САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

АДАМ ҚҰҚЫҒЫ, БАЛА ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУДАН БАСТАЛАДЫ

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының жанынан құрылған   «Nur  Otаn»  партиясы жанындағы балалардың құқықтарын қорғау кеңесінің мүшесі,  М.Исказина бастаған республикалық топ  Сарыағаш ауданына іс-сапармен келді. Жұмысшы топ өңірлерде «Nur Otan» партиясы  «Бақытты отбасы» жобасын жүзеге асыру аясында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды зерделеп саралап шықты.

Республикалық кеңестің топ мүшелері жұмыс барысында Сарыағаш ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің «Әлеуметтік –психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторы, №12 Сарыағаш кәсіптік колледжі, Сарыағаш ауданы мүгедек баларды оңалту орталығы, аудандық орталық ауруханасы, сонымен қатар  бірқатар білім беру мекемелерін аралап, зерделеу жұмыстарын жүргізіп, бірнеше ұсыныстарды тыңдады.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі