САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Азаматтық бюджет

Сарыағаш ауданының  2019-2021 жылдарға арналған  азаматтық бюджеті.

Айлық есептік көрсеткіш:  2019 жылы – 2 525 теңге, 2020 жылы – 2 613 теңге және 2021 жылы – 2704 теңге(АЕК) .

Көрсеткіштер  2018 ж 2019 ж 2020 ж 2021 ж
Ең төменгі күнкөріс 28 284 29 698 30 886 32 121
Ең төменгі зейнетақы мөлшері 33 745 36 108 38 094 40 189
Базалық зейнетақы 15 274 16 037 16 679 17 346
Ең төменгі еңбек ақы мөлшері 28 284 42 500 42 500 42 500

 Ауданның бюджетіне түсімдер мен шығыстары .

Ауданның  бюджеті Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №33/347-VI «2019-2021 жылдарға арналған облыстық  бюджет туралы» шешімімен бекітілген және 2019-2021 жылдарға арналған болжамды аудандық бюджеттік параметрлеріне сәйкес жинақталған.

                                                          Түсімдер

         Ауданның 2019 жылдарға арналған бюджет табыстарының болжамды көлемін құрастыру кезінде ауданның 2018  жылғы аудандық бюджет табыстарын орындау туралы есеп беру мәліметтерімен Келес ауданына тиісті табыстардын көрсеткіштері есептен алынып ескерілді.

Аудандық бюджет табысының болжамы бойынша  (трансферттердің түсуін есептемегенде) 2019 жылға 2 849 503 мың теңге сомасында белгіленді. Аудандық бюджеттің табысының болжамы (трансферттердің түсуін есептемегенде) 2020 жылға 2 969 724 мың теңге сомасында белгіленді, 2021 жылға  –   3 035 113 мың теңге.  

Ауданның бюджетіне Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген  2019 жылға облыстық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенция көлемі толық түрде белгіленген және қаржылық жыл бойы  өзгертуге енгізілмейді және 31 507 073 мың теңге, 2019 жылға жоспарлануы 19 092 814 мың теңге, 2020 жылға 19 092 814 мың  теңге сомасын құрайды.

Ауданның 2019-2021 жылдарға арналған бюджетінде облыстық және республикалық  бюджеттен мақсатты трансферттердің түсімдерінен 2019 жылға 14 824 465,0 мың  теңге сомасында, 2019 жылға 1 904 330,0 мың теңге сомасында, 2020  жылға 1 181 529,0 мың теңге сомасында қалыптастыру көзделген.   

Жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын шектеу мақсатында, 2019 жылға  халық саны 2000-нан адамнан астам  ауылдық округ әкімдерінің дербес бюджеттері бекітіледі, олардың санатына Сарыағаш қаласы, Көктерек кенті, Жемісті, Қызылжар, Дарбаза, Жібек-жолы, Құркелес, Дербісек, Ақжар, Қапланбек, Тегісшіл, Жылға және Жарты-төбе ауылдық округ әкімдіктері.

 Қала, кент және оңбір ауылдық округ бюджеттер деректері ағымдағы жылғы нақты салық түсімдерінен қалыптасты, олардың көлем құны            432 375 мың теңге және аудан бюджетінен берілетін трансферттердің сомасы 948 721,0 мың теңге, бұл ретте бюджеттің шығыс бөлігінің есептелген сомасы 6 554 011 мың теңге. Ауылдық бюджетті қамтамасыз ету деңгейін теңестіру аудандық бюджеттен бөлінген субвенция мөлшері 5 172 915 мың теңгені құрады.

2019 жылғы аудандық бюджет жирма бес ауылдық округ бюджеттер  деректерін есепке алмай әзірленген.

                                                                                                         мың.теңге

Атауы 2018 жыл (жоспар) 2019 жыл (жоспар) 2020 жыл (болжам) 2021  жыл (болдам)
Барлығы: 50 693 288 49 181 041 23 966 868 23 309 456
Өзіндік кірістер, оның ішінде: 3 527 653 2 849 503 2 969 724 3 954 591
Салықтық түсімдер 3 367 576 2 757 908 2 871 717 2 930 247
Салықтық емес түсімдер 68 910 46 655 49 921 53 415
Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 91 167 44 940 48 086 51 451
Трансферттер түсімі, оның ішінде: 47 165 635 46 331 538 20 997 144 20 274 343
    Субвенция 30 099 007 31 507 073 19 092 814 19 092 814
    Трансферттер 17 066 628 14 824 465 1 904 330 1 181 529

Салықтық түсімдерге жататындар:

Жеке табыс салығы

Әлеуметтік салық

Мүлік салығы

Жерге салық

Көлік құралдарына салық

Табиғи және басқа қорларды пайдаланғаны үшін түсімдер

Салықтық емес түсімдерге жататындар:

         Мемлекеттік меншіктен түскен табыстар

         Негізгі капиталды сатудан түскен табыстар

         Трансферттердің түсімдері

 Шығыстар

Аудандық бюджеттің 2019-2021 жылдарға арналған шығысы 2019 жылға – 49 181 041мың теңге, 2019  жылға – 23 966 868 мыңтеңге, 2020 жылға – 23 309 456мың теңге сомасында белгіленді.  

                                                                                          мың.теңге

Атауы 2018 жыл (жоспар) 2019 жыл (жоспар) 2020жыл (жоспар) 2021 жыл (жоспар)
Шығындар 50 799 475 49 181 041 23 966 868 23 309 456
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет көрсетулер 282 264 1 016 695 264 420 264 420
Қорғаныс 250 298 133 559 133 559 133 559
Білім 24 067 584  17 741 226 13 167 310 13 152 699
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету 3 873 272 2 392 010 1 412 056 1 412 056
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 4 195 330 7 300 560 1 293 766 369 436
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңестік 1 198 379 859 720 848 504 848 504
Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану 4 398 221 525 901 520 000 801 529
Ауылдық,су,орман,балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғат аумақтары, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары 528 536 244 174 243 376 243 376
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі 132 370 157 187 69 936 69 936
Көлік және коммуникация 961 167 488 774 781 982 781 982
Басқалары 118 784 93000 59 000 59 000
Борышқа қызмет көрсету 44 64 44 44
Трансферттер 10 793 226 18 228 171 5 172 915 5 172 915

 Ауданның 2019-2021 жылдарға арналған бюджетінің басым шығыстары

Әлеуметтік сала

Әлеуметтік блокқа шығыстар 3 функционалдық топтан тұрады, атап айтқанда: білім, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік, отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану.

2019 жылға әлеуметтік  салаға шығыстар тұтастай алғанда жалпы шығыс көлемінің  43  пайыз  немесе  абсолюттік мағынада  20 992 956   мың  теңге, 2019 жылға –  жалпы шығыс көлемінің 64 пайыз немесе  15 427 870 мың теңге, 2020 жылға –  жалпы шығыс көлемінің 66 пайыз  немесе        15 413 259 мың  теңгені құрайды.

Білім

«Жалпылай  оқыту» бағдарламасы бойынша аудан мектептерін ұстауға қаражат қарастырылған. Ауданда 76 мектеп жұмыс істейді, оның 68-орта мектеп, 4 – негізгі мектеп және 4 – бастауыш мектеп, штаттық саны 7762,53 бірлік, педагогтық мөлшерлемесі 4914,33.

Атауы 2019 жыл (жоспар) 2020 жыл (жоспар) 2020 жыл (жоспар)
Оқулықтарды, оқу-әдістемелік жинақтарды сатып алу және жеткізу 337 980 337 980 337 980

2019 жылға облыстық бюджеттен мақсатты трансферттер                                                                                           

  мың.теңге

                              Шаралардың атауы   Сомасы
Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобалар бойынша шығындарына төлем 37 000

«Балалар үшін қосымша білім беру»  бағдарламасы бойынша үш жылдық кезеңге шығыстар –   290 219 мың теңге : 2019 жылы – 98 851 мың теңге , 2020  жылы –  95 684 мың теңге , 2021 жылы – 95 684 мың теңгені құрайды. Шығыстар – «Сарыағаш саз мектебі» МКҚК, «Саз мектебі №3» МКҚК және «Балдаурен» балаларды сауықтыру орталығы» МКМ жұмыс істеуіне бағытталған.

Әлеуметтік қамту және әлеуметтік көмек. 

Ауданның 2019-2021 жылдарға арналған бюджетінде әлеуметтік қамту және әлеуметтік көмекке тұтастай алғанда  5 216 122  мың теңге қарастырылған  (2019 жылға –  2 392 010  мың теңге, 2020 жылға – 1 412 056 мың теңге,  2021 жылға –  1 412 056 мың теңге).

2019 -2021 жылдарға әлеуметтік қамту және әлеуметтік көмекке шығыстар

                                                                    мың.теңге

Шаралардың атауы 2019  жыл 2020 жыл 2021 жыл
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 1 474 132 919 267 919 267
Жұмыспен қамту бағдарламасы 330 386 80 610 80 610
Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринар мамандарына отын сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсету 21 099 21 099 21 099
Тұрғын үй көмегі 10 700 5 300 5 300
Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек 126 597 98 202 98 202
Үйден тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету 7 930 7 930 7 930
Мұқтаж азаматтарға үйден әлеуметтік көмек көрсету 84 922 83 319 83 319
Мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету қимылмен түсіндіретін мамандардың қызметін, мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жеке көмекшілер ұсыну 204 705 86 047 86 047
Тұрғындарды жұмыспен қамту орталықтарының қызметімен қамтамасыз ету 62 426 45 723 45 723

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік   

    2019 жылы –  859 720 мың теңге, 2020 жылы –  848 504 мың теңге,  2021

    жылы – 848 504  мың теңге қарастырылған.

2019 жылға негізгі шығындар

                                                                                                              мың.теңге

Шаралардың атауы Сомасы
Мәдени-демалыс жұмысын қолдау 209 408
Аудандық кітапханалардың жұмыс істеуі 114 007
Мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін дамыту 19 606
Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту 331 322
Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткізу 7 045  
Әртүрлі спорт түрлері бойынша аудан құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы 6 225

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында үш жылдық кезеңге 8 963 762 мың теңге қарастырылған, оның ішінде  2019  жыл – 7 300 560 мың теңге, 2020 жыл –  1 293 766 мың теңге, 2021 жыл – 369 436 мың теңге.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының 2019 -2021 жылдарға белгіленген шығындары                                                                                         

    мың.теңге

Шаралардың атауы   2019 жыл 2020 жыл 2021 жыл
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 3 904 830 174 900 174 900
Коммуналдық шаруашылық 3 365 194 1104 330 1800 000
Елді мекендердің абаттандыру және көгалдандыру 30 536 14 536 14 536

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғат аумақтары, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

Аудандық бюджет  қаражаты есебінен жалпы сомасы 244 174 мың теңге бөлінді, оның ішінде:

                                                                                                          мың.теңге

Шаралардың атауы Сомасы
Ауру малдардың санитарлық жоюын ұйымдастыру 600
Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру 7 200
Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу 1 500
Жануарлардың энзоотикалық ауруларды бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу 15 000
Ауыл шаруашылығы жануарлардың сәйкестендіру жөніндегі іс-шараларды өткізу 1 474  
Эпизоотияға қарсы шаралар өткізуге 171 000
Жер қатынастар 16 386
Мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды іске асыру 18 166

Бұдан басқа, ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін, жергілікті бюджеттен      75750  мың теңге сомасында бюджеттік несие бөлінді.

Көлік және байланыс

Көлік және байланыс саласындағы шығындар ауыл, кент, ауылдық округтер мен аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жұмыс істеуі бойынша шараларды қаржыландыруға бағытталатын болады және2019-2021 жылдарға құрайды:

                                                                    мың.теңге

Шаралардың атауы   2019 жыл 2020 жыл 2021 жыл
Көлік инфрақұрылымын дамыту 29 780 29 780 29 780
Ауыл, кент, ауылдық округтердің автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету  30 043 30 043 30 043
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету 406 580 700 100 700 100
Көлiк және коммуникациялар саласындағы басқа да қызметтер 22 371 22 059 22 059