САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

8 қазан күні аудан әкімі М.Отаршиевтің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті.

Күн тәртібінде бекітілген 3 мәселе қаралды.

Бірінші мәселе бойынша  ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Т.Ноғаев 2019 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша аудан бюджетінің атқарылуы туралы.

Екінші мәселе бойынша ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Е.Сапарбаев жене ауданның полиция бөлімі бастығының орынбасары А.Ибрагимовтың, аудан аумағындағы жер қойнауын заңсыз пайдаланушылармен күрес жұмыстарының 9 айында атқарылған жұмыстарының есебі тыңдалды.

Үшінші мәселе бойынша Жібек жолы ауылдық округінің әкімі Т.Азимбердиевтің 9 айда атқарған жұмысы туралы есебі қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланғаннан кейін аудан әкімі бөлім басшыларына, қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, орындалуын қадағалауды тапсырды.

(с)  Сарыағаш  ауданы әкімінің баспасөз қызметі