DSC_8621
DSC_8616
DSC_8615
DSC_8603
DSC_4594
_DSC6077

Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімінің 2018 жылдың 3 айында атқарған жұмыстары туралы

Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі тарапынан Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы №47-VI «Жайылымдар туралы» Заңының «Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөнінде жоспар жасау» тапсырмасы бойынша және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылдың 14 сәуірдегі №3-3/332 бұйрығымен бекітілген «Жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің шекті рұқсат етілетін нормасын» негізге ала отырып Сарыағаш ауданының 2017-2018 жылдарға арналған аудан аумағындағы жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары әзірленді. Бұл жоспар аудандық маслихатының ақпан айында өткен сессиясында қаралып, мәслихаттың шешімімен бекітіліп ОҚО әділет департаментінде тіркелді.

Ағымдағы жылы аудан аумағындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы мал жайылым үшін жер алған тұлғалардың жерлерінің игерілуіне анықтау жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде бүгінгі күнге 61 тұлғаның (14 606 га жайылым жер) атына ауыл шаруашылығы малдары жоқ екендігі анықталып, 61 тұлғаның жерлерінің құжаттарына қатысты (кадастр нөмері, мекен жайы, ЖСН) анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен бірге аудан аумағындағы кәсіпкерлік мақсатына жер алған тұлғалардың жерлерінің игерілуіне талдау жұмыстары жүргізілуде. Талдау жұмыстарының нәтижесінде бүгінгі күнге аудан аумағындағы 39 тұлғаның 46,34 га кәсіпекрлік мақсатына алған жерлерін пайдаланбай жатқандығы анықталып ОҚО жер испекцясына жолданды.

Жергілікті бюджетке жер учаскелерін кәсіпкерлік мақсатта жеке меншікке сатудан 2018 жылғы жылдық жоспар 60,0 млн.теңге болып бекітілген, 3 айда жоспар 7,5 млн. теңге болып бекітілсе жергілікті бюджетке нақты 7,99 млн теңге түсті немесе белгіленген жоспар 110 пайызға орындалды.

Ал жерді уақытша пайдалану бойынша 2018 жылға жылдық жоспар 12,3 млн теңге болып бекітілген, үш айдың жоспары 3,72 млн. теңге болса жергілікті бюджетке нақты 4,59 млн теңге түсті немесе белгіленген жоспар 112,3 пайызға орындалды.

2018 жылдың 2 айында аудан әкімдігі жанындағы жер бөлу комиссиясының 9 кезекті мәжілісі өткізіліп, комиссияда 964 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралып, тиісті қорытындылары берілді.

2018 жылы жер қатынастары саласы бойынша барлығы 709 хат қаралса, оның ішінде 624 хат облыс мекемелері мен аудан мекемелерінен және 85 жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдары. Бұл арыз шағымдар уақытылы қаралып, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес тиісті шешімдер қабылданып, жауаптар берілген.

Заңды және жеке тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша:

– Жыл басынан бері үш айда жер учаскесінің кадастрлық бағалау 76 актісі мен 425 жерге орналастыру жобасы бекітіліп тіркелді. Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беруге жалпы 2 қаулы және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге 58 қаулы және ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түріне ауыстыруға рұқсат беруге 1 қаулы дайындалып берілген.

-Жер учаскесін жалға беру бойынша 171 жер учаскесін жеке меншікке сатып беру бойынша 62 барлығы 233 жеке және заңды тұлғалармен келісім шарт жасалынды.

Конкурс немесе аукцион арқылы жер учаскесін беру бойынша:

2018 жылы қаңтар айында Сарыағаш ауданы бойынша кәсіпкерлік мақсатта 1 лот бойынша жалпы көлемі 0,0432 гектар жер учаскесіне 5 жылға дейін жалдау құқығы конкурсқа қойылып, бұл жер учаскесінің бастапқы бағасы 5724 теңге болып, конкурс қорытындысы бойынша жер учаскесінің жалдау құқығы 5800 теңгеге сатылды.

2018 жылы қаңтар айында Сарыағаш ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беру конкурсы 2018 жылдың 20 сәуірге белгіленді. Бұл жөнінде «Сәтті» әлеуметтік-экономикалық ақпараттық апталық газетіне жарияланды.

Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі басшысы                                                   Н.Кукеев

EGOV

QAMQOR

АСТАНАҒА 20 ЖЫЛ

АУДАН ТУРАЛЫ

БАҚ

ЖОЛДАУ

ҚАУІПСІЗ АУДАН

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ТҚК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

СІЛТЕМЕЛЕР

СІЛТЕМЕЛЕР

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР