САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

АНА МЕН БАЛА ҚҰҚЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА!

Бүгін аудан әкімі М.Отаршиевтің төрағалығымен балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі республикалық кеңестің арнайы топ өкілдерінің қатысуымен жиын өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Президенті Аппараты жанындағы балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру туралы ұсыныстарды зерделеу және жинақтау мәселелері жөніндегі  «Nur Otan» партиясының жанындағы балаларды қорғау жөніндегі кеңес мүшесі М.Исказина, Қазақстан Республикасының жастар және отбасы істері комитеті басқармасының басшысы Д.Қожабеков, аудан әкімінің орынбасарлары, Нұр Отан партиясы мүшелері, бюджеттік мекеме басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.  

Балалар құқығын және заңды мүдделерін қорғау бойынша ауданда атқарылып жатқан жұмыстар туралы ауданның білім бөлімі басшысы Б.Майрихов, аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Ә.Бекмұрзаев және ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушысы Х.Әмирбекованың баяндамалары тыңдалды. Сонымен қатар аудан әкімі өз сөзінде ауданда балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен таныстыра келе, топ жұмысына сәттілік тіледі.      

(с) Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі