DSC_8621
DSC_8616
DSC_8615
DSC_8603
DSC_4594
_DSC6077

Мемлекеттік қызметке кіру бойынша ақпарат

Заңның 26-бабына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік лауазымдарына алғаш рет түсетін немесе мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін оған қайтадан кіретін азаматтар мынадай іріктеу кезеңдерінен өтеді:

1) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тесттен өту;

2) уәкілетті органның қорытындысын ала отырып, жеке қасиеттерін бағалату;

3) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурс.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның 2015 жылғы 29 желтоқсандағы бұйрығымен жаңа Ереже (бұдан әрі – Ереже), мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшілерді, мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеуді ұйымдастыру және бағдарламалары бекітілді.

«Б» корпусы мемлекеттік лауазымдарына кандидаттардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу (заңнаманы білуге арналған тестілеу) Ережесіне  сәйкес тестілеу үш бағдарламадан тұрады.

Бірінші бағдарлама: 9 Заң, 110 минут, тестілеуден өту мәні – барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санының (135 сұрақ) 95 – тен кем емес дұрыс жауаптар және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша 5 – тен кем емес дұрыс жауаптар;

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ),
  2. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ),
  3. «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ)
  4. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ),
  5. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ),
  6. «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ),
  7. «Құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ),
  8. «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ),
  9. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ)

Екінші бағдарлама:  8 Заң, 100 минут, тестілеуден өту мәні – барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санының (120 сұрақ) 72 – тен кем емес дұрыс жауаптар және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша 5 – тен кем емес дұрыс жауаптар;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ),
  2. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ)
  3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ),
  4. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ),
  5. «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ),
  6. «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ),
  7. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ),
  8. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ)

Үшінші бағдарлама: 6 Заң, 80 минут, тестілеуден өту мәні – барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санының (90 сұрақ) 45 – тен кем емес дұрыс жауаптар және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша 5 – тен кем емес дұрыс жауаптар.

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ),
  3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ),
  4. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ),
  5. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ),
  6. «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ),
  7. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ)

Заңнаманы білуге арналған тестілеуден өту барысында шекті мәннен жоғары нәтижелер алған кандидат 20 минуттың ішінде автоматтандырылған жеке қасиеттерін бағалау тестілеуіне жіберіледі.

Автоматтандырылған жеке қасиеттерін бағалау шеңберінде кандидаттардың даму деңгейлері анықталады: жігерлілігі, коммуникативтілігі, талдамалылығы, ұйымдастырушылығы, мінез-құлқы, сапаға бағдарлануы, тұтынушыға бағдарлануы және сыбайлас жемқорлыққа шыдамсыздығы.

Заңнаманы білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша сертификат, жеке қасиеттерін бағалау нәтижелері бойынша – қорытынды беріледі.

Олар бір жыл ішінде қолданылады және мемлекеттік органдармен әңгімелесу нысанында өткізілетін үшінші сатыға – жалпы конкурсқа қатысу үшін құжаттардың ажырамас бөлігі болып табылады.

EGOV

QAMQOR

АСТАНАҒА 20 ЖЫЛ

АУДАН ТУРАЛЫ

БАҚ

ЖОЛДАУ

ҚАУІПСІЗ АУДАН

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ТҚК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

СІЛТЕМЕЛЕР

СІЛТЕМЕЛЕР

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР