DSC_8621
DSC_8616
DSC_8615
DSC_8603
DSC_4594
_DSC6077

«Экспорттаушы 2020» және «Өнімділік 2020» бағдарламалары шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің интернет-ресурстарын құру және іске қосу қызметтерін төлеу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Маркетингтік зерттеулер бойынша көрсетілетін қызметтерді төлеуге шығындардың бір бөлігін өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Шетелде, сондай-ақшетелдіккеңесші-сарапшылардыиндустриялық-инновациялық қызмет субъектілері-кәсіпорындарына шақыру арқылы экспортты басқару, оның ішінде экспортқа бағдарланған өнімді өндіру саласындағы экспортты басқару саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді оқыту бойынша көрсетілген қызметтерді төлеуге жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Франшизаны тартуғ ашығындардың бір бөлігін өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Шетелге экспорттау мақсатында өнімді сертификаттауға және тауарлық белгіні тіркеуге байланысты рәсімдерді жүргізуге шығындардың бір бөлігін өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Экспорттаушыларды сервистік қолдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Өнімділік 2020» бағдарламасы шеңберінде инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптама жасау үшін шығындардың бір бөлігін төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділетминистрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділетминистрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділетминистрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрін ежүктелсін.

4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтіз белік он күн өткенсоң қолданысқа енгізіледі.

ҚазақстанРеспубликасының

Инвестициялар және даму

министрінің міндетін атқарушы                                                                                                                  А. Рау

 

EGOV

QAMQOR

АСТАНАҒА 20 ЖЫЛ

АУДАН ТУРАЛЫ

БАҚ

ЖОЛДАУ

ҚАУІПСІЗ АУДАН

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ТҚК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

СІЛТЕМЕЛЕР

СІЛТЕМЕЛЕР

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР