DSC_8621
DSC_8616
DSC_8615
DSC_8603
DSC_4594
_DSC6077

Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2017 жылы 12 айда атқарылған жұмыстары туралы есебі

Жол саласы бойынша

Аудан аумағында жалпыға ортақ пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы 863,5 шақырым және елді мекендердегі ішкі көшелердің ұзындығы 1439,5 шақырым болып, жалпы автомобиль жолының ұзындағы 2303 шақырымды құрайды.

Оның ішінде:

– Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 128 шақырым;

– Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 503 шақырым;

– Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 232,5 шақырым. Оның 155,3 шақырымы орта және ағымдағы жөндеуден өткен, яғни бүгінгі күнге аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 65,2% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда

– Елді мекендердегі ішкі жолдардың (көшелер) ұзындығы 1439,5 шақырым. Оның 475,2 шақырымы орта және ағымдағы жөндеуден өткен, яғни ішкі көшелердің 37,8% қанағаттанарлық жағдайда.

2017 жылға 61 көшені орта және ағымдағы жөндеуге ұсынылып, жергілікті бюджеттен 724 663,15 мың теңге қаржы қарастырылып, өткізілген мемлекеттік сатып алудың электрондық конкурсының нәтижесі бойынша 602 734,7 мың теңгеге келісім шарттар түзіліп жалпы соммадан 121 928,44 мың теңгеге қаржы үнемделді.

Үнемделген 96 040,2 мың теңгеге қосымша 10 көшенің орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жалпы соммадан 25 685,3 мың теңге қаржы үнемделді. Бүгінгі күнге мердігер мекемелердің жол жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес толық аяқталған.

Сонымен қатар Абай ауылының ішкі көшелерінің көркейту мақсатында аудандық бюджеттен 140 467,9 мың теңге қаржы бөлініп Асан қайғы, Сәтбаев және Жамбыл көшелеріне 2017-2018 жылдары өтпелі кезеңмен көшенің орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сарыағаш ауданы бойынша 2017 жылға аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстауға, жолдың шұнқырларын жамау, жол белгілерін орнату, ауыстыру, жолдың жүріс бөлігінде жолақтар сызу, жиектерін тегістеу, қыс мезгілінде жолдарды күтіп ұстау жұмыстарын жүргізуге аудандық бюжеттен 36 136,85 мың қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алудың қортындысы бойынша 27 978,16 мың теңгеге «СБМ и Компания» ЖШС-і келісім шарт түзіліп 8158,85 мың теңге қаржы үнемделді.

Облыстық бюджеттен КХSG-29 «Әлімтау-Тасқұдық-Көктал» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 14 шақырымын 2017-2018 жылдарға өтпелі кезеңмен облыстық бюджет есебінен 173 000,0 мың теңгеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Өткізілген мемлекеттік сатып алудың электрондық конкурсының нәтижесі бойынша 133043,924 мың теңгеге «БАЗИС-К» ЖШС- сі мекемесімен келісім шарт түзіліп, бүгінгі күнге «Әлімтау-Тасқұдық-Көктал» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 4 шақырымы орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіліп 39790,71 мың тенге қаржысы игерілді.

І. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары.

Республикалық маңызы бар А-15 «Жызақ-Жетісай-Сарыағаш-Жібек жолы» автомобиль жолының Қонысбаев кедендік бекетіне баратын 0-14 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарына ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті арқылы 428,0 млн.теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күнге жеңімпаз мердігер тарапынан орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар осы жолда орналасқан Келес өзенінен өтетін көпірге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаты мемлекеттік сараптамадан қорытынды алынған, сметалық құны 186,0 млн. теңге өтпелі кезеңмен 2017 жылы басталып 2018 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

ІІ. Облыстық маңызы бар автомобиль жолдары.

Біртілек ауылдық округіндегі облыстық маңызы бар автомобиль жолдарындағы КХ-22 “КХ-72-Ошакты-Амангельды-Жолбасшы-Ораз ата” 8+600 шқ. көпірді күрделі жөндеуге сметалық құны 40 293 млн. және КХ-22 “КХ-72-Ошакты-Амангельды-Жолбасшы-Ораз ата” 19+200 шқ. көпірді күрделі жөндеуге сметалық құны 33 361 млн. теңге қаралып, бүгінгі күнде мердігер тарапынан көпірге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді

Сарыағаш ауданындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеу бойынша КХ-21″а/д Кх-20-Кошкарата-Бескубыр-Жамбыл-Жузимдик-Жанадауир-а/д А15″ автомобиль жолын 0-26 шқ. сметалық құны 608 411млн. тенге, облыстық маңызы бар КХ-50 “Дербисек-Сарыагаш” автомобиль жолын 0-18,8 шқ. сметалық құны 582 368 млн. тенге және облыстық маңызы бар КХ-20 Абай-Ущкын-Халкабад автомобиль жолы 0-15,7 шқ. сметалық құны 384 968 млн. тенге өтпелі кезеңмен 2017 жылы басталып 2018 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Дарбаза ауылдық округі Дарбаза елді мекеніндегі облыстық маңызы бар «КХ-132 Дарбаза кірме жолы 0-1 шқ.» автомобиль жолын орташа жөндеуден өткізу үшін облыстық бюджеттен 26 000, 0 млн. теңге қаралып, бүгінгі күнгі мердігер тарапынан жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сарыағаш ауданының Дербісек ауылдық округіндегі облыстық маңызы бар КХ-49 «А2 р/д-Казыгурт-Дербисек-А-2 р/д» автомобиль жолының 23+500 шқ. орналасқан көпірге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаты мемлекеттік сараптамадан қорытынды алу үшін тапсырылған. Сметалық құны 8 734 мың.тенге.

Сарыағаш ауданының Бірлесу ауылдық округіне қарасты облыстық маңызы бар КХ-21 «Кошкар ата-Бескубыр-Жамбыл-Жузимдик-Жанадауир-А15» автомобиль жолының 30+500 шқ. орналасқан көпірге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаты мемлекеттік сараптамадан қорытынды алынып, қазіргі таңда көпірге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге мердігер мекемені анықтау үшін мемлекеттік сатып алудың электрондық конкурсы өткізілуде.

ІІІ. Аудандық маңызы бар автомобиль жолдары.

Аудандық маңызы бар 6 көшені орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттың мемлекеттік сараптамадан қорытындысы алынды, жалпы ұзындығы 34,94 шақырым, жалпы сметалық құны 455 962,65 мың.теңгені құрап отыр.

Аудандық маңызы бар автомобиль жолындағы топан су шайған кезде бұзылған көпірлер, яғни Ақтөбе ауылдық округіндегі КХSG-1 «Қаратөбе-Ғ.Мұратбаев» автомобиль жолының 2,8 шақырымындағы көпір және Ошақты ауылдық округіндегі КХSG-16 «Саңырау-Қоңыртөбе» автомобиль жолының 5+700 шақырымындағы көпір құрылысының ЖСҚ-ның мерзімі өтіп кетуіне байланысты, ЖСҚ-ны қайта жаңарту үшін қазіргі таңда аудандық бюджет есебінен аталған екі көпірге 11 400,0 мың. қаржы бөлінді. ЖСҚ-ты қайта жаңартуға мердігер мекемені анықтау үшін мемлекеттік сатып алудың электрондық конкурсы аяқталып, қазіргі таңда мердігер мекемелер тарапынан ЖСҚ-ны қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

Аудандық маңызы бар КХSG-4 “а/д КХ-21-Жузiмдiк-Аксу”, КХSG-21 “а/д КХ-11-подъезд к населенному пункту 51 разъезд”, КХSG-31 “а/д КХ-94-Бекбота-Ащыкол” автомобиль жолындарына күрделі жөндеуге және КХSG-9 “р/д А-15-Абай-Шукырсай” автомобиль жолындағы көпірге күрделі жөндеуден өткізу үшін сәулет жоспарлау тапсырмасы дайындалып, ЖСҚ дайындауға мердігер мекемені анықтау үшін мемлекеттік сатып алудың электрондық конкурсы аяқталды. Қазіргі таңда мердігер мекемелер тарапынан ЖСҚ-ны дайындау жұмыстары жүргізілуде.

2018-2019 жылдарға ауданның ішкі жолдарын орта және ағымдағы жөндеуден өткізу үшін қала, кент, ауыл және ауылдық округтері әкімдерімен бірлесіп жұмыс жүргізіп, бірінші кезекте жөндеуді қажет ететін көшелердің құжаттары жинақталып талдау жасалынды. Нәтижесінде жалпы ұзындығы 210,126 шақырым болатын 200 көшеге сметалық құжаттар дайындауға аудандық бюджет есебінен 2 500,0 мың. теңге қаралып, бүгінгі күнгі мемлекеттік сатып алудың электрондық конкурсы арқылы жеңімпаз анықталып, қазіргі таңда көшелерге сметалық құжаттарды дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Транспорт саласы

Сарыағаш ауданында жалпы 154 елді мекен бар. Оның ішінде шалғайда орналасқан халық саны 100 адамға жетпейтін 12 елді мекен. Қалған 142 елді мекеннің 130 елді мекеніндегі жолаушыларды тасымалдаумен «SAR avto», «Ер Дәуіт» ЖШС-і және жеке кәсіпкер «Тағайбек и К» айналысып, қамтамасыз етіп келеді. Қамтамасыз етілмеген 12 елді мекенді 2020 жылға дейін толық қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Сарыағаш ауданында әлеуметтік маңызы бар бағыттарды анықтау барысында 9 бағытты субсидиялау қажеттігі анықталып, қазіргі таңда аталған 9 бағыттың шығынын есептеу жұмыстары жүргізілуде.

Сарыағаш ауданында жалпы 1 автовокзал, 4 автобекет жұмыс істейді. Оның ішіндегі 1 автобекеті («Сайран Жібек жолы» автобекеті) Қазақстан Республикасының ұлттық стандартына сәйкес келмейді. Ауданда бекітілген комиссиямен бірнеше рет автобекетке барып, түсіндіру жұмыстары жүргізілгенімен ҚР Ұлттық стандартына сәйкестендіруге мүмкіндігі жоқ екені анықталып, аталған автобекетті облыстағы автобекеттер тізілімінен алып тастау жөнінде ОҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына 19.06.2017 жылы №3503 санды ұсыныс хат жолданған.

Сонымен қатар ауданда жолаушылар мен багажды автокөлік-таксимен тасымалдау жұмысымен айналысатын «Тұран», «Асыл-Ай», «Экспресс», «Техас», «Такси-Макси», «Сити-S», «Сұңқар», «Алло», «Евро люкс» және «Астана» барлығы – 10 кәсіпкер бар. Бұл кәсіпкерлермен аудандық бөлім байланыста жұмыстар жүргізіп келеді.

Қазақстан Республикасында бекітілген ұлттық стандартқа сәйкестендіру жұмысы бойынша аталған такси автокөліктерінің 90 пайызы талапқа сәйкестендірілді, тек 10 пайызды құрап отырған әр түрлі түстегі автокөліктерді бір түске ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпте таксимен тасымалдау бойынша қызметтің басталғаны туралы хабарлама беру қажеттігі туралы такси тасымалдаушы мекеме басшыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп нәтижесінде бүгінгі күнге барлық такси мекемелері хабарлама берген.

Сарыағаш ауданындағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қол жетімді көліктік ортамен қамтамасыз ету мақсатында аудандағы 1 автовокзал мен 3 автобекет басшыларына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, хат жолданған. Нәтижесінде автовокзал мен автобекеттер ғимараттарында мүгедектерге арналған пандустар орнатылды, арнайы бөлмелер ашылды. Облыс аралық, ауданішілік бағыттарда жолаушылар тасымалымен айналысып жатқан 36 автобус автокөліктерінде дыбыстап айту қондырғылары, 59 автобусқа дыбыстап айту қондырғылары (зағиптар үшін) мен аялдамалардың аттары жазылған трансферттер орнатылды, сонымен қатар 2 автобусқа мүгедектерді қол арабасымен мінгізуге арналған қондырғылармен жабдықталған.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін халық көп шоғырланған жерлерге мүгедектерге арналған белгісі орнатылып, 13 тұрақ ашылды. Сонымен қатар аудандық бюджеттен 2 млн. теңге қаржы қаралып, 7 бағдаршамға арнайы мүгедектерге арналған дыбыс шығаратын қондырғылар орнатылды.

Сарыағаш ауданында жол көлік оқиғаларын анықтау және болдырмау мақсатында аудандық бюджет есебінен Сарыағаш қаласына 25 жерге, Абай ауылына 4 жерге және Жарты төбе ауылдық округіне 4 жерге бейне бақылау камералары орнатылып, басқару пульты аудандық ішкі істер басқармасына қойылған. Сонымен қатар ОҚО ішкі істер департаменті тарапынан 16 бейне бақылау камералары орнатылды. 2017 жылы қосымша аудандық бюджеттен 85 млн. теңге қаржы қаралып, Сарыағаш ауданындағы кеден бекеттерінің маңына 5 және Қапланбек ауылдық округі Қапланбек елді мекеніне 1 бейне бақылау камераларын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Сарыағаш ауданындағы заңсыз жолаушылар тасымалын жою мақсатында аттанатын орындардың ситуациялық схемасы жасалынып, іс-шаралар жоспары бекітілген. Аталған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2017 жылы 13 рет рейдтік жұмыстар жүргізіліп, жалпы 264 автокөлікке 2 995080 теңгеге айыппұл салынды. 42 автокөлік ақылы айып тұраққа қойылды.

Мақсатсыз автотұрақ ретінде пайдаланып жатқан 5 жер учаске иелеріне шара қолдану жөнінде ОҚО жер инспекциясына хаттар жолданып, біргелікте тиісті жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 339/1 бабына сәйкес мақсатсыз пайдаланып жаткан жер учаске иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әр қайсысына 5-10 АЕК мөлшерінде айыппұлдар салынды.

EGOV

QAMQOR

АСТАНАҒА 20 ЖЫЛ

АУДАН ТУРАЛЫ

БАҚ

ЖОЛДАУ

ҚАУІПСІЗ АУДАН

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ТҚК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

СІЛТЕМЕЛЕР

СІЛТЕМЕЛЕР

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР