САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

2020 жылғы 13 шілде

Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жаңа COVID-19 коронавирусынан тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында 2020 жылғы 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланған болатын.
Осыған орай, халық арасында COVID-19 коронавирус індетінің таралуын алдын алу мақсатында аудан әкімінің өкімімен құрылған жұмысшы топ аптаның дүйсенбі күні жұмыс жасайтын «Береке» базарын аралап мониторинг және түсіндіру шараларын жүргізді. Мониторинг барысында азық-түлік бағалары тексеріліп, базар басшылығы мен кәсіпкерлерге бағаны негізсіз көтермеу керектігі түсіндірілді.
Алдағы уақытта өңірде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығын сақтау және алдын алу шараларын күшейту бойынша мониторинг жұмыстары ұдайы жүргізілетін болады. Жалпы, Сарыағаш ауданы бойынша жағдай тұрақты және сақтық шаралары қатаң бақылауда.