DSC_8621
DSC_8616
DSC_8615
DSC_8603
DSC_4594
_DSC6077

Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімінің 2017 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстары туралы М Ә Л І М Е Т

Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі 2017 жылдың 22 қыркүйегінде құрылды.

Сарыағаш ауданының 2017 жылы қазан айында ОҚО жер қатынастары басқармасына ауданның жер есебі (балансы) тапсырылды. Осы жер есебіне сәйкес аудан аумағының жалпы жер көлемі 761 329 гектар жер учаскесін құрайды, оның ішінде 52777 гектар тәлімі егістік, 45 578 гектар суармалы егістік, 3488 гектар бау-жүзімдік, 1550 гектар шабындық, 17779 гектар тыңайған және 595 931 гектар жайылымдық жер.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы жер көлемі 555768 гектар болса, оның ішінде 40474 гектары суармалы егістік, 52337 гектары тәлімі егістік, 2289 гектары бау-жүзімдік, 883 гектары шабындық, 14505 гектары тыңайған және 444 412 гектары жайылымдық жер.

Былтырғы 2016 жылдың жер есебімен салыстырғанда биылғы жылы аудан әкімдігінің қаулылары негізінде суармалы егістік жер көлемі 43 гектарға артқан.

2017 жылдың жер балансы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатында жалпы 11296 агроқұрылымның 555768 гектар жер учаскесі бар. Атап айтқанда 10893 шаруа қожалығының 305199 гектар, 263 ЖШС –нің 182375 гектар, 120 өндірістік кооперативтің 64506 гектар және 20 басқа да агроқұрылымдардың 3 688 жері бар.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовпен бекітілген жер қатынастарын реттеу саласындағы міндеттерді іске асыру бойынша 2017-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Сарыағаш ауданы әкімдігінің 24.03.2017 жылғы №99 қаулысымен Сарыағаш ауданы аумағындағы қолдағы бар жер қорына талдау жүргізу жөнінде жұмысшы топ құрылған. Жұмысшы топқа қала, кент, ауыл және ауылдық округі әкімдері өздеріне қарасты әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша жұмысшы топ мүшелері болып енгізілген. 2017 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы және елді мекен жерлеріне құжаттамалық ревизия жұмыстары жүргізіліп, нәтижесі ОҚО жер қатынстары басқармасына тапсырылды.

Ағымдағы жылы қала, кент ауыл және ауылдық округі маман-жер инспекторларымен 13.01.2017 жылы, 12.04.2017 жылы және 06.06.2017 жылы түгендеу жұмыстары бойынша мәжілістер өткізілді. Нәтижесінде 2017 жылы қосымша ауыл шаруашылығы мақсатына берілген жер учаскесін пайдаланбай отырған 21 тұлғаның 2070 гектар (оның ішінде 35 гектары суармалы егістік, 320 гектары суарылмайтын егістік және 1715 гектары жайылым) жер учаскесі анықталды. Анықталған жер учаскелерінің ішінен 5 тұлғаның 76 гектар жері қайтарып алынса, 13 тұлғаның 1881 га жер учаскесіне тиісті шара көру үшін құжаттар ОҚО жер инспекциясына жолданып, инспекция тарапынан тиісті нұсқама берілді. Қалған тұлғалардың жер учаскелерін қайтарып алу бойынша тиісті шара қолдану мақсатында ОҚО жер инспекциясына жолдау үшін қажетті мәліметтер (мобильдік топ актісі, кадастр, ЖСН нөмірлері) жинақталуда.

Жергілікті бюджетке жер учаскелерін кәсіпкерлік мақсатта жеке меншікке сатудан 2017 жылғы жылдық жоспар 74,9 млн болып бекітілген, жыл соныға дейін жергілікті бюджетке нақты 79,7 млн теңге түсті немесе белгіленген жоспар 106,4 пайызға орындалды.

Ал жерді уақытша пайдалану бойынша 2017 жылға жылдық жоспар 11,4 млн теңге болса, 12 айда жергілікті бюджетке нақты 11,6 млн теңге түсті немесе белгіленген жоспар 102,2 пайызға орындалды.

Ағымдағы жылы аудан әкімдігі жанындағы жер бөлу комиссиясының 37 кезекті мәжілісі өткізіліп, комиссияда 3123 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралып, тиісті қорытындылары берілді.

Заңды және жеке тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша:

-Жер учаскесінің кадастрлық бағалау 242 актісі және 684 жерге орналастыру жобасы бекітіліп тіркелді. Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беруге жалпы 8 қаулы және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге 29 қаулы, ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түріне ауыстыруға рұқсат беруге 3 қаулы дайындалып берілген.

-Жер учаскесін жалға беру бойынша 798, жер учаскесін жеке меншікке сатып беру бойынша 364, барлығы 1162 келісім шарт жеке және заңды тұлғалармен жасалынды.

Конкурс және аукцион арқылы жер учаскесін беру бойынша мәлімет

2017 жылдың 12 айында Сарыағаш ауданы бойынша кәсіпкерлік мақсатта 2 лот бойынша жалпы көлемі 2,47 гектар жер учаскесіне 5 жылға дейін жалдау құқығы аукционға қойылып, бұл жер учаскесінің бастапқы бағасы 440 895 теңге болып, аукцион қорытындысы бойынша жер учаскесінің жалдау құқығы 588 000 теңгеге сатылды.

2017 жылдың 12 айында Сарыағаш ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беру конкурсы өткізілмеді. Алайда, жерге орналастыру жобалары дайындалып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беру конкурсын өткізуге дайындық жұмыстары жүргізілді.

Сарыағаш ауданы аумағында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте тұрғандар туралы

Қала,кент, ауыл, ауылдық округтер

саны

1

Абай

2965

2

Алпамыс батыр

147

3

Ақжар

381

4

Ақтөбе

749

5

Әлімтау

0

6

Бозай

0

7

Бірлесу

111

8

Біртілек

475

9

Бірлік

0

10

Дарбаза

528

11

Дербісек

1230

12

Жарты төбе

1010

13

Жамбыл

1

14

Жемісті

615

15

Жүзімдік

47

16

Жібек жолы

904

17

Жылға

181

18

Көктерек

87

19

Қабланбек

871

20

Қошқарата

1302

21

Құркелес

1474

22

Қызылжар

790

23

Ұшқын

728

24

Ошақты

489

25

Сарыағаш

5748

26

Тегісшіл

159

 

Барлығы

20990

Сарыағаш ауданы бойнша қазіргі күнге қала, ауыл, кент және ауылдық округітерде барлығы 20990 адам тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте тұрған

Сарыағаш ауданы бойынша мемлекеттік мұқтажы үшін алынған жер учаскелері туралы

Елді мекеннің атауы

Жер учаскелерінің саны

Жер учаскесінің кадастр нөмірі

Жер учаскесінің көлемі, гектар

Құны, мың теңге

Қабланбек кеден бекеті (Сарыағаш қаласы)

1

19-306-010-783;

0,011

1341

1

19-306-010-1886;

0,014508

7731

1

19-306-010-2009;

0,0698

7925

1

19-306-010-2010;

0,0302

9109

барлығы 4

 

0,125508

26106

Қонысбаев кеден бекеті (Ақтөбе а.о. Ескіқорған е.м.)

1

19-296-149-013;

0,1499

5568,043

1

19-296-149-014;

0,1499

5534,263

1

19-296-149-210;

0,15963

5165,069

1

19-296-138-104;

0,999

12779,06

Барлығы 4

 

1,45843

29046,4

Барлығы

8

 

1,583938 

55152,4 

Аудан аумағынан 2017 жылы барлығы 1,583938 гектар жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін қайтарып алынды.

Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы №47-VI «Жайылымдар туралы» Заңының «Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөнінде жоспар жасау» тапсырмасы бойынша және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылдың 14 сәуірдегі №3-3/332 бұйрығымен бекітілген «Жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің шекті рұқсат етілетін нормасын» негізге ала отырып Сарыағаш ауданының 2017-2018 жылдарға арналған аудан аумағындағы жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары әзірленді. Әзірленген жоспар аудандық мәслихатқа бекітуге дейінгі алгоритмдік қадам бойынша жариялылық ретінде газетке жариялауға дайындалды.

Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі басшысының м.у.а                                             Н.Кукеев

EGOV

QAMQOR

АСТАНАҒА 20 ЖЫЛ

АУДАН ТУРАЛЫ

БАҚ

ЖОЛДАУ

ҚАУІПСІЗ АУДАН

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ТҚК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

СІЛТЕМЕЛЕР

СІЛТЕМЕЛЕР

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР