DSC_8621
DSC_8616
DSC_8615
DSC_8603
DSC_4594
_DSC6077

Бабадан қалған жауһар жыр

Қу тақтайға қос ішек байлап, күңіренте сөйлеткен қазақтан асқан кім бар?Қос ішектің әуезді үнімен көркем жырды үйлестіріп, жұртының жүрегіне дүп басып, жеткізе білгенде осы қазақ халқы. Қасиетті халқымызда қара өлеңнің қаймағын қалқып тыңдаушысына сүйкімді сөздің мәйегін ұсынған тұлғалар өте көп. Солардың бірі Алла берген арынды жыршылық қабілетімен Алаштың ақ батасын арқалаған Абылай жырау десек қателеспейміз.

Бүгін 23 қаңтар күні Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде Сарыағаш өңірінің тумасы, дүлділдеріміздің бірі Абылай Асқарұлы Бөріхановтың «Бабадан қалған жауһар жыр» атты шығармашылық кеші өтті.

Бөріханов Абылай Асқарұлы 1963 жылы 20 қаңтар күні ОҚО Сарыағаш ауданы Мақташы ауылында дүниеге келген.

1971 жылы Сарыағаш қаласындағы №10 Қ.Сатпаев атындағы мектеп интернатының табалдырығын аттап, 1981 жылы Коммуна орта мектебін бітіріп,1981-1983 жылдары әскер қатарында болып, 1984 жылы Жетісай қаласындағы Мәдени ағарту училищесіне оқуға түседі. 1985 жылдан бастап осы күнге дейін мәдениет саласында қызмет етіп келеді. Кәзіргі таңда Ұшқын ауыл округіне қарасты Ұшқын ауылдық клубының меңгерішісі болып қызмет атқарады.

Бала кезінен жыршылық термешілік өнеріне құмар болған, Абылай Бөріхановтың кешінде өмірбаяны туралы бейнефильмен көрсетіліп, жүргізуші Жарқынбек Наушабеков көрермендерге жыршыны таныстырды. Шығармашылық кеште қонақ болған Жақып Сыпатаев,Кеңес Әшірбаевтар және шәкірттері Ахат Бөріханов,Нұртуған Абылайұлы,Өсербай Бөріхановтар өнер көрсетті. Ордабасы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жылқыбай Құрманәлі,Ұшқын а/о әкімі Сексенбаев Алмас Икрамұлы, Ұшқын ауылының ардагері Полатов Тасбол Сыздықұлы және Сарыағаш ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жаншуақов Әбіләзім Қалтайұлы сөз сөйлеп аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

EGOV

QAMQOR

АСТАНАҒА 20 ЖЫЛ

АУДАН ТУРАЛЫ

БАҚ

ЖОЛДАУ

ҚАУІПСІЗ АУДАН

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ТҚК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

СІЛТЕМЕЛЕР

СІЛТЕМЕЛЕР

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР