DSC_8621
DSC_8616
DSC_8615
DSC_8603
DSC_4594
_DSC6077

«Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік жастар саясатының іске асырылу барысы

Сарыағаш ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» 14- қыркүйек 2011 жылы Сарыағаш ауданы әкімінің №648 қаулысы негізінде құрылған.

Қазіргі таңда Сарыағаш ауданында жалпы халық саны -327288 болса оның ішінде 14-29 жас аралығындағы жастар саны 94259 құрайды. Бұл аудан халқының 28,8%-ын құрап отыр. Оның ішінде: қала жастары -12405, ауыл жастары-81854, ер бала – 48265, қыз бала -45995.

Сарыағаш ауданы бойынша білім бөліміне қарасты 138 жалпы орта мектептер бар. Мектептерде білім алып жатқан 14-17 жас аралығындағы жастар саны 27841. Сонымен қатар ауданда 7 колледж (3-і мемлекеттік, 4-і жекеменшік) жастарға білім беріп келеді. 7 арнаулы оқу орындарында білім алып жатқан студент жастар саны- 4728, жатақхана саны-5, шет елдерде оқитын студент жастар саны- 39, әскери борышын өтеп жүрген жастар саны- 587.

Сарыағаш ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасарымен бекітілген 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 12 бағыт бойынша жұмыстар атқаруда.

  1. Мемлекеттік бағдарламаларды насихаттауды ұйымдастыру
  2. Жастар кәсіпкерлігіне қолдау көрсету
  3. Жастарды жұмыспен қамтуды үйлестіру
  4. Жастарға арналған қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту
  5. Салауатты өмір салтын қалыптастыру
  6. Жастарға психологиялық қызмет көрсету
  7. Еріктілер жұмысын жандандыру
  8. Жастарды мәдени, азаматтық және рухани адамгершілік құндылықтарға тарту
  9. Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу бағытындағы іс-шаралар ұйымдастыру
  10. Ақпараттық сүйемелдеу
  11. Құқықбұзушылықтың, маскүнемдік пен нашақорлықтың алдын алу
  12. Діни экстремизмнің алдын алу

Мемлекеттік жастар саясатын жергілікті жерлерде жүзеге асыру, аудан жастарының қоғамдағы белсенділігін арттыру бағытында 2018 жылдың бірінші 6 айында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 399 түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Бұл 2017 жылдың жарты жылдығымен салыстырғанда (220) 179 іс-шараға артқан.

Оның ішінде:

  • Діни экстремизмнің алдын алу бағыты бойынша ұйымдастырылғын іс-шаралар саны -57

  • Патриоттық, ақпараттық-насихаттық бағытынында 18 іс-шара өткізілді. Қамтылған жастар саны – 3083 жас

  • Мәдени, адамгершілік-рухани бағытында 54 іс-шара өткізілген, 2017 жылдың 6 айлық көрсеткішпен салыстырғанда (25) 29 іс-шараға артқан. Қамтылған жастар саны – 7698 жас

  • Психологиялық бағыттағы іс-шаралар саны- 58, бұл 2017 жылдың 6 айлық көрсеткішпен салыстырғанда (36) 22 іс-шараға артқан.

Қамтылған жастар саны – 5894 жас

  • Еріктілер қызметін жандандыру бағытындағы 36 іс-шара ұйымдастырылды, бұл 2017 жылмен салыстырғанда (27) 9 іс-шараға артқан. Қамтылған жастар саны – 2670 жас.
  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында 37 іс-шара өткізілді, 2017 жылдың жарты жылдығымен салыстырғанда (28) 9 іс-шараға артқан. Қамтылған жастар саны – 2880 жас
  • Қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын –алу бағытында– 42 рет кездесулер, 97 рет рейдтік іс-шаралар өткізілді, 2017 жылдың жарты жылдығымен салыстырғанда (34кездесу, 42 рейд) 8 кездесу, 55рейдтік іс-шараға арттық. Қамтылған жастар саны – 3647 жас

Аталған іс-шараларға қамтылған жастар саны -29820 жасты құрайды.

Мемлекеттік бағдарламаларды насихаттауды ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын және «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын, Бес әлеуметтік бастама, «Болашақ», «Серпін-2050», Мәңгілік ел жастары индустрияға бағдарламаларын, Сарыағаш ауданындағы жалпы жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін «Жастар жастарға» атты ақпараттық насихаттық топтар құрылып, жұмыс кестесі түзілді. Жұмыс кестесіне сәйкес қала, кент, ауыл, ауылдық округтердегі орта мектептердің думан залдарында жоғары сынып оқушыларының қатысуымен 131 кездесу ұйымдастырылып 4454 жасқа түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда «Болашақ» бағдарламасы аясында 114 жас Ресейдегі жоғары оқу орындарына құжат тапсырды.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы

2018 жылдың 6 айында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында бір жолғы көтерме жәрдемақы 88 жас маманға 14 млн 814 мың теңге берілді. Оның ішінде денсаулық сақтау саласы бойынша 27 жас маман, білім беру саласы бойынша 59 жас маман, спорт саласы бойынша 2 жас маман.

«Жасыл ел» еңбек жасақтары

Жұмыссыз жастарды «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыспен қамту мақсатында 2017 жыл «АгроФуд Қазақстан» ЖШС, «Сарыағаш-Тұрмыс» МҚК арқылы 56 жас жұмыспен қамтылса, 2018 жылдың маусым, шілде, тамыз айларында 79 жұмыссыз және студент жастарды жұмыспен қамту жоспарланған. Маусым айынан бастап жұмысқа ниетті жұмыссыз және студент жастардың тізімі жасақталып, бүгінгі таңда аталған бағдарлама аясында «Амангелді»ЖШС, «Асхат» ШҚ, «Хыныс» ӨК арқылы маусым айында 36 жас, шілде айында 42 жас, тамыз айында 37 жас жұмысқа тартылды. Жалпы 115 жас жұмыспен қамтылды. 2017 жылмен салыстырғанда «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыспен қамтылған жастар саны 59 жасқа артқан.

Жастар кәсіпкерлігіне қолдау көрсету

Сарыағаш ауданында «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша жастарды кәсіпкерлікке баулу, жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында кәсіпкерлікке ниетті 1220 жастың қатысуымен қала, кент, ауыл, ауылдық округтерде және кәсіпкерлік мектебінде жастармен 27 рет кездесу болып өтті. Кәсіпкерлікке ниетті жастарды аудандағы жетістікке жеткен кәсіпкерлердің жұмысымен таныстыру мақсатында 4 рет шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. «Bastau Бизнес» жобасы аясында 39 жас арнайы оқыту курстарынан өтті. «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша өз кәсібін ашқысы келетін 56 жасты кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мамандарымен кездестіріп, қажетті ақпараттар берілді. Нәтижесінде 20 жас өз жобаларын ұсынып, бүгінгі таңда кәсіпкерлік мектебінің мамандарының көмегімен жобаларын нақтылап жатыр.

Жастарды жұмыспен қамтуды үйлестіру

2018 жылы Сарыағаш ауданы “Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы” шеңберінде 9761 азаматты жұмыспен қамту шарасына қатыстыру жоспарланған, 9761 азаматтың 2495-і 16-29 жас аралығында жастар. Ағымдағы жылдың 6 айлығында 2128 жасқа әлеуметтік қолдау көрсетілді.

Бірінші бағыт: (Қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету) бойынша 2018 жылға 29 мамандық бойынша 93 жеке кәсіпкердің сұранысына сәйкес 1190 азаматты жолдау жоспарланған. Жалпы 1190 азаматтың ішінде жастар саны 382. Бүгінде қысқа мерзімді кәсіптік оқудың аспаз, тігінші, шаштараз шебері, сылақшы т.б. түрлі мамандақтар бойынша 340 жас білім алуда.

Екінші бағыт: (Бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту) 2018 жылы шағын несиелеу бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқыту бойынша 355 азаматты оқыту жоспарланған, оның ішінде жастар саны-48. 6 айда 34 жас кәсіпкерлік негізінде оқу курстарын оқып аяқтады. Шағын несие алу бойынша 2018 жылы 68 азаматқа шағын несие беру жоспарланса, қазіргі таңда 19 жас несие алуға Жұмыспен қамту орталығына құжаттарын тапсырды.

Үшінші бағыт: (жұмыспен қамту және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру) 2018 жылы бос және жаңа жұмыс орындарына 6716 азаматты жолдау жоспарланған. Қазіргі таңда 6 айдың қорытындысы бойынша бос жұмыс орындарына 3504 азамат жолданды, оның ішінде 1001-і жастар, сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарына 434 азамат жолдама алды. Оның ішінде 128-і жастарды құрап отыр. Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша 2018 жылдың 6 айында 28 жұмыс берушіге 428 азамат жұмысқа жолданды. Аталған 428 азаматтың ішінде жастар саны 124 жасты құрайды.

2018 жылы 350 азаматты әлеуметтік жұмыс орнына жолдау жоспарланған. Сарыағаш ауданы бойынша 57 жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінім берген. Бүгінгі таңда 508 азамат жолданды . Аталған 508 азаматтың 89-ы жастар.

2018 жылы бағдарлама аясында жастар практикасын ұйымдастыру бойынша 400 азаматты жолдау жоспарланған, 6 айдың қорытындысы бойынша 427 азамат жастар практикасынан өтуге жолданды.

Жастарға арналған қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту

2017 жылы «Қолжетімді баспана -2020» бағдарламасы аясында 36 пәтері бар көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілген, оның 12 пәтері кезекте тұрған жастарға берілді. 2018 жылы тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінде тұрған жастар саны – 268. Сондай-ақ, ағымдағы жылдан бастап аудан тұрғындары соның ішінде жастар мен жас отбасылар арасында «Нұрлы жер», «7-20-25» бағдарламаларын насихаттау жұмыстары жүргізілуде.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру

«Жастар ресурстық орталығы»коммуналдық мемелекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен ауданымызда жастар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорт пен оның пайдасын насихаттау, жастар арасында есірткі және оның денсаулыққа тигізер кері әсері туралы, зиянды әрекеттер мен келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында қала, кент, ауыл, ауылдық округтер мен арнаулы орта оқу орындарында «Спортты серік ет», «Спорт бізді біріктіреді», «Спорт- бейбітшілік елшісі», «Біз зиянды әрекеттерден аулақпыз», «Дені саудың жаны сау» және т.б. тақырыптарда жастар арасында спорттық ойын түрлерінен 37 кездесулермен жарыстар, көкпар ойындары болып өтті.

Жастарға психологиялық қызмет көрсету

Жастарға психологиялық қызмет көрсету бағыты бойынша жастар арасында өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша 2017жылдың 6 айында 37 жас (35-і оқталған, 2-еуі аяқталған) тіркелсе, 2018 жылдың 6 айында 27 жас (25-і оқталған, 2-еуі аяқталған) тіркелген. Өткен жылмен салыстырғанда 10 жасқа азайған. Оқталу фактісі бойынша тіркелген жастармен психолог мамандар дер кезінде арнайы жұмыстар жүргізіп, бұл азаматтармен жеке әңгімелесулер өткізілді. Психолог мамандардың тұрақты жұмыс жүргізуі нәтижесінде қазіргі таңда бұл жастардың жағдайлары жақсы.

Жастар мен жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау фактілерінің алдын алу мақсатында 2018 жылдың 6 айында «Өмір сен маған қымбатсың», «Аутодеструктивтіктің алдын алу», «Менің болашағым жарқын», «Өмірім бәрінен де қымбат» т.б. тақырыптарда 15 семинар тренингтер, 25 пікір алмасу жұмыстары, 41 кездесулер өткізіліп, Жалпы кездесулер мен семинар тренингтерге 5894 жас қамтылды.

2018 жылдың 6 айында жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында қала, кент, ауыл, ауылдық округтерде орта және арнаулы орта оқу орындарында қыздар арасында «Қыз тәрбиесі – қоғам тәрбиесі», «Қыз бала – ұлттың ұяты, халықтың шырайы », «Бүгінгі – бала, ертеңгі ата-ана» және тағы басқа да тақырыптарда 42 кездесу, 16 семинар тренинг ұйымдастырылды. Жалпы кездесулер мен семинар тренингтерге 5684 жас қамтылды. Нәтижесінде жасөспірімдер арасында ерте жүктілік фактісі бойынша ағымдағы жылдың 6 айында 37 жасөспірім тіркеліп (2017 жылдың 6 айында 38 жасөспірім тіркелген), былтырғы жылмен салыстырғанда 1 жасөспірімге азайып отыр.

Еріктілер жұмысын жандандыру бағыты

Сарыағаш ауданындағы ерікті жастардың қатысуымен 2018 жылдың 6 айында 36 іс-шара ұйымдастырылды. Оның ішінде 9-ы қайырымдылық іс-шарасы, атап айтқанда, Сарыағаш қаласындағы балалар ойнайтын алаңшаларына әктеу, сырлау, тазалау жымыстарын және Қасиетті Рамазан айында «Рахмет, Рамазан» тақырыбында аудан тұрғындарына құрма мен су таратты. Шығыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен аудандарға азық-түліктер мен киімдер жіберілді және «Жақсылық етсең адамға, береді Алла саған да» акциясы аясында аз қамтылған жағдайы төмен және көп балалы отбасыларға Сарыағаш қаласында 10 отбасына, Дарбаза ауылдық округінде 12 отбасына, Қызылжар ауылдық округінде жағдайы төмен 1 отбасына, Жемісті ауылдық округі, Тың елді мекенінде болған өрттің салдарынан зардап шеккен 4 отбасына «Жастар бей-жай қарамайды» атты тақырыптарда қолдау ретінде азық-түліктер беріліп жағдайларын сұрап қайтты.

Жастарды мәдени,азаматтық және рухани адамгершілік құндылықтарға тарту

2018 жылдың жарты жылдығында жастар мен жасөспірімдер арасында 54 іс-шара ұйымдастырылды. Атап айтқанда Жайдарман ойындары, ұлттық аспап домбыраны насихаттап «Домбыра пати», жастардың бойына ұлттық әдет-ғұрыпты сіңіру мақсатында «Пай-пай қазақтың келіндері-ай», «Бозбала мен бойжеткен» және «Ибалы ұл, инабатты қыз – өмір көркі», «Қызым үйде, қылығы түзде», «Достық мәңгі жасасын», «ХІІІ Ұлттық жастар дельфилік ойындары» тағы басқа да тақырыптарда іс-шаралар болып өтті.

Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу бағытындағы іс-шаралар ұйымдастыру

Жастардың бойында патриоттық рухты дамыту, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында 2018 жылдың 6 айында 18 іс-шара өткізілді «Тағдырын білем ауған даласының» тақырыбында кездесулер, 9 мамыр Жеңіс күніне орай қала, кент, ауыл, ауылдық округтерде ерікті жастардың қатысуымен «Ерлікке тағзым» акциясы, «NOMAD» әскери оқу дала жиыны, 4 маусым Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздері күніне орай «Патриоттар форумы», «Менің Қазақстаным-менің болашағым», «Менің елім» фестивалі, «Шекарашыларға мың алғыс», «Менің атам батыр», «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы, мемлекеттік тумен селфи шаралары және «Ана мен бала» аллеясын тазалау жұмыстары ұйымдастырылып өткізілді. Сондай-ақ жастарды әскер қатарына шақырту туралы, отан алдындағы борышын өтеу абыройлы міндет екендігі жайлы қала, кент, ауыл, ауылдық округтердегі жастарға түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Ақпараттық сүйемелдеу

2015 жылдан бастап Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінде «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми парақшалары жұмыс жасайды, қазіргі таңда оқырмандар саны 4965 жетіп отыр. Белсенді жастардың өмірі мен түрлі іс-шаралар жайлы Instagramдағы ресми парақшада 265 пост, Facebookтағы ресми парақшада 317 пост, жалпы 582 пост жарияланған. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарында атап айтқанда «СӘТ» телеарнасында жастар туралы 17 материал жарияланса, «Сарыағаш» қоғамдық саяси газеті, «Сәтті» газеті, «Оңтүстік Қазақстан» және «Шапағат» газеттерінде талантты, ерікті жастар жайлы орталық инспекторлары тарапынан жазылған мақалалар және жастар орталығының басшылығымен ұйымдастырылған іс- шаралар туралы 47 мақала жарияланды.

Құқықбұзушылықтың, маскүнемдік пен нашақорлықтың алдын алу

Жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. 2017 жылдың 6 айында кәмелетке толмаған жастар арасында 8 қылмыс орын алған болса, 2018 жылдың 6 айында 12 қылмыс орын алып 4 дәйекке өскен. Орын алған қылмыстарға сараптама жүргізу барысында 12 қылмысты жасауға 11 жасөспірім қатысқан. Оның ішінде мектеп оқушылары мен колледж студенттері бар. Жас мөлшері бойынша 14-15 жас аралығындағы жасөспірімдер саны – 2, 16-17 жас аралығындағы жастар саны -9.

Нашақорлық фактісі бойынша 2016-2017-2018 жылдары 5 жас тіркелген. (Сарыағаш қаласы-2, Жартытөбе-2, Жібек жолы- 1) Осыған байланысты жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында, Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасы, аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық білім бөлімі, Сарыағаш қаласы әкімі аппаратының қызметкерлері, «Нұр Отан», «СӘТ» телеарнасының қатысуымен Olimpkz, In Bet, Кеnо,1x Bet, букмекерлік кеңселеріне және ойын сауық орындарына, жастар көп шоғырланатын жерлерде жасөспірімдердің түнгі уақытта келуіне тыйым салу мақсатында 2018 жылдың бірінші жарты жылдығында 97 рет рейдтік шаралар өткізілді.

Маскүнемдік пен нашақорлықтың алдын алу бойынша 2018 жылдың 6 айында жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлық, маскүнемдік пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы бағытталған іс-қимыл қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штаб мүшелерімен бірге қала, кент, ауыл, ауылдық округтер мен арнаулы орта оқу орындарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жастар мен жасөспірімдер арасында есіркі қолдану және оның денсаулыққа келтірер зияны жайлы, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, спортпен айналысуға, келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен 42 кездесу мен спорттық сайыстар ұйымдастырылды.

Діни экстремизм мен керағар ағымдардың алдын алу

2018 жылдың бірінші жарты жылдығында жастар арасында жастардың радикалды көзқарастан арылуына бағытталған орталықтың теолог мамандары мен ауыл имамдарынан құралған ақпараттық-түсіндірме топ мүшелерімен Сарыағаш ауданындағы қала, кент, ауыл, ауылдық округтерде жастарға, балабақша қызметкерлеріне, мемлекеттік мекемелер қызметкерлеріне «Имандылық жарасады ұл-қызға», «Дін татулыққа, бірлікке шақырады», «Ислам діні біздің рухани негізіміз», «Экстремизм мен терроризмге жол жоқ», «Діни тұрақтылық қоғам қауіпсіздігінің кепілі», «Зайырлы мемлекет. Қоғам. Дін» тағы басқа да тақырыптарда 57 кездесу жиыны өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

EGOV

QAMQOR

АСТАНАҒА 20 ЖЫЛ

АУДАН ТУРАЛЫ

БАҚ

ЖОЛДАУ

ҚАУІПСІЗ АУДАН

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ТҚК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

СІЛТЕМЕЛЕР

СІЛТЕМЕЛЕР

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР