DSC_8621
DSC_8616
DSC_8615
DSC_8603
DSC_4594
_DSC6077

Сарыағаш ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Камбаров Галымжан Аскарович

Байланыс телефоны: 2-18-30

Сарыағаш ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының 2018

жылдың қазіргі кезге дейін атқарған жұмыстары

Сарыағаш ауданында 2018 жылдың 5 ай көлемінде ақпараттарды есепке алу кітабына (КУИ) 50 хабарламалар тіркеліп, 43 өрт туралы хабарлама қылмыс құрамы болмауына байланысты ҚР Бас прокурорының №89 бұйрығының 14 бөліміне сәйкес номенклатуралық іске көшірілген. Ал қалған 3 хабарламада қылмыс құрамының белгілері болғандықтан тергелу ретіне қарай Сарыағаш ауданының Ішкі істер басқармасына жолданған, 4 өрт номенклатуралық іске көшірілген. 2018 жылы 3 ай ішінде өрт салдарынан 1 адам қайтыс болған. Жыл басынан бері бүгінгі күнге дейін кәмелет жасына толмаған 3 қыз бала суға кетіп қайтыс болған. Оның біреуі жол апаты салдарынан суға кетсе екеуі ата-анасының қараусыз қалдыруы салдарынан суға кеткен. Осы оқиға бойынша ОҚО ТЖД Жедел құтқару жасағы мемлекеттік мекемесінің «Шардара» құтқару бөлімшесінің қызметкерлерімен бірге судан іздестіру жұмыстары жүргізіліп, денелері табылып, бұл бойынша іс құжаттар Сарыағаш АІІБ-на жолданды. Тіркелген өрт туралы хабарламалардың 2018 жылы 5 ай ішінде 4 өрт (2017 жылы 12 өрт) мемлекеттік есепке алынып, 500 мың теңге шығын келген, құтқарылған материалдық құндылық 5 млн.800 мың теңгені құрайды. (2017 жылы 4 млн. 150 мың. теңге шығын келген, құтқарылған материалдық құндылық 7 млн. теңге)

Жалпы 2018 жылғы өрт саны 2017 жылмен салыстырғанда 25% азайған.

Осы тіркелген 4 өрт оқиғасының 3 тұрғын үй жайларында, 1 электр трансформатерінде орын алған.

Өрттің шығу себептері:

Қысқа тұйықталу: 1

Қасақана от қою: 3

Пеш мұржасының ақаулығынан: 0

Ашық отты колдану кезіндегі абайсыздык: 0

2018 жылдың 5 айында өрт қауіпсіздігі ережелері мен талаптарын сақтау мақсатында, профилактикалық жұмыстар барысында ерекше тәртіп бойынша жалпы 97 білім беру объектілері нысандарына өрт –техникалық тексеру жүргізілді. Оның ішінде 17 жеке меншік бала бақшаларына, 80 мемлекеттік нысанға өрт –техникалық тексеру жүргізілді. Қалған нысандарда анықталған кемшіліктер бойынша орындау мерзімдері көрсетіліп мекеме басшыларына ұйғарымдама тапсырылды. Тексерілген нысандардың барлығы жоғары тәуекел дәрежесіне жатады. Тексерілген нысандарға жалпы 68 әкімшілік іс қозғалып, 15 ескерту түрінде, 53 лауазымды тұлға ретінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 410 бабының 1-ші және 2-ші тармақтарымен жалпы сомасы 879 мың 868 теңге айыппұл салынды. Қалған нысандарда әкімшілік хаттама толтырылып, қаулы шығару күні белгіленіп, шақырту хабарламалары берілді.

2017 жылдың 5 айымен салыстырғанда айыппұл көлемі 60 пайызға өскен. (2017 жылы 10 әкімшілік шара, 2018 жылы 68 әкімшілік шара).

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі» бойынша өтініштер тіркелмеген.

Осы бойынша төмендегі үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

БАҚ бойынша

Сарыағаш

2017 жыл

2018 жыл

ТВ

Радио

Газет

ТВ

Радио

Газет

Барлығы

4

57

10

10

60 9

Сарыағаш ауданының ТЖБ қызметкерлері төтенше жағдайлардың және өрттің алдын-алу мақсатында «Өрт қауіпсіздігін сақтау» және «Су тасқынының алдын алу қауіпсіздік ережелері» тақырыптары бойынша жергілікті «СӘТ» телеарнасы арқылы 10-рет телеарнадан сұхбат берілді, мекемелердегі радиотораптар арқылы 60-рет хабар таратты. «Сарыағаш» және «Шапағат – КZ» газет бетеріне 9-рет әр түрлі тақырыпта мақалалар жарияланды. Сарыағаш АІІБ-ның учаскелік полиция қызметкерлерімен бірге рейд іс-шаралары ұйымдастырылып, 62-рет мекеме қызметкерлері мен тұрғындар арасында жиындар өткізіліп 2350 адамға үгіт-насихат түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сарыағаш «СӘТ» теле арнасынан бүгінгі таңға дейін күнделікті жаңалықтар соңынан 4-рет «Тұрмыста өрт қауіпсіздік ережелері», «Судағы қауіпсіздік ережелері», «Көмір-қышқыл газына уланудан сақтану» тақырыптарында бейне роликтер көрсетілуде. Сарыағаш ауданындағы автобекеттерде, базарларда, және адамдар көптеп жиналатын орындарға өрт қауіпсіздігі және судағы қауіпсіздік тақырыптарында 120 дана плакаттар ілініп, ОҚО ТЖД –і дайындаған 1015 дана әр түрлі тақырыптағы парақшалары тарқатылды.

2017 жылмен салыстырған кезде халықпен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу 2018 жылы 10 пайызға көтерілген.

Ауданда 1200 –тұрғын үй иелеріне өр қауіпсіздігі және судағы қауіпсіздік ережелері бойынша 3010 адамға үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Жылыту маусымы бойынша СӘТ телеарнасы арқылы халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға жаднама парақшалар тарқатылып, газет беттеріне мақалалар жарияланды.

Сонымен қатар Сарыағаш қаласының әкімшілігімен «Жер сілкіну кезіндегі іс әрекеттер», «Тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін сақтау» және «Судағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында мекеме басшыларының қатысуымен жиын өткізіліп бейне роликтер көрсетілді.

ҚР ІІМ Көкшетау тахникалық институтына 2018 жылға үміткерлерді оқуға тарту мақсатында аудан көлеміндегі мектептерде 10 және 11 сынып оқушылары арасында үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, басқармада 1-рет «Ашық есік күні» өткізілді.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі эканомикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес қызметкерлер арасында Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында әр ай сайын жиналыстар өткізіліп хаттама түзіледі. Сарыағаш ауданының кәсіпкерлік бөлімінде жеке кәсіпкерледің қатысуымен Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында дөңгелек үстел өткізіліп кәсіпорындарда мекемелерде өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын орындау жөнінде ұсыныстармен мәселелер талқыланды.

«Сәт» және «Сарыағаш» жергілікті газет беттеріне Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыптарына 4 мақала жарық көрген. Адам көп жиналатын Сарыағаш қаласы және Көктерек поселкесі әкімшілігінде жергілікті халықпен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» туралы жиналыстар өткізілді.

АҚ- бойыша іс-шаралар.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі-Төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі комиссия төрағасы Ж.Түймебаевтың «Оңтүстік Қазақстан облысының 2017-2019 жылдарға арналған негізгі іс-шаралар және азаматтық қорғау басқару органдары мен күштерін дайындыққа келтіру»

Іс-шара жоспарына сәйкес «1-наурыз Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні» тақырыптарында іс-шаралар түзіліп мектептерде интерактивті сабақтар, әңгіме сухбаттар жүргізіліп, сейсмо-жаттығулар ұйымдастырылды, Басқармада ашық есік күні ұйымдастырылып, өрт техникасымен оқушыларды таныстыру жұмыстары жүргізілді. Аудан аумағында орналасқан №12,13, коледждерінде, Қапланбек агро-техникалық экономикалық коледжінде және білім бөліміне қарасты жалпы орта мектептерде оқу жаттығулар өткізілді. 1-Наурыз Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне «Шапағат- КZ» газетіне 1 мақала жарияланды.

Сарыағаш ауданы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия төрағасы Қ.Абдуалиевтің 16.02.2018 жылғы №2 Өкімі шығып наурыз айының 05-06 күні аралығында аудан көлемінде «Көктем – 2018» Республикалық командалық-штабтық оқу жаттығу бірқатар мекемелерімен өз деңгейінде өткізілді.

Сонымен қатар ақпан айының 11 күні аудан прокуроры Н.Боранбаевтың және аудан әкімінің орынбасары-төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссия төрағасының орынбасары С.Тасқұловтың қатысуымен көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында ауданымызда төтенше жағдайлар туындаған кезде аудандық азаматтық қорғау қызметтерін қамтамасыз ететін 14 қызметтің және олардың жұмыс істеуіне жауапты мекемелердің төтенше жағдайлардың алдын алу және орын алған жағдайларды жою бойынша іс әрекеттері, жұмылдыратын техникалары мен құралдарының сапасы мен дайындығы пысықталып, тексеру жұмыстары жүргізілді.

Сарыағаш ауданы аумағында топан судың және дала өртінің алдын-алу мақсатында аудан әкіміне, ауыл округ әкімдеріне және тиісті мекемелерге хаттар жолданып, хат бойынша 2018 жылға жол жиектерін жыртуға (опашка) 5 млн. 212 мың 124 теңге бөлінді. 2016-2017 жылы даму бағдарламасына байланысты каналдар мен арықтарды жөндеу жұмыстарын жүргізуге 177 млн. 604 мың 191 теңге, дала өртіне 900 мың теңге, жалпы төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстарына 182 млн. 614 мың 444 теңге қаржы бөлінген. Осы бөлінген қаржыға байланысты жол жиектерін жырту, арық атыздармен қашыртқы арықтарды тазалау жұмыстары жүргізілгендігі жөнінде әр ауыл округтерінен мәліметтер алынды.

Сарыағаш аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның 2-рет отырысы өткізілді, оның біреуі кезектен тыс өткізіліп хаттамалар түзілді. Сарыағаш ауданы бойынша су тасқынының алдын алу және басқада төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға 2018 жылға арналған жұмыс жоспарындағы қамтылған мәселелер қаралды.

Сарыағаш ауданында 328 өрт гидранты бар. Оның 6-уы жарамсыз жағдайда. 133- елді мекендерде, 171-қалада, объектіде -24, 48-өртке қарсы су қоры бар. 2017 жылдың 2-ші жартыжылдығында ерекше тәртіп бойынша Сарыағаш РМК «Қазсушар» мекемесіне өрт-техникалық тексеру жұмыстары жүргізіліп, өрт гидранттарындағы анықталған кемшіліктер бойынша ҚР ӘҚБК 359 бабымен 84840 теңге ақшалай айыппұл салынып, аудан әкімшілігіне және аудан прокуратурасына кемшіліктер көрсетіліп хат жолданды. 2018 жылдың 1-ші жартыжылдық жоспарында маусым айында өрт гидранттарына ерекше тәртіп бойынша тесксеру жүргізілетіндігі жайында хабарлама берілді.

EGOV

QAMQOR

АСТАНАҒА 20 ЖЫЛ

АУДАН ТУРАЛЫ

БАҚ

ЖОЛДАУ

ҚАУІПСІЗ АУДАН

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ТҚК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

СІЛТЕМЕЛЕР

СІЛТЕМЕЛЕР

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР