DSC_8621
DSC_8616
DSC_8615
DSC_8603
DSC_4594
_DSC6077

Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 мамырда № 10937 тіркелді

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу 
қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр                                    Е.Досаев

“КЕЛІСІЛДІ”
      Қазақстан Республикасы
      инвестициялар және даму министрі
      _______________ Ә.Исекешев
      2015 жылғы 21 сәуір

Қазақстан Республикасы
ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 5 мамырдағы
№ 290 бұйрығымен бекітілген

Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату
жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның
ішінде электронды түрде ұйымдастыру және өткізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электронды түрде ұйымдастыру және өткізу қағидалары 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабының 6-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Жер кодексі) әзірленді және мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аукцион – сауда-саттыққа қатысушылардың арасындағы ашық бәсекелестікті қамтамасыз ететін жеке және заңды тұлғаларға объектіні сатуға бағытталған сауда-саттықты өткізу нысаны;
2) аукционшы – аукцион өткізетін адам;
3) бастапқы баға – әрбір сауда-саттық объектісі бойынша сауда-саттық конкурстар, аукциондар) басталатын баға;
4) екінші сатып алушы – мөлшері жағынан екінші бағаны атаған қатысушы;
5) ең төменгі баға – объектіні бұдан төмен бағаға сатуға болмайтын баға;
Сауда-саттықтағы (конкурстардағы, аукциондардағы) объектінің ең төменгі бағасы Жер кодексінің 
14-1 және 153-баптарында белгіленген мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорын белгілеген және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы құзыреттері шегінде бекіткен кадастрлық (бағалау) құнынан төмен емес белгіленеді;
6) конкурс – пайдаланудың неғұрлым қолайлы жағдайларын ұсынған жеке және заңды тұлғаларға сауда-саттық объектісін бес жылға дейін бөліп төлеп сатуға бағытталған сауда-саттықты өткізу нысаны;
7) қатысушы – сауда-саттыққа қатысу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген жеке немесе заңды тұлға;
8) құжаттың электрондық көшірмесі – өтінім берушінің немесе аталған құжатты куәландыру өкілеттіктеріне не адамның электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған, түпнұсқа құжаттың түрін және ондағы ақпаратты (деректерді) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжат;
9) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі – лицензиялауды, сәйкестендіру нөмірін бере отырып, рұқсат алу бөлігінде рұқсат беру рәсімдерін электрондық түрде жүзеге асыруға, өтініш берушінің хабарлама жіберуіне және осы процестерді қамтамасыз етуге арналған, «электрондық үкіметтің» құрамдауышы болып табылатын ақпараттық жүйе;
10) сауда-саттық – сауда-саттық объектілерін сатудың аукциондық немесе конкурстық нысаны;
11) сауда-саттық объектісі – жер учаскесін жалдау құқығы немесе жеке меншік құқығы;
12) сауда-саттықтың ағылшындық әдісі – бастапқы баға алдын ала хабарланған қадаммен неғұрлым жоғары баға ұсынған бір қатысушы қалған сәтке дейін көтерілетін сауда-саттық әдісі;
13) сауда-саттықтың голландтық әдісі – бастапқы баға хабарланған қадаммен хабарланған баға бойынша қатысушылардың бірі объектіні сатып алуға келіскен сәтке дейін төмендейтін сауда-саттық әдісі;
14) сатушы – Жер кодексінің 
48-бабында белгіленген олардың құзыреті шегінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы;
15) сатып алу-сату шарты – осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сатудың үлгі шарты;
16) сатып алушы – сатушымен сатып алу-сату шартын жасасқан сауда-саттықтың (конкурстың, аукционның) жеңімпазы;
17) уәкілетті орган – Жер кодексінің 
14-1-бабында олардың белгіленген құзыреті шегінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы;
18) ұйымдастырушы – меншік иесі немесе шарттың негізінде ол белгілеген, объектіні сату жөніндегі сауда-саттықты дайындауды және өткізуді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйым.
3. Сатушының функциялары мыналар болып табылады:
1) нақты сауда-саттық объектілерін анықтау;
2) сауда-саттық өткізу нысанын, сондай-ақ аукциондық сату нысаны кезінде сауда-саттықты өткізу әдісін анықтау;
3) сауда-саттыққа шығарылатын сауда-саттық объектісінің бастапқы және ең төменгі бағасын, кепілдік жарналардың мөлшерін бекіту;
4) ұйымдастырушымен сауда-саттықты ұйымдастыруға және өткізуге шарт жасасу;
5) жеңімпазбен сауда-саттық объектісін сатып алу-сату шартын жасасу;
6) сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу барысына бақылауды жүзеге асыру;
7) қатысушылармен, жеңімпаздармен және ұйымдастырушымен есеп айырысуды жүзеге асыру.
4. Сатушы сауда-саттық объектісін сату жөніндегі сауда-саттықты дербес ұйымдастырады және өткізеді, не мамандандырылған ұйымдармен оларды ұйымдастыруға және өткізуге арналған шарт жасасады.
5. Сауда-саттық объектісін сату жөніндегі сауда-саттықты ұйымдастыруға және өткізуге арналған шарт сатушы мен ұйымдастырушы арасында жасалады және онда:
1) сауда-саттыққа қойылатын объектілердің тізімі;
2) сауда-саттықты өткізу мерзімі;
3) сауда-саттықты өткізу нысаны;
4) сауда-саттықтың әрбір объектісі бойынша аукциондық сату түріндегі сауда-саттықтың өткізілу әдісі;
5) ұйымдастырушыға берілетін әрбір сауда-саттық объектісі бойынша құжаттардың тізбесі;
6) сауда-саттыққа дайындық және оны өткізу барысы туралы ұйымдастырушы есептілігінің кезеңділігі мен нысаны;
7) тараптардың өзара міндеттері мен мүліктік жауапкершілігі;
8) ұйымдастырушының сыйақы мөлшері мен төлем тәртібі;
9) шарттың қолданылу мерзімі мен оны бұзу шарттары;
10) тараптардың шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігін қамтиды.
6. Ұйымдастырушы сыйақысының мөлшері әрбір сатылған объектінің сату бағасының бес пайызынан аспайды және сатушы қаражатының есебінен төленеді.
7. Осы Қағидалардың 
262745 және 52-тармақтарында белгіленген тәртіппен тіркеуден өткен Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына сауда-саттыққа қатысуға жол беріледі.
Шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар, егер сауда-саттыққа шығарылатын объектілер 
Жер кодексіне сәйкес көрсетілген тұлғалардың жеке меншік құқығында немесе жалдау құқығында бола алмайтын болса, сауда-саттыққа қатыса алмайды.
8. Сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) қатысуға жіберілмейді:
1) мемлекеттік заңды тұлғалар;
2) сауда-саттықты ұйымдастырушы;
3) аукционшы;
4) жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған адамдардың тізілімінде тіркеген тұлғалар.
9. Егер сауда-саттық объектілері бірінші сауда-саттықта (аукциондарда, конкурстарда) сатылмаса, олар екінші және келесі сауда-саттықтарға шығарылады.
10. Сауда-саттықты ұйымдастырушы әрбір сауда-саттық объектісі бойынша сауда-саттық (аукцион, конкурс) басталар алдында сауда-саттыққа қатысушылардың санын есепке алады.
11. Егер сауда-саттық объектісі бойынша қатысушылардың саны екіден кем болса, үшінші және келесі сауда-саттықтарды қоспағанда, сауда-саттық өтпеді деп жарияланады. Үшінші және келесі сауда-саттықтарда, сауда-саттық объектісі бойынша қатысушылардың саны екіден кем жағдайда, осы сауда-саттықтарды өткізу сауда-саттықтың ағылшындық әдісімен өткізіледі және сауда-саттық объектісі жалғыз қатысушыға сатылады.
12. Сауда-саттық (аукциондар, конкурстар) нәтижелерін жарамсыз деп тану туралы даулар сот тәртібімен қаралады.
13. Электрондық нысанда сауда-саттыққа қатысу үшін өтініш беру «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңының 52-бабының 
3-тармағына сәйкес рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі.
14. Сауда-саттықтың нәтижелері бойынша жеңімпаз бен сатушы арасында осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес сатып алу-сату шарты жасалады.
Жер учаскесін сатып алу-сату шарты мен сауда-саттық объектісін сатып алу бағасын төлеу туралы құжат жер учаскесіне арналған 
сәйкестендіру құжатын беру үшін негіз болып табылады.

2. Сауда-саттықтың аукциондық нысаны және аукцион өткізуге дайындық

15. Аукционды өткізуге дайындық мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) аукционға шығарылатын сауда-саттық объектілерін тізімі белгіленеді;
2) әрбір сауда-саттық объектісін сату әдісі белгіленеді;
3) әрбір сауда-саттық объектісінің бастапқы және ең төменгі бағасы белгіленеді;
4) кепілдік жарнаның мөлшері және оны енгізу тәртібі белгіленеді;
5) аукцион өткізу күні белгіленеді;
6) аукцион өткізу туралы хабарлама жарияланады.
16. Сауда-саттық объектісінің бастапқы бағасы Жер кодексінің 10-бабына сәйкес есептелген жер учаскесін (жер учаскесін жалдау құқығын) бағалау құнынан төмен емес болып белгіленеді.
17. Бастапқы баға сауда-саттық әдісіне қарай белгіленеді:
1) ағылшындық сауда-саттық әдісі кезінде бастапқы баға ең төменгі бағаға тең болады;
2) голландтық сауда-саттық әдісі кезінде бастапқы баға ең төменгіден кемінде жүз рет асып түседі.
18. Ең төменгі баға аукцион өткізу туралы хабарламада көрсетіледі.
19. Аукционға қатысу үшін кепілдік жарна сауда-саттық объектісінің ең төменгі бағасының бес пайызын құрайды. Бұл ретте, кепілдік жарна әрбір сауда-саттық объектісі бойынша бөлек енгізіледі.
20. Аукционда жеңіп шыққан жағдайда кепілдік жарна қатысушының мынадай міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылады:
1) аукционның нәтижелері туралы хаттамаға қол қою;
2) аукционның нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес сатып алу-сату шартын жасасу;
3) сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындау.
21. Кепілдік жарна аукцион өткізу туралы хабарламада белгіленген тәртіппен енгізіледі.
22. Аукционды жеңіп шыққан және сатып алу-сату шартын жасасқан адамның кепілдік жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша тиесілі төлемдердің есебіне жазылады.
23. Сатушы кепілдік жарнаны мынадай жағдайларда:
1) қатысушыларды тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін аукционға қатысудан бас тартса;
2) осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген міндеттемелерді орындаудан бас тартқанда қайтармайды.
Басқа жағдайлардың барлығында кепілдік жарналар осы қатысушының деректемелері көрсетілген, кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініш берген күннен бастап бес банктік күннен аспайтын мерзімде қайтарылады.
24. Сауда-саттықты ұйымдастырушы аукционға қойылатын жер учаскесі туралы мәліметтерді қамтитын аукцион өткізу туралы хабарлама жасайды және оны аукцион өткізудің жарияланған күнінен бұрын он бес күннен кешіктірмей мерзімді баспасөз басылымында, сатушының ресми интернет-ресурсында және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде жариялайды.
25. Аукцион өткізу туралы хабарлама:
1) аукцион өткізілетін күнді, уақытты, орын мен оның өткізу шарттарын;
2) учаскенің мекенжайы мен орналасқан жерін, оның алаңын және жер учаскесін сату шарттарын;
3) иеліктен алынатын құқықтың (меншік құқығының немесе жер учаскесін жалдау құқығының) түрін;
4) жер учаскесіне барлық ауырпалықтар (шектеулер) тізбесін;
5) жер салығының немесе жалдау ақысының мөлшерін;
6) қатысушы сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінімге қоса ұсынатын құжаттардың тізбесін;
7) сауда-саттық объектісінің бастапқы бағасын, сатып алу бағасын төлеу тәртібін;
8) кепілдік жарнаның сомасын және оны енгізу тәртібін;
9) аукционға қатысу үшін өтінім қабылдау орнын, мерзімін және нысанын қамтуға тиіс.
26. Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. Өтінімдерді қабылдау және тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін түскен өтінімдер қаралмайды.
27. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттарды беру қажет:
жеке тұлғалар үшін:
1) мәліметтер түрінде нысанында жер учаскесіне меншік құқығын (жалдау) сату жөніндегі аукционға қатысуға өтінім;
2) сауда-саттыққа қатысушы кепілдік жарнаны «электронды үкімет» төлем шлюзы арқылы төлеген жағдайды қоспағанда, кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжаты;
3) өкілдің өкілеттілігін куәландыратын 
құжат;
заңды тұлғалар үшін:
1) мәліметтер түрінде жер учаскесіне меншік құқығын (жалдау) сату жөніндегі аукционға қатысуға өтінім;
2) сауда-саттыққа қатысушы кепілдік жарнаны «электронды үкімет» төлем шлюзы арқылы төлеген жағдайды қоспағанда, кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжаты;
3) өкілдің өкілеттілігін куәландыратын құжат.
Көшірмелердің дұрыстығын растау үшін салыстырып тексеру үшін түп нұсқалар ұсынылады.
Электрондық өтініш берілген жағдайда, осы тармақтың жеке және заңды тұлғалар үшін 2), 3) тармақшаларында тізбеленген құжаттар құжаттың электрондық көшірмелері нысанында беріледі.
Жеке басты куәландыратын, кәсіпкерлік субъектісі ретінде мемлекеттік тіркелгені, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжат бойынша мәліметтерді ұйымдастырушы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электронды үкімет» шлюзы арқылы алады.
Аукционға қатысу туралы өтінішті қабылдаудан бас тартқан жағдайда, ұйымдастырушы жазбаша не рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы өтініш берушіге бас тартудың себебін түсіндіріп, өтініш түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде хабарлайды.
28. Аукционға қатысу туралы өтінішті қабылдаудан бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) осы Қағидалардың 27-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбау;
2) осы Қағидалардың 7, 8-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келмеу.
29. Қатысушы ретінде тіркеу үшін осы Қағидалардың 27-тармақтарында көрсетілген құжаттардан басқа қосымша құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
30. Өтінімі тіркелген адам аукцион өткізілетін күні аукциондық нөмірге алмастырылатын қатысушы билетін алады.
Сауда-саттық процесінде аукциондық нөмірді басқа адамның пайдалануына тыйым салынады.

3. Аукционды өткізу

31. Аукционды аукционшы өткізеді.
32. Әрбір сауда-саттық объектісі бойынша аукцион аукционшының өз атауын, қысқаша сипаттамасын, аукционды өткізу әдісін, бастапқы баға мен бағалардың өзгеру қадамын хабарлауынан басталады.
Аукционшы сауда-саттық процесінде қадамдардың өзгеруі туралы хабарлайды. Бұл ретте, қадам объектінің ағымдағы бағасының бестен он пайызына дейінгі шектерде өзгереді.
33. Аукцион төменде баяндалған екі әдістің біреуі бойынша өткізіледі:
1) ағылшындық әдіс – аукционшы объектінің бастапқы бағасы мен бағаның ұлғаю қадамын хабарлайды. Сауда-саттыққа қатысушылардың нөмірді көтеруі бастапқы бағаны өсіреді, бірақ ол хабарланған қадамнан кем болмауы керек.
Қолайлы болуы үшін аукционшы объект бағасын осы қадамның жартысынан аспайтын шамаға дейін дөңгелектейді. Аукционшы объект бойынша аукционға қатысушылардың аукциондық нөмірлерді хабарлайды, бағаны бекітеді және оны өсіруді ұсынады. Аукционшы объект үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушыны хабарлайды. Аукционшы объектінің соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балға соғу арқылы аталған объектінің сатылғаны туралы хабарлайды.
Сауда-саттық жеңімпазы анықталғаннан кейін сатушы сауда-саттық өткізу рәсімдерін сондай-ақ сатып алу-сату шартын жасасу және оның талаптарын орындау жөніндегі тиісті міндеттерді орындамаған жағдайда, сатушы сауда-саттықта осы объект үшін шамасына қарай екінші баға берген «қатысушыға (екінші сатып алушы) объектіні сатып алу құқығын береді;
2) голландтық әдіс – аукциондық объектінің бастапқы бағасын хабарлайды және оны жаңа бағаны хабарлай отырып мәлімделген қадаммен төмендетеді.
Аукционшы баға хабарланған кезде аукциондық нөмірді бірінші көтерген қатысушының нөмірін атайды және балға соғу арқылы оны аукционда жеңіп шыққан адам деп жариялайды.
Егер екі немесе одан көп нөмір бір мезгілде көтерілген жағдайда, нөмірді бірінші көтерген адам туралы шешімді аукционшы қабылдайды.
Егер бастапқы баға хабарланған сәтте ұсынылған бағамен келісетін екі және одан да көп қатысушы болған жағдайда, аукционшы жеңімпаз анықталған сәтке дейін бағаны тіркелген қадам шамасына көтере бастайды.
Егер аукционшы объектінің ең төмен бағасын хабарлаған кезде қатысушылардың бірде-біреуі аталған объектіні сатып алуға тілек білдірмесе, онда объект аукционнан алынады.
34. Әрбір сатылған сауда-саттық объектісі бойынша аукцион нәтижелері, аукцион өткізілген күні жеңімпаз бен екінші сатып алушы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
Хаттама сатушы, жеңімпаз және екінші сатып алушы үшін бір-бір данадан үш дана етіп жасалады.
35. Жер учаскесін беру немесе жер учаскесін жалдау құқығы туралы жергілікті атқарушы органның шешімі аукцион аяқталғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданады.
36. Сауда-саттық объектісін сатып алу-сату шарты жергілікті атқарушы органның шешімі қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жасалады.
37. Егер сауда-саттық объектісі бірінші аукционда сатылмаса, ол келесі аукциондарға шығарылады.
38. Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысу сатушы мен сатып алушы арасында жүргізіледі, бұл ретте, сатып алушы есеп айырысуды мынадай тәртіппен жүргізеді:
1) аванстық төлем аукцион барысында белгіленген бағаның елу пайызы мөлшерінде сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап банктік бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде енгізіледі. Кепілдік жарна тиесілі аванстық төлемнің шотына есептеледі;
2) қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей енгізіледі.

4. Сауда-саттықтың конкурстық нысаны, конкурсты өткізуге
дайындық

39. Конкурсты дайындау және өткізу үшін сатушы конкурстық комиссия құрады.
Конкурстық комиссияның мүшелері конкурстық комиссияның төрағасы және басқа конкурстық комиссияның мүшелері болып табылады (жер қатынастары жөніндегі, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органдардың және баска да мүдделі мемлекеттік органдар).
Конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауға және кемінде бес адам болуға тиіс.
Конкурстық комиссияның төрағасы болып облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының әкімінің орынбасарынан төмен емес лауазымды адам айқындалады.
Хатшы конкурстық комиссия мүшесі болып табылмайды.
40. Комиссия сауда-саттық объектісінің бастапқы бағасын, сатып алу бағасын төлеу тәртібін және мерзімін, конкурс қорытындыларын шығару күнін белгілейді, сондай-ақ, конкурс өткізеді және жеңімпазды жариялайды.
41. Сатушы конкурсқа шығарылатын сауда-саттық объектісінің конкурстық құжаттамасын қалыптастырады және бекітеді, онда:
1) конкурс өткізу шарттары мен тәртібі туралы ақпарат;
2) сатып алу-сату шартының жобасы;
3) жер учаскесін пайдалану шарттары бойынша критерийлер;
4) сауда-саттық объектісін беру шарттары, оның нысаналы мақсаты мен бастапқы бағасы;
5) жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу үшін қажетті мүдделі органдармен келісілген сәулет-жобалау тапсырмасы;
6) инженерлік коммуникацияларға қосылуға арналған мүдделі ұйымдармен келісілген алдын ала техникалық шарттар болады.
42. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мерзімді баспасөз басылымында, сатушының ресми интернет-ресурсында және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде конкурс қорытындылары шығарылған күн жарияланғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жарияланады.
Конкурс өткізу туралы хабарламада:
1) конкурсқа қатысу тәртібі;
2) жер учаскесі орналасқан орын, алаңы, нысаналы мақсаты;
3) бастапқы баға;
4) кепілдік жарнаның мөлшері мен енгізу тәртібі;
5) қатысушылардың конверттерін ашу және конкурс қорытындыларын шығару жөніндегі комиссиялардың отырысы өтетін күні, уақыты және орны;
6) конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі;
7) өтінімнің нысаны;
8) жер учаскесінің бағасы және оны пайдалану жөніндегі ұсыныстарды беру мерзімі қамтылады.
43. Конкурсқа қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттарды беру қажет:
жеке тұлғалар үшін:
1) мәліметтер түрінде жер учаскесіне меншік құқығын (жалдау) сату жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім;
2) сауда-саттыққа қатысушы кепілдік жарнаны «электронды үкімет» төлем шлюзы арқылы төлеген жағдайды қоспағанда, кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжаты;
3) өкілдің өкілеттілігін куәландыратын 
құжат;
заңды тұлғалар үшін:
1) мәліметтер түрінде жер учаскесіне меншік құқығын (жалдау) сату жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім;
2) сауда-саттыққа қатысушы кепілдік жарнаны «электронды үкімет» төлем шлюзы арқылы төлеген жағдайды қоспағанда, кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжаты;
3) өкілдің өкілеттілігін куәландыратын құжат.
Көшірмелердің дұрыстығын растау үшін салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар ұсынылады.
Электрондық өтініш берілген жағдайда, осы тармақтың жеке және заңды тұлғалар үшін 2), 3) тармақшаларында тізбеленген құжаттар құжаттың электрондық көшірмелері нысанында беріледі.
Жеке басты куәландыратын, жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелу, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжат жөніндегі мәліметтерді ұйымдастырушы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электронды үкімет» шлюзы арқылы алады.
Конкурсқа қатысу туралы өтінішті қабылдаудан бас тартқан жағдайда, ұйымдастырушы жазбаша не рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы өтініш берушіге бас тартудың себебін түсіндіріп, өтініш түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде хабарлайды.
44. Конкурсқа қатысу туралы өтінішті қабылдаудан бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) осы Қағидалардың 45-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбау;
2) осы Қағидалардың 7, 8-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келмеу.
45. Конкурсқа қатысу үшін кепілдік жарна сауда-саттық объектісінің бастапқы бағасының бес пайызын құрайды. Бұл ретте, кепілдік жарна сауда-саттық объектілерінің әрқайсысы бойынша жеке енгізіледі.
46. Конкурста жеңген жағдайда кепілдік жарна қатысушының мынадай міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылады:
1) конкурс нәтижелері туралы хаттамаға қол қою;
2) конкурс нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес сатып алу-сату шартын жасасу;
3) сату-сатып алу шарты бойынша міндеттемелерді орындау.
47. Кепілдік жарна конкурсты енгізу туралы хабарламада белгіленген тәртіппен енгізіледі.
48. Конкурсты жеңіп алған жене сатып алу-сату шартын жасасқан тұлғаның кепілдік жарнасы тиесілі төлемдер шотына есептеледі.
49. Сатушы кепілдік жарнаны мынадай жағдайларда:
1) аукцион өткізуге дейін үш күннен аз уақыт қалғанда оған қатысудан бас тартса;
2) осы Қағидалардың 48-тармағында көзделген міндеттемелерді орындаудан бас тартқанда қайтармайды.
Басқа жағдайлардың барлығында кепілдік жарналар осы қатысушының деректемелері көрсетіліп, кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініш берген күннен бастап бес банктік күннен аспайтын мерзімде қайтарылады.

5. Конкурсқа қатысу шарттары

50. Конкурс өткізу туралы хабарландыруда белгіленген мерзімнен кешіктірмей конкурсқа қатысуға өтінім ресімдеген және осы Қағидалардың 45-тармағында көзделген міндетті құжаттардың тізбесін ұсынған жеке және заңды тұлғалар конкурсқа қатысуға жіберіледі.
Конкурсқа қатысушыларды тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және конкурс өткізуден үш күн бұрын аяқталады.
51. Конкурсқа қатысушылар конкурстық құжаттаманың көшірмесін қол қойып алады.
52. Конкурсқа қатысуға өтінім бергеннен кейін өтінім беруші конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде жер учаскесінің бағасы және оны пайдалану жөніндегі жеке конвертте мөрленген ұсыныстарды береді.
53. Конкурсқа қатысуға өтінім берген адамдар туралы мәліметтер жариялауға жатпайды.
54. Конкурсқа қатысушының конкурсқа қатысу туралы өзінің өтінішін конкурс өткізудің белгіленген мерзіміне дейін үш күн бұрын, бұл туралы сатушыға жазбаша хабарлай отырып, қайтарып алуға құқығы бар.

6. Конкурсқа қатысушылардың ұсыныстарын қарау тәртібі

55. Конкурс өткізу туралы хабарламада белгіленген уақытта комиссия конкурсқа қатысушылардың қатысуымен келіп түскен ұсыныстар бар конвертті ашады, барлық белгіленген талаптардың сақталуын тексереді, қажетті мәліметтер мен құжаттардың болуын анықтайды, келіп түскен ұсыныстарды жария етеді.
Конкурстың жеңімпазын дауыс беру нәтижесінде көпшілік дауыспен Комиссия мүшелері анықтайды.
Дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасының, даусы шешуші болып табылады.
56. Егер екі немесе одан көп қатысушылардың бағасы бойынша ұсыныстар бірдей және ең жоғары болған жағдайда, жер учаскесін пайдалану жөніндегі ұсынылған ең қолайлы жағдай бойынша жеңімпаз анықталады.
57. Комиссия отырысының нәтижелері бойынша мынадай ақпаратты қамтитын хаттама жасалады:
1) отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің тізімі;
2) конкурсқа қатысушылар мен олардың ұсыныстары туралы мәліметтер;
3) конкурс жеңімпазы;
4) сауда-саттық объектісін сатып алу бағасы, жеңімпазды анықтауға негіз болған қосымша жағдайлар.
58. Отырысқа қатысқан комиссияның барлық мүшелері хаттамаға қол қояды.
Конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспасөз басылымында, сатушының ресми интернет-ресурсында және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде конкурстың қорытындылары жарияланады.
59. Хаттаманың негізінде жергілікті атқарушы орган конкурс аяқталғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын беру туралы шешім қабылдайды.
60. Сауда-саттық объектісін сатып алу-сату шарты жергілікті атқарушы орган шешім қабылдаған күннен бастан бір жұмыс күн ішінде жасалады.

Жер учаскесін немесе жер
учаскесін жалдау құқығын сату
жөніндегі сауда-саттықты
(конкурстарды, аукциондарды),
оның ішінде электронды түрде
ұйымдастыру және өткізу
қағидаларына қосымша   

Нысан

Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын
сатып алу-сатудың үлгі шарты

________________ қаласы, (кент, село) 20________ жылғы ______ № _____
Біз бұдан әрі «Сатушы» деп аталатын
_______________________________________________________ бір тараптан,
(сатушының атауы) және бұдан әрі «Сатып алушы» деп аталатын
____________________________________________________ екінші тараптан,
(сатып алушының атауы) төменде қол қоюшылар төмендегілер туралы осы Шартты жасастық

1. Шарттың мәні

1. Сатушы Шартқа қоса беріліп отырған жер учаскесі жоспарының шекарасындағы жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатады, ал Сатып алушы сатып алады.
2. Жер учаскесінің орналасқан жері мен оның деректері:
Кадастрлық нөмірі (коды) ______________________________________
Алаңы ___ га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары мың _____ га
(егістік ____ га, көп жылдық екпе шөптер _____ га, шабындықтар __ га,
жайылымға).
3. Нысаналы максаты ___________________________________________
Пайдаланудағы шектеулер және ауыртпалықтар __________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Бөлінуі және бөлінбеуі _____________________________________

2. Жер учаскесінің немесе жер учаскесін жалдау
құқығының бағасы

5. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорын белгілеген және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы бекітілген жер учаскесінің немесе жер учаскесін жалдау құқығының бағалық құны
___________________________________________________________ құрайды.
(сомасы санмен және жазбаша)
6. Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу бағасы сауда-саттық (конкурстың, аукционның) қорытындысы бойынша белгіленген және
_________________________________________ теңгеге тең және Сатыпалушы
(сомасы санмен және жазбаша) төлеуге тиіс.

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

7. Сатып алушының: ____________________________________________
_____________________________________________________________________
_________________________________________________________ құқығы бар.
8. Сатушының: _________________________________________________
_____________________________________________________________________
_________________________________________________________ құқығы бар.
_____________________________________________________________________
9. Сатып алушы: _______________________________________________
1) Сатушыға жер учаскесінің құнын немесе тұрақты жер пайдалану
құқығын _______________________ 20______ жылғы дейін төлеуге;
(төлем нысаны)      (күні, айы)
______________________________ объектіні бес жыл ішінде пайдалануға;
2) Шарттың талаптарын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес белгіленген жер учаскесін пайдаланудағы құқықтарды
шектеуді және олардың ауыртпалықтарын сақтауға міндеттенеді.
10. Сатушы: ___________________________________________________
1) шарт талаптарына сәйкес жер учаскесін немесе жер учаскесін
жалдау құқығын беруге;
2) жер учаскесіне құқықтарды шектеулердегі барлық
ауыртпалықтар туралы Сатып алушыны хабардар етуге
міндеттенеді.

4. Тараптардың жауапкершілі

11. Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына
сәйкес Шарт талаптарын орындамағаны не тиесілі орындамағаны үшін
жауапты болады.

5. Дауларды қарау тәртібі

12. Келіссөздер жолымен шешуге болмайтын Шарттан туындайтын барлық келіспеушіліктер сот тәртібімен қаралады.

6. Шарттың қолданылуы

13. Шарт оны мемлекеттік тіркеген күннен бастап күшіне енеді.
14. Шарт екі данада жасалады, оның бірі Сатып алушыға, екіншісі Сатушыға беріледі.

7. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері:

Сатушы                                  Сатып алушы
____________________________            _____________________________
Мекенжайы __________________            Мекенжайы ___________________
Есеп шоты __________________            Есеп шоты ___________________
____________________________            _____________________________
____________________________            _____________________________
(қолы)                                     (қолы)

Мөр орны                                 Мөр орны
(болған жағдайда)

 

EGOV

QAMQOR

АСТАНАҒА 20 ЖЫЛ

АУДАН ТУРАЛЫ

БАҚ

ЖОЛДАУ

ҚАУІПСІЗ АУДАН

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ТҚК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

СІЛТЕМЕЛЕР

СІЛТЕМЕЛЕР

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР