DSC_8621
DSC_8616
DSC_8615
DSC_8603
DSC_4594
_DSC6077

ҰСТАЗ ҰЛАҒАТТЫҢ БАСТАУЫ

Сарыағаш аудан әкімінің орынбасары Алмат Сағынтайұлы Суюбаев 2017-2018 жылдары нәтижелі жұмыс атқарған мұғалімдердің төл мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. «Өзінің ісімен, сөзімен егемен еліміздің болашағын ойлайтын, тәуелсіздігін қорғайтын білімді ұрпақтың тәлімгерлері сіздерсіздер! Ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет етіп келе жатқан мұғалімдердің ата-анадан кейінгі атқарар ролі ерекше. Дарынды, талантты жастарымыз Президентіміздің салиқалы саясатының нәтижесінде әлемнің әр қиырында білім алуда. Білім беру жүйесі әлемдік стандарттарға сай дамуда. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында осы саланы дамытудың нақты мақсаттары белгіленді. Сарыағаш ауданында да бұл орайда ауқымды жұмыстар атқарылуда» – деді аудан әкімінің орынбасары. Шара барысында өз мамандығының шебері ауданның 24 мұғалімі ҚР Білім және ғылым министрінің «Алғыс хаты», «Құрмет грамотасымен», облыстық білім басқармасы басшысының «Құрмет грамотасымен» және аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Мерейлері үстем болған мұғалімдер еңбектерінің жанғанына шаттанып, жаңа күш-қуат алды.

EGOV

QAMQOR

АСТАНАҒА 20 ЖЫЛ

АУДАН ТУРАЛЫ

БАҚ

ЖОЛДАУ

ҚАУІПСІЗ АУДАН

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ТҚК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

СІЛТЕМЕЛЕР

СІЛТЕМЕЛЕР

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР