DSC_8621
DSC_8616
DSC_8615
DSC_8603
DSC_4594
_DSC6077

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі жұмыс сапарымен Сарыағаш ауданында болып, аудандағы 5 нысанды аралады

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі жұмыс сапарымен Сарыағашауданында болып, аудандағы 5 нысанды аралады. Ең алдымен, өңір басшысы «Рикс ЛТД» ЖШС-нің «Асем ай» минералды су құю зауытының жұмысымен танысты. Асем ай минералды су құю зауыты Көктерек кентінде орналасқан. Өз қаржысы есебінен 1995 жылдан бастап зауыт жұмыс істеп келеді. Жобаның қуаттылығы сағатына 20 мың дана бөтелке су. Зауыттың жер көлемі 8,0 гектар. Мекемеде 78 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Зауыттың директоры Құдайбергенов Сәбит Рахымұлы.
Мұнан соң аймақ басшысы Құркелес ауылдық округіне қарасты «Сүндет ата» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. «Сүндет ата» шаруа қожалығы 2010 жылы жұмысын бастаған, жер көлемі 4,0 га. Егілген дақыл түрі көкорам (фаравон сорты). Отырғызылған көшеттер саны 120 мың түп, өнімділігі әр түп көшеттен 1,25 кг. Жұмысшылар саны 8 адам, орташа жалақы 55-60 мың теңге. Шаруа қожалықтың иесі Байбулатов Адилбек.
Келесі нысан Сарыағаш қаласындағы 5 қабатты 45 пәтерлі 13 тұрғын үйдің құрылысы. Тапсырыс беруші Сарыағаш аудандық құрылыс бөлімі. Мердігер мекеме «Ынтымақ Бес-Арыс» ЖШС, директоры М.Абдибаев. Жобаның құны 407,0 млн теңге, конкурстық кұны 398,1 млн теңге. 2018 жылға қаралған қаржы 100 000 млн теңге. Пәтерлер саны 45, жалпы ауданы 2774,46 ш.м. Құрылыстың басталуы 2018 жыл аяқталуы 2019 жыл. 
Жұмыс сапары барысында өңір басшысы Қызылжар ауылдық округінде орналасқан «Роза» шаруа қожалығын жұмысын көрді. Шаруа қожалық төрағасы Дүйсебаев Жақсылық. Жобаның жалпы құны 30,0 млн теңге. Іске қосылған уақыты 2016 жыл, жер көлемі 2,0 гектар. Отырғызылған көшеттер саны 28 мың, жылыжай аумағы 1,0 гектар. Тамшылатып суару әдісі қолданылады. Өнімділік әр көшеттен 4-5 кг. Өндірілген өнім Астана, Алматы қалалары Солтүстік облыстарға жөнелтіледі. 
Іс сапары соңында облыс басшысы Ақжар ауылдық округінде орналасқан «АгроФуд Қазақстан» ЖШС-де болды. Инвестиция көлемі 3,4 млн теңге. Жұмыстың басталған уақыты 2016 жыл, жалпы жер көлемі 250,0 гектар. Тамшылатып суғару әдісі қолданылады. Жұмысшы саны 130 адам. Жобаның ерекшелігі қарқынды бауды дамыту. Шаруақожалықтың иесі Қадырбеков Акмаль.

EGOV

QAMQOR

АСТАНАҒА 20 ЖЫЛ

АУДАН ТУРАЛЫ

БАҚ

ЖОЛДАУ

ҚАУІПСІЗ АУДАН

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ТҚК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

СІЛТЕМЕЛЕР

СІЛТЕМЕЛЕР

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР