САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

         Бүгін Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Қайрат Абдуалиевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Мәжіліске бөлім басшылары, қала, кент және ауылдық округ әкімдері  БАҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Атап айтқанда:

-Ауданның  жұмыспен  қамту орталығының директоры Д.Динашова атаулы әлеуметтік көмек алушы азаматтарға тағайындалған әлеуметтік көмектің барысы туралы баяндама жасады.

-Ауданның сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ө.Пазилов аудан аумағында аншлаг (QRkod) орнату жұмыстарының барысы туралы баяндады.

-Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Б.Ерменов ағымдағы жылдың 26-27 шілдесі күндері өткізілген облыстық сенбілікте атқарылған жұмыстар мен оның нәтижесі туралы баяндама жасады Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланғаннан кейін аудан әкімі бөлім басшыларына, қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, орындалуын қадағалауды тапсырды.

(с) Аудан әкімінің баспасөз қызметі