DSC_8621
DSC_8616
DSC_8615
DSC_8603
DSC_4594
_DSC6077

Ішкі саясат саласы

Ауданның ішкі саясат бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын халыққа түсіндіру мен насихаттау мақсатында ауданда 29 мүшеден тұратын 7 аудандық ақпараттық-насихаттық топ құрылып, қала, кент, ауыл және ауылдық округтерге қарасты елді мекендері тұрғындарымен кездесулер кестесі жасалып, бүгінгі таңға 107 кездесу өткізілді. Елбасының Жолдауын насихаттау бойынша республикалық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері 1 кездесу, облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері 5 кездесу өткізді. Өткізілген кездесулерде 13050 адам қамтылды. Қала, кент, ауыл және ауылдық округтерге ақпараттық сүйемелдеу мақсатында 26 билборд орналастырылды.

Қазіргі таңда Жолдау бойынша аудандық БАҚ-та 275 материал жарық көрген. Атап айтқанда, СӘТ телеарнасында – 72 сюжет, Сарыағаш қоғамдық-саяси газетінде 13, Шапағат.KZ қоғамдық-саяси газетінде 5, Сәтті әлеуметтік-экономикалық ақпараттық газеті 10, интернет ресурстарда – 48 материал, әлеуметтік желілерде – 19 пост, 108- нен астам пікір жарияланған.

Аудан бойынша көрнекі ақпараттық құралдар туралы

Қала, кент, ауыл және ауылдық округтердегі көрнекті ақпараттық құралдарды қалыпқа келтіру және жаңарту жөнінде әкімдерге тапсырмалар 12.03.2018жылы №80 хат, 28.03.2018жылы №96 хат беріліп, қазіргі ескі үлгідегі билбордтар жаңартылуда. Бүгінгі таңда аудан көлемінде 49 билборд орнатылды, 26 данасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын ақпараттық сүйемелдеу мақсатында.

Мемлекеттік рәміздер бойынша

Ауданда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің қолданылуы мен насихатталуы бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Төрағасының 2014 жылғы 14 маусымдағы №158-од бұйрығымен бекітілген ҚР СТ989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы, Техникалық шарттар» ұлттық стандартына сәйкестендіру жөнінде аудандағы мекеме басшылары мен қала, кент, ауыл және ауылдық округтер әкімдеріне 11.01.2018ж №5 хат жолданып, жұмыстар атқарылуда.

Қоғамдық-саяси ахуал бойынша

«Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын» іске асыруға жергілікті бюджеттен қаржы қаралмаған.

2018 жылдың 6 наурыз күні 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында белсенді қызмет жасап жатқан аудандағы бір топ әйел азаматтарына аудан әкімінің алғыс хаттары мен сыйлықтары табыс етілді. Сондай-ақ аудандық мәдениет үйіне жиналған әйел азаматтарына толық сыйлықтар берілді.

2018 жылдың 6-7 наурыз күндері аудандағы 100-ге келген және тұрмысы төмен отбасындағы аналардың үйіне барып құттықтаулары ұйымдастырылды.

2018 жылдың 4-9 наурыз күндері аудандағы барлық қала, кент, ауыл және ауылдық округтерде 8 наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жоғары дәрежеде өткізілді.

2018 жылдың 7-8 наурыз күндері облыс әкімінің Тыл, Еңбек ардагер аналарды құттықтаулары ұйымдастырылды.

Соныменқатар, 2018 жылдың 7 наурызкүніауданныңтұрғыны, көпбалалыанаА.ТүзелбаеваҚазақстанРеспубликасыныңПрезидентіН.Назарбаевтыңқолынан «Алтын алқа» белгісіналды.

Аудандағыәлеуметтікшиеленістудыруымүмкінмәселелердіңалдыналубойынша 2018жылғаарналғанжылдықжоспаржасалынып, жоспарғасәйкестиістіжұмыстаратқарылуда.

Бүгінгітаңда2мәселе «ыстықнүктелер» қатарындатұр.

2017 жылы «Әлеуметтікпсихологиялықсүйемелдеуқызметі» орталығыашылғанболатын, осы орталықпенбірлесе Абай ауылындажәнеаудандағыбарлықауылдықокругтердеорналасқанмектептерде «Зорлық-зомбылықсызОңтүстік» аттыакцияларжүргізілуде.

Аудан көлемінде бүгінгі таңда 6 БАҚ жұмыс жасауда. Олар: «Сарыағаш» қоғамдық-саяси газеті, «СӘТ» Медиа-Холдинг ЖШС телеарнасы, «Шапағат KZ» тәуелсіз газеті, Сарыағаш радиосы, «Сәтті» газеті, «С-Информ» газеттері. Ауданның мемлекеттік ақпараттық саясат барысындағы жұмыстар «Сарыағаш» қоғамдық-саяси газетінде тұрақты жариялануда.

Сондай-ақ, республикалық 12 телеарна, облыстық 1 телеарна, 2 республикалық радио хабар таратуда.

2018 жылдың қаңтар-наурыз айларында жалпы саны-133 материалдар (жағымды материалдар –56, бейтарап – 11, жағымсыз – 67) жарияланған.

2018 жылы ауданға қатысты республикалық және облыстық БАҚ-да – 67 сыни материал жарияланған. Оның ішінде: газеттер мен телеарналарда, білім саласы бойынша-5, коммуналдық мәселе бойынша- 2 (оның ішінде ауыз су-1, газ мәселесі-1), заң бұзушылық бойынша-1, денсаулық саласы бойынша-2.

«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ауданда ақпараттық сүйемелдеу жұмыстары тұрақты атқарылып келеді, арнайы медиа жоспар жасалынды.

Ақпараттық-талдаубағдарламаларыаясындабаспа БАҚ беттеріндеарнайыайдарларашылды. Аудандық «Сарыағаш» қоғамдық-саяси газеті беттерінде мақалалар жариялануда және «СӘТ» теленарнасында бағдарламааралықсюжеттеркөрсетіліміұйымдастырылуда. «Сарыағаш» радиоарнасында аудио-ролик айналымыменқамтамасызетілуде.

Бүгінгі күнге дейін бағдарламалық мақала бойынша аудандық БАҚ беттерінде 393 мақала жарияланып, оның ішінде «СӘТ» телеарнасында 27 сюжет, интернет кеңістіктерде- 91 материал, әлеуметтік желілерде -117 пост, 280 тан астам пікірлер мен ұсыныстар жарияланды.

Сонымен қатар бұл айдарлар мен сюжеттер барысында аудандағы қоғам, мәдениет қайраткерлері, бизнес өкілдері, саяси сарапшылар, қоғамдық пікір көшбасшыларының пікірлері, сұхбаттары, мақалалары жариялануда.

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес бағыты

Оңтүстік Қазақстан облысындағы нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру бойынша аудан әкімдігінің 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы № 51 қаулысымен 05.02.2018 жылы бекітілді.

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру мақсатындағы Сарыағаш ауданындағы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар ұйымдастыруға ауданның «Сарыағаш», «Шапағат.kz» қоғамдық саяси газеттері және «Сәтті» әлеуметтік-экономикалық ақпараттық апталық газеті, «Сәт» медиа-холдингі ЖШС-да ішкі саясат бөлімінің 2018 жылғы медиа-жоспарына сай «нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес» туралы жыл басынан бері «Жастар және нашақорлық», «Індет қоғамнан аласталуы қажет», «Есірткі құрдымға апаратын жол» тақырыптарында 4 мақала жарық көрді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған іс-шаралар

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыруға арналған іс-шаралар жоспарын Оңтүстік Қазақстан облысында орындау бойынша бекітілген іс-шаралар жоспарын Сарыағаш аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп тиісті жұмыстар атқарылуда.

Сарыағаш ауданында «Есіктен есікке» бағдарламасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы аудан халқына кең көлемде түсіндіру мақсатында барлық бағыттағы қоғамдық көліктерде арнайы парақшалар ілінді. Оған қоса барлық халық көп жиналатын орындарда арнайы парақшалар және коммуналдық қызметтерге берілетін түбіртектер арқылы таратылып толық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан бөлек Сарыағаш қаласының “Төле би” орталық алаңында сынамалы тәртіпте іске қосылған “Есіктен Есікке” бағдарламасы аясында “Парасыз болашаққа, Бірге!” тақырыбымен аудандық мобильді топты салтанатты шығарып салу рәсімі болып өтті. Мобильді топ арнайы безендірілген микроавтобустармен бекітілген кесте бойынша елді-мекендерді, орта оқу орындарын аралап, ақпараттық жадынамаларды таратып, тұрғындармен түсіндіру, қоғамдық қабылдау жұмыстарыжүргізілуде.

EGOV

QAMQOR

АСТАНАҒА 20 ЖЫЛ

АУДАН ТУРАЛЫ

БАҚ

ЖОЛДАУ

ҚАУІПСІЗ АУДАН

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ТҚК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

СІЛТЕМЕЛЕР

СІЛТЕМЕЛЕР

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР