DSC_8621
DSC_8616
DSC_8615
DSC_8603
DSC_4594
_DSC6077

Сарыағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында «Кітап – рухани қазынам» атты оқырмандар байқауы туралы м ә л і м е т

2018 жылы 13 ақпан сағат 11.00-де Сарыағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Жібек жолы ауылдық кітапханасы және № 18 Абай атындағы жалпы орта мектебінің ұйымдастыруымен «Кітап – рухани қазынам» атты оқырмандар байқауы өтті.

Бұл байқауды ұйымдастырудағы басты мақсат – ол жастарды кітап оқуға тарту, кітап оқуды үйрету, кітапханаға баруға дағдыландыру және ақын – жазушылардың шығармаларын көп білуге, таныстыруға шақыру болып табылады.

Іс – шараны осы мектептің директоры Егізбаев Асқар Қазыбайұлы және Зортөбе ауылының биі Қуандықов Бақтияр ашып, байқауға қатысушы жастарға сәттілік тіледі. Байқауға Жібек жолы ауылының мектептерінен 8 оқырман қатысты.

Байқау екі кезеңнен ұйымдастырылды :

І кезең – «Туған жер – туған ел». Поэзия сәтіне арналған бұл кезеңде қатысушылар ақын – жазушылардың туған жер, елді мекен туралы өлеңдерін жатқа айтты. Мұнда байқауға қатысушының өлең оқудағы шеберлігі, оқу мәнері, өлеңді таңдауы сынға түсті.

ІІ кезең «Менің өлкемнің тарихы» Бұл кезеңде оқырмандар өзінің туған жері туралы жазып келген эссесін оқып, мән – мағынасын түсіндіріп берді.

Қызықты өткен сайыста қатысушылар қай жағынан болса да өздерінің білімді екендерін көрсете білді. Қазылар алқасының шешімімен байқаудың жеңімпаздары анықталды :

– Бірінші орын – Нышанбаева Балжан Абай мектебінің 9 сынып оқушысы.

– Екінші орын – Қайым Меруерт Абай мектебінің 7 сынып оқушысы.

– Үшінші орын – Алмат Алмас, Жолдас Сүлейменов мектебінің 8 сынып оқушысы.

Жеңімпаздар Алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

Іс шара соңында ауыл тұрғындары мен оқырмандар осындай байқауды ұйымдастырған Жібек жолы ауылдық кітапхана меңгерушісіне және мектеп ұжымына алғыстарын білдірді. Осындай іс – шаралар балалардың ой – санасын дамытуға зор үлесін қосатынын және жақсы тәрбие алуға септігін тигізетінін айтты.

EGOV

QAMQOR

АСТАНАҒА 20 ЖЫЛ

АУДАН ТУРАЛЫ

БАҚ

ЖОЛДАУ

ҚАУІПСІЗ АУДАН

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ТҚК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

СІЛТЕМЕЛЕР

СІЛТЕМЕЛЕР

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР