DSC_8621
DSC_8616
DSC_8615
DSC_8603
DSC_4594
_DSC6077

Мемлекеттік жастар саясатын ауданда іске асырылу барысы туралы есебі

Ауданда мемлекеттік жастар саясатының негізгі басымдықтарын іске асыруға, жастарды қолдау және жан-жақты дамуға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.

Аудандағы жастар саны : 91288

Тұрғылықты жері бойынша : қалада 12056, елді мекендерде 79232 жас тұрады.

Арнаулы орта оқу орындары саны : 7

Ондағы студенттер саны: 4947 (мемлекеттік грантта 2132 жас білім алуда)

Жатақхана саны : 5

Аудандық жастар ресурстық орталығында штат саны : 40.5

Жастар арасында құқықбұзушылықтың, маскүнемдік пен нашақорлықтың алдын алу бағыты бойынша АІІБ-сы, аудандық білім бөлімі және ішкі саясат, спорт және денешынықтыру бөлімдерінің келісімімен 2017 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес бүгінгі таңға 34 жерде кездесу және 114 рет рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайлардың алдын алу бойынша «Жасыруға болмайтын жағымсыз ақиқат», «Өмір сен маған қымбатсың», «Өмір жаратқанның аманаты» тақырыптарында қала, кент, ауыл және ауылдық округтер мен арнаулы орта оқу орындарында 47 рет кездесулер мен семинар тренингтер өтті. Кездесулер мен семинар тренингтерге 5120 жас қатысты.

Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын-алу мен қыз бала тәрбиесіне қатысты оқушы қыздардың арасында «Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?» , «Арыңды сақта бойжеткен», «Қызға қырық үйден тыйым» тақырыптарында Кұркелес, Жібек жолы, Қызылжар, Жартытөбе, Біртілек, Алпамыс батыр, Жылға, Ошақты, Тегісшіл, Дербісек, Абай ауылы, Ақжар, Қапланбек, Жемісті, Қошқарата, Дарбаза ауылдық округтерінде, Көктерек кентімен Сарыағаш қаласында кездесулер өтті.

Ауданда оқушылар мен жастар арасында нашақорлықтың және есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штаб мүшелерімен бірге Ақжар, Дербісек, Жібек жолы, Жемісті, Қапланбек, Қызылжар, Жартытөбе, Құркелес, Тегісшіл, Әлімтау, Жылға, Дарбаза, Ақтөбе, Бірлесу, Жүзімдік, Алпамыс батыр, Ұшқын, Қошқарата, Біртілек, Бозай, Жамбыл, Бірлік, Ошақты ауылдық округтері, Абай ауылы, Сарыағаш қаласы, Көктерек кенті мен арнаулы орта орта оқу орындарында кездесулер өтті. Жастар мен жасөспірімдер арасында есірткі қолдану және оның денсаулығына келтірер зияны, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, дене шынықтыруға, спортпен айналысуға үйрету келеңсіз жағдайлардың алдын – алу мақсатында аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 63 рет кездесулер мен спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

Ауданда “Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы” шеңберінде жалпы бағдарламаға 7916 адамды қатыстыру жоспарланған болса, оның ішінде 16-29 жас аралығында 1942 жас азаматты бағдарламаның бағыттары аясында әлеуметтік қолдау көрсету жоспарланған. Ағымдағы жылдың 12 айлығында 3540 жасқа әлеуметтік қолдау көрсетілді. (жылдық жоспар 182 %-ға орындалды)

Бірінші бағыт: (Қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету)

Қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету бойынша 2017 жылға жалпы 1639 азаматты қайта даярлау және кәсіби даярлау курстарынан өткізу жоспарланған. Жалпы 1639 азаматтың 842-і 16-29 жас аралығындағы жастар қамту көзделген. 12 айдың қортындысы бойынша 845 жас қайта даярлау курстарына жолданды.

Екінші бағыт: (Бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту)

Кәсіпкерлік негіздерде оқыту 2017 жылға жалпы 300 азамат жоспарланса, 12 айында 210 азамат оқыды. Оның ішінде 32-і жастар. Сондай-ақ, шағын несие беру бойынша 2017 жылға 300 азаматты қамту жоспарланып, аталған 300 азаматтың 181-і шағын несие алды. Оның ішінде 18-і жастар.

Үшінші бағыт: (Жұмыспен қамту шараларының көрсетілуі).

Тұрақты жұмыс орындарына 2017 жылы 4819 азамат жолдау жоспарланған. 12 айдың қорытындысы бойынша бос жұмыс орындарына 6976 азамат жолданды, оның ішінде 1425-і жастар, сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарына 1530 азамат жолдама алды. Оның ішінде 410-і жастар.

Ақылы қоғамдық жұмыс:

Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша 2017 жылға жоспар 700 болса, 733 азамат қамтылып, оның 228-і жастарды құрап отыр.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру:

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша 2017 жылға жоспар 300 болса, 447 азамат әлеуметтік жұмыс орнына тартылды, оның 181-і жастарды құрайды.

Жастар практикасын ұйымдастыру:

Жастар практикасы бойынша 2017 жылға жоспар 350 құрады. 12 айдың қорытындысы бойынша 388 азамат жастар практикасынан өтуге жолданды.

2017 жылы 368 жас ресми жұмыссыз болып тіркелген.

ЖАСТАРДЫ КӘСІПКЕРЛІККЕ БАУЛУ

2017 жылы кәсіпкерлік негіздері бойынша жұмыссыз 200 жасты оқытып, кәсіпкерлікке тарту жоспарланған. Бүгінге кәсіпкерлік мектебінде аудан бойынша 72 жас оқудан өтті.

«Ырыс» микроқаржы ұйымы арқылы 19 жас несие алды.

Сонымен қатар, жастар кәсіпкерлігін дамыту мақсатында жастар корпусын дамыту пилоттық жобасы аясында Сарыағаш ауданында 10 ауылдық округте түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жаспрожект жобасына ауданнан бірнеше жоба ұсынылып 9 жоба мақұлданып, әр қайсысы 1000000 тг қайтарымсыз грантты жеңіп алды, грантты иеленген жастар бүгінгі күнге өз жұмыстарын бастады.

Атап айтқанда: Ақтөбе ауылдық округінің жас тұрғыны Нұрматхан Ерғали кіші кинотеатр ашу, Дарбаза ауылдық округінен Берсугуров Ерік “Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту” курсын ашу, Қызылжар ауылдық округінен Жанысов Айбек аяқ киім тігетін шеберханасын ашу, Дүйсенов Ернар наубайхана ашу, сондай-ақ Ұшқын ауылдық округіне ауыл спортын дамыту үшін спорт алаңшаcын құру, Кұркелес ауылдық округінен Құдайберген Балжан ағылшын тілін оқыту курсы, Сарыағаш қаласынан Мусабекова Гулжамал қарияларға қызмет көрсету, Андасов Онгар «Зейін» білім беру орталығы, Кадрбекова Алия «Еркежан» сұлулық салоны өз жұмыстарын бастады. Әр жобаға 3 жастан топ болып өз кәсібін жүргізеді, яғни осы жоба бойынша 21 жас жұмыспен қамтылып, кәсіпкер атанып отыр.

2017 жылы қала, кент, ауыл және ауылдық округтерде «Дипломмен ауылға», «Мәңгілік ел жастары-Индустрияға» жобаларын, «Жастар практикасы», «Нұрлы жер» бағдарламасын жастар арасында түсіндіру бойынша 65 рет кездесу ұйымдастырылып, 5100 жас қамтылды. «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 146 жас білім алып жатыр. Сарыағаш ауданы бойынша 35 жас шет елде оқиды. 5 жас Египетте, 4 жас Сауд Арабиясында, 11 жас Туркияда, 6 жас Қытайда, 4 жас Ресейде, 1 жас Өзбекстанда сондай-ақ, АҚШ, Малайзия, Тәжікістан, Оңтүстік Корея елдерінде білім алып жатыр.

Сарыағаш ауданындағы ардагерлер кеңесімен меморандум аясында ерікті жастар ҰОС-ы ардагерлерімен 24 рет кездесулер, 31 рет қайырымдылық шаралары жасалды.

2017 жылы жастар ресурстық орталығы тарапынан 220 түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, 14260 жас қамтылды. Оның ішінде мәдени, адамгершілік-рухани бағытында 25, психологиялық көмек көрсету бағытында 36, патриоттық, ақпараттық-насихаттық бағытында 38, еріктілер қызметін жандандыру бағытында 27, кәсіпкерлік бағытында 11, салауатты өмір салтын қалыптастыру 28, ұлтаралық татулық пен әлеуметтік келіспеушіліктің алдын алуға бағытталған іс-шаралар 32.

Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша: ауданда 116 спорт залдары жұмыс жасауда. Жалпы 295 спорттық үйірмелерде 10305 жас спортпен шұғылдануда, оның ішінде маргиналды жастар да қамтылған.

Сондай-ақ, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы елдің өркендеуіне серпін берді. «Он үшінші территория» бүгінде ерекше бір рухани серпілісті бастап кетті. Мемлекет басшысы айқындап берген өзекті мәселелер төңірегінде 22 жерде кездесулер өтті. Абай ауылында «Біз латын әліпбиін қолдаймыз» ұранымен жастар мен өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен велошеру болып өтті.

Жастар саясатымен байланысты мемлекеттік бағдарламаларға аудан жастарын қамту жұмыстарына тоқтала кетсем:

«ҚОЛ ЖЕТІМДІ БАСПАНА – 2020» бағдарламасы

Тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінде жастар саны – 255. Биылғы жылға 11 жас коммуналдық тұрғын үймен қамтылды. Сондай-ақ, ағымдағы жылдан бастап аудан тұрғындары соның ішінде жастар арасында «Нұрлы жер» бағдарламасын насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде салымшы ретінде 75 жас «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы өз есепшоттарын ашты.

ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА” бағдарламасы

2017 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында көтерме жәрдемақы 110 жас маманға (158830) 17 млн 471 мың тг берілді. Оның ішінде, денсаулық сақтау саласы бойынша 33 маман, білім беру саласы бойынша 75 маман, спорт саласы бойынша 1 маман, агроөнеркәсіп саласы бойынша 1 маманға берілді.

Тұрғын үй сатып алуға 27 маман (3 403 500) 91 млн 894 мың теңге несие алды. денсаулық сақтау саласы бойынша 10 маман, білім беру саласы бойынша 16 маман және спорт саласы бойынша 1 маман алды.

«ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК ЖАСАҚТАРЫ

Сонымен қатар, жастар ресурстық орталығы тарапынан жастарды жазғы маусымда жұмыспен қамту, «Жасыл ел» бағдарламасына аудан бойынша 79 жасты жұмысқа тарту жоспарланса, маусым айында 11 жас «Сарыағаш тұрмыс» мекемесі арқылы, тамыз айында «АгроФуд Қазақстан» ЖШС арқылы 45 жас «Жасыл ел» бағдарламасы аясында жұмыспен қамтылды. Барлығы 56 жас.

EGOV

QAMQOR

СТОЛИЦЕ 20 ЛЕТ

АУДАН ТУРАЛЫ

БАҚ

ЖОЛДАУ

БЕЗОПАСНЫЙ РАЙОН

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ТҚК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

СІЛТЕМЕЛЕР

СІЛТЕМЕЛЕР

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР