DSC_8621
DSC_8616
DSC_8615
DSC_8603
DSC_4594
_DSC6077

“ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ”

Бүгін Сарыағаш ауданы “Жеңіс” саябағында 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесі мен Ұлы жеңістің 73 жылдығына арналған ” Ерлікке тағзым” атты мерекелік салтанатты жиын өткізілді. Іс-шара Ұлы жеңіс құрметіне қойылған ” Даңқ” мемориалына ауданның зиялы қауым өкілдері мен ҰОС ардагерлерінің гүл шоқтарын қою рəсімімен басталды. Мерекелік іс-шараны аудан əкімі Қ. Абдуалиев ашып беріп, аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады.ҰОС ардагерлеріне арнайы сый-сияпатын табыстап, қорғаныс саласында қызмет етіп жүрген азаматтарға алғыс хат табыстады. Келесі құттықтау сөздерді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М. Сүлейменов жəне Сарыағаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім бастығы, подполковник Б.Исаевтар құттықтауларын жеткізді. Құттытаулардан соң аудандық мəдениет үйі Халықтық драма ұжымының “Жаралы гүлдер” атты театрландырылған көрінісі қойылды. Көрініс соңынан Қазақстанның еңбек сіңірген əртісі, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Қапаш Құлышева С.Сейфуллиннің əні “Біздің жақта” əнін орындап көрермендердің ықыласына бөленді. Жəне 32039 əскери бөлім жас сарбаздары қоян-қолтық күресін көрсетті. Осы сəтте Жамбыл облысы, Отар əскери базасында Ұлы жеңістің 73 жылдығына жəне Отан қоғаушылар күніне арналған мерекелік жауынгерлік шеру қонақтарға, көрермендерге тікелей эфирден көрсетілді.

 

EGOV

QAMQOR

АСТАНАҒА 20 ЖЫЛ

АУДАН ТУРАЛЫ

БАҚ

ЖОЛДАУ

ҚАУІПСІЗ АУДАН

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ТҚК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

СІЛТЕМЕЛЕР

СІЛТЕМЕЛЕР

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР