ноғаев Сарыағаш ауданының 2016-2020 жылдарға арналған Даму бағдарламасындағы индикаторлар көрсеткіштерінің  2019 жылдың 7 айда орындалуы туралы хабарлама жасады.

Соңғы мәселе бойынша Сарыағаш қаласының әкімі С.Сүлейменова 2019 жылдың 8 айда атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасады.

Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланғаннан кейін аудан әкімі бөлім басшыларына, қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, орындалуын қадағалауды тапсырды.

(с)  Сарыағаш  ауданы әкімінің баспасөз қызметі