DSC_8621
DSC_8616
DSC_8615
DSC_8603
DSC_4594
_DSC6077

САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ҚҰТЫҚТАУ СӨЗІ

Қымбатты Сарыағаштықтар!

Сіздерді 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ізгіліктің зұлымдықтан үстемдігін дәлелдеген Жеңіс күні – бар әлемнің қасиетті де қастерлі мерекесі.
Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыстың аяқталғанына 73 жыл уақыт өтті. Халықты аңсатып жеткен Жеңіс күнінің қадірі бүгінгі ұрпақ үшінде өте қымбат. Сұрапыл соғыс адамзаттың жүрегіне өшпес жара салды. Сол зұлмат жылдары туған елдің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін жанын қиған бо
здақтарымызды біз мәңгі есте сақтаймыз! Отан үшін отқа түсіп, қан майданнан аман оралған қандастарымыздың алдында бас иеміз.
Бүгінгі мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірілк нәтижесінде келді. Әуеде ұшқыш, жерде танкист, теңізде теңізші, окопта әскер, блиндажда байланысшы және тылда еңбеккер – бәрі де Ұлы Жеңіс үшін фасит оғына өз кеудесін тосты.
«Отан» атты ыстық ұғым, тәтті сөз қарсы келген дұшпанға қаймықпай қарауға жігер берді. Ұлы Жеңісті жақындатуға абзал азаматтарымыздың майдан даласында, отандастарымыздың тылда қосқан еңбегі өлшеусіз. Ауылда қалған кемпір–шал, бала-шаға зулдаған оқ пен лапылдаған от-жалынның арасында жүрген бауырларына, әкесіне, ағасына сеп болсын деп, бар күш қайратын жұмсады. Тылдағы әрбір күн соғысқа тең келді. Сол кездегі халықтың ерлігі мен бірлігі, сын сағаттағы қажыр-қайраты мен темірдей төзімі Тәуелсіз елдің жастарына да үлгі болып келеді.
Еліміз тәуелсіздік алған алғашқы күндерден-ақ қасиеттілікті сақтауға мүмкіндіктер жасалынып, ардагерлеріміз жан-жақты қамқорлыққа алынды.
Аталмыш сұрапыл соғысқа біздің ауданнан аттанған 18 356 азаматтың 8336-сы қан майданнан қайтіп оралмады. Ел үшін шайқасқан жерлесімізден 4 жауынгерге – Сыдық Смайылов, Ілесбек Жолдасов, Матвей Окороков, Жолдас Сүлейменовтерге Совет Одағының Батыры атағы берілді. Бұл біздің киелі Сарыағаш жерінен шыққан азаматтардың Отан алдындағы борышын адал атқарғандығының белгісі.
Ал, бүгінгі күнге арамызда аудан бойынша 7 Ұлы Отан соғысы ардагері мен 815 тыл ардагерлері өнегелі өмірімен жастарға үлгі болуда.
Сондықтан, бүгінгі мерекелік ыстық ықыласымыз бен барлық сый-құрметіміз Сіздерге арналады, қымбатты да қадірменді ардагерлер аға-апалар!
Сіздердің ерліктеріңіз бен тылдағы ерен еңбектеріңіз жастарымызға мәңгі үлгі боларына кәміл сенеміз.
Қымбатты ардагерлер! 
Тәуелсіз Қазақстан қандай биік жетістіктерге қол жеткізсе де, онда Сіздердің үлестеріңіз бар. Себебі, еліміз бұл биіктерге сіздер іргесін қалаған ұлы бейбітшілік пен мызғымас бірліктің арқасында көтеріліп отыр. Сол себепті Сіздерге зор денсаулық пен мол бақыт, отбасылырыңызға береке-бірлік пен амандық тілейміз!

Қ.Абдуәлиев,
Аудан әкімі.

EGOV

QAMQOR

АСТАНАҒА 20 ЖЫЛ

АУДАН ТУРАЛЫ

БАҚ

ЖОЛДАУ

ҚАУІПСІЗ АУДАН

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ТҚК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

СІЛТЕМЕЛЕР

СІЛТЕМЕЛЕР

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР