САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

АЖАРЛАНҒАН АРЫС БІЗ БІРГЕМІЗ!

Арыс қаласы 16 секторға қарасты баспаналарды қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын. 16 секторға жауапты Қостанай облысы жəне Сарыағаш ауданының ұйымдастыруымен Арыс қаласындағы «GRAND HOOl» мейрамханасында «Ажарланған Арыс – Біз біргеміз» атты салтанатты шара өтті. Аталмыш шараға Қостанай облысының өкілдері, Арыс қаласы əкімінің орынбасары С.Дəрібай жəне маслихат хатшысы А.Байтанаев, Сарыағаш ауданы əкімінің орынбасары Б.Полатов, «Нұр Отан» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қыстаубаев, Арыс қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Маханов,16 секторға қарасты тұрғындар, ардагерлер, құрылысшылар жəне штаб мүшелері қатысты. Салтанатты шарада төтенше жағдай орын алған зардаптарды жою барысында белсенділік танытқан азаматтарға арнайы алғыс хаттармен бағалы сыйлықтар табысталып, аудандық мəдениет үйінің өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Тұрғындар атқарылған жұмыстарға өз ризашылықтарын білдірді.

(с) Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі