DSC_8621
DSC_8616
DSC_8615
DSC_8603
DSC_4594
_DSC6077

АУДАНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ «АДАЛ ЖОЛ» АТАУЫМЕН МАРАФОН БАСТАУ АЛДЫ !!!

2018 жылдың 02 мамыр күні ауданымызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен, аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен эстафета қағидатына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол» атауымен марафон бастау алды.
Аталған марафон бірінші Шардара ауданында, содан соң Мақтаарал ауданында өткізіліп, 27 сәуір күні Сарыағаш ауданынан
 барған делегация эстафетаны, яғни арнайы әзірленген «Адал жол» кітабын қабылдап алған болатын. 15 мамырда бізден Қазығұрт ауданы келіп эстафетаны қабылдап алады.
Осыған байланысты, ауданымызда іс-шаралар жоспары бекітілген. Өткізілетін іс-шаралар түрлі форматта (конкурс, семинар, дебат, КВН, флеш-моб, автокеруен, лекция, кездесу, спорттық іс-шара және т.б.) 2018 жылдың 02-15 мамыр аралығында өтеді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша Департаментімен «Адал жол» кітабы әзірленген.
Марафонға қатысушы аудан «Адал жол» кітабын өткізілген іс-шараларын аяқтау барысында тілектер жазып және фотосуреттермен толықтырып салтанатты түрде эстафета ұсынылатын келесі ауданға береді.
Барлық аудан, қалаларда өткізілген Марафонның нәтижесімен үздіктер анықталатын болады. 
Марафонның жеңімпаздарын Департамент жанынан құрылған комиссия анықтайды.
Жеңімпаздарды дипломдармен марапаттау облыстық форумда салтанатты жағдайда өтеді. 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонның негізгі мақсаттары: 
1. Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын насихаттау; 
2. Облыс халқының құқықтық мәдениетін қалыптастыру, оның ішінде жастардың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін жылжыту; 
3. Жастарды рухани-адамгершілікке және жоғары моральдық-этикалық нормалар мен құндылықтарға тәрбиелеу, адал бәсекелестік қағидаттарын жылжыту және Отанымыздың игілігі үшін адал қызмет етуге шақыру;
4. Бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру үдерісіне тарту және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру; 
5. Департаменттің оң имиджін қалыптастыру, қоғамның мемлекеттік билік институтына деген сенімін арттыру

EGOV

QAMQOR

АСТАНАҒА 20 ЖЫЛ

АУДАН ТУРАЛЫ

БАҚ

ЖОЛДАУ

ҚАУІПСІЗ АУДАН

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ТҚК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

СІЛТЕМЕЛЕР

СІЛТЕМЕЛЕР

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР