DSC_8621
DSC_8616
DSC_8615
DSC_8603
DSC_4594
_DSC6077

КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін Түркістан облысының Келес ауданына жаңа әкім тағайындалды. ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімі бойынша облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен бұл қызметке Ақментай Есбаев кірісті.
Жаңа әкімді жаңадан құрылған аудан активіне арнайы таныстырған аймақ басшысы оның алдағы жұмысына сәттілік тілей отырып, қызмет барысында Мемлекет басшысы бекіткен бағдарламаларды сапалы жүзеге асыру қажеттігін айтты. 
“Міне, 21 жылдан кейін Келес ауданы құрылып отыр. Бұл – қуанышты жағдай. Енді ауданда жаңа бөлімдер, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен түрлі мекемелер ашылады. Әлеуметтік нысандар салынады. Жұмыс орындары көбейеді. Жаңа ауданның әкіміне жүктелер міндет көп. Ауыл шаруашылығын дамытып, кәсіпкерлікті өркендетуге күш салу керек. Алдағы бір ай ішінде Келес ауданының даму тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырамын. Білім, бала тәрбиесі мәселелеріне де баса мән берілсін. Ең бастысы, ел бірлігін сақтап, Елбасы саясатын жүзеге асырып, елдің әл-ауқатын көтеруге аянбай жұмыс істеуіңіз қажет. Ал, ол үшін осындағы ел ағалары, ақсақалдар әкімге қолдау көрсетіп, ынтымақты жоғары орынға қойғаны абзал. Келес – шекара маңында орналасқан стратегиялық маңызы бар аудан. Сондықтан, ауданды көтеруге бәріміз үлес қосайық. Өздеріңіз білетіндей, Түркістан облысы құрылды. Осындай тарихи сәтте Келес ауданының енші алуы да айтулы оқиға деп білемін. Мемлекетіміз қуатты болу үшін әр ауыл, әр аудан, әр облыста жұмыстар атқарылып, бірлікпен алға қадам басуымыз керек”, – деді Ж.Түймебаев.
Айта кетейік, Ақментай Үсенұлы Есбаев 1972 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі экономист.
Еңбек жолын 1989 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы В.Ленин атындағы мектепте өндірістік бригаданың жұмысшысы болып бастаған. 
1989-2014 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Ғ.Мұратбаев совхозының кәсіподақ комитетінде есепші, аудандық қаржы бөлімінің жергілікті бюджет бөлімінің басшысы, ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі, ауданның экономика және қаржы бөлімінің бюджеттік және мониторинг секторының меңгерушісі, ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарған. 
2014 жылдың тамыз айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет етіп келді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

«Нұр Отан» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы Саяси кеңес Бюросының отырысы өтті

«Нұр Отан» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы Саяси кеңес Бюросының отырысы өтті.
Күн тәртібінде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мен партия сайлауалды тұғырнамасының орындалуы бойынша Біртілек ауылдық округі әкімі Н.Тойымбетов, ауданның білім бөлімі басшысының м.у.а. Н.Үсіпбеков және ауданның ауыл шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Е.Абишевтің есептері тыңдалып, алдағы уақытта жұмыстарды күшейту туралы тиісті тапсырмалар берілді.

«Нұр Отан» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының кезектен тыс ХХХІV конференциясы өтті

«Нұр Отан» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының кезектен тыс ХХХІV конференциясы өтті.
Конференцияда Елбасының «Бес ауқымды әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуінің және Партиялық жаңғыру аясында бастамашыл партиялық жобаларды жүзеге асыру барысы туралы кеңінен талқыланып, «Нұр Отан» партиясы аумақтық филиалының кезектен тыс XXХIV конференциясына делегаттардың кандидатуралары ұсынылып, делегаттар құрамы сайланды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ф.Қаратаев арнайы іс-сапармен келді

2018 жылы 16-шілде күні Сарыағаш ауданына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ф.Қаратаев арнайы іс-сапармен келіп, заманауи бағытта салынған Жібек жолы кеден бекетіне келіп, ондағы жолаушыларға қызмет көрсету, кіріп-шығу мәселелерімен танысып, оң бағасын берді. Өзбекстан республикасы азаматтарымен кездесіп, екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайту маңыздылығын тілге тиек етті.
Сонымен қатар Біртілек ауылдық округінде орналасқан №114 Т.Бегманова атындағы жалпы орта мектебіне барып, ондағы жергілікті тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында тұрғындардың ұсыныс тілектерін тыңдап ой бөлісті.

 

Аудан əкімі Қ.Абдуалиев Жемісті ауылдық округі Тың елді мекенінде орын алған төтенше жағдайдан зардап шеккен отбасы мүшелерін қабылдады

Бүгін аудан əкімі Қ.Абдуалиев Жемісті ауылдық округі Тың елді мекенінде орын алған төтенше жағдайдан зардап шеккен отбасы мүшелерін қабылдап, қайғыларына ортақ екендігін айтып, аудан əкімдігі тарапынан жəрдем берілетіндігін айтып, бүгіннің өзінде демеушілер арқылы зардап шеккен 4 отбасының əрқайсысына іргетасқа қажетті 5 тонна цементтен, қажеттілігіне қарай шағал жеткізіліп жатқанын айтты. Сондай-ақ, жақын күндері əр отбасына 10 мың кірпіш, 100 дана шифер, есік-терезе мен еден ағаштары, 30 куб тақтай, жылу жүйесіне қажетті заттар жеткізіліп беріледі. Ал күнделікті қажетті заттарды (азық-түлік, гигиеналық құралдар т.б.) ауылдық округтегі игі жақсы азаматтар демеушілік жасап əкеліп беруде. Үйі жанында кішкентай қосалқы үйі бар екі отбасы өз үйлерінде, екі отбасыға құрылыс жұмыстары біткенше уақытша киіз үй берілді.

ТҮРКІСТАНДА ҒИМАРАТТАР ШЫҒЫС СТИЛІНДЕ САЛЫНАДЫ

Бұл туралы облыс әкімі Ж.Түймебаев Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани-мәдени орталығы ретінде дамыту бойынша өткен жиында айтты.

Басқосуда сөз бастаған аймақ басшысы 1500 жылдан астам тарихы бар Түркістанның өткенінен аз-кем сыр шертті. Қазақ хандығының астанасы болған бұл мекен бүкіл түркі әлемінің де  рухани-мәдени астанасы бола білгенін жеткізді. Сонымен қатар, аталған тарихи шаһарды Елбасының тапсырмасына сәйкес,  Қазақстанның рухани орталығы бағытында жандандыру жайына тоқталды.

«Түркістан қаласында бой көтеретін тұрғын үйлер көп қабатты болмайды. Себебі, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің биіктігінен аспау керек. Барлық жерде мавзолей мүмкіндігінше көрініп тұруы қажет. Сондай-ақ, баспаналар Орта-Азиялық стильде, яғни көне дәуірдегі сәулетпен салынуы тиіс. Сонда еліміздегі, кем дегенде, бір қала осындай ескі келбетпен бой көтереді»,-деді Ж.Түймебаев.

    

Түркістан қаласын туристер үшін қолайлы  аймаққа айналдыру мәселесін сөз еткен өңір басшысы мұнда жаңадан әуежай, теміржол вокзалы мен автовокзал және қонақ үйлер, дәмханалар салынатынын атап өтті.

Бұдан бөлек, әкім Қ.А. Яссауиға қатысты жарияланған құнды жәдігерлердің көптігінен арнайы Яссауи музейі салыну қажеттігіне де тоқталды.

Жиын барысында Ж.Түймебаев Елбасы тапсырмасының аясында республиканың әрбір облысы Түркістан қаласына бір ғимараттан салып, сыйға тартатынын жеткізді. Мәселен, Астана қаласының әкімі Ә.Исекешов «Астана» саябағын салу туралы ұсыныс білдірген.  

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАҢАДАН ҚҰРЫЛҒАН ТӨРТ АУДАННЫҢ ШЕКАРАСЫ БЕКІТІЛДІ

Бүгінгі алтыншы шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс  жиырма жетінші сессиясында Түркістан облысының таяуда бөлініп, қайта құрылған Жетісай, Мақтаарал,  Келес,  Сарыағаш  аудандарының шекаралары бекітілді.

Сессия жұмысына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Елбасымыздың қолдауымен екі ауданның бөлінуі халқы тығыз орналасқан аумақ үшін маңызды екеніне тоқталды.

«Өткен аптадағы Үкіметтің отырысында аталған аудандардың шекарасын бекіту туралы ұсынысымыз қабылданып, бүгін мәслихаттың сессиясында бекітіп отырмыз. Бұл бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. Қайта құрылған Сарыағаш ауданының аумағы 417 мың гектарды құраса, жаңадан құрылған Келес ауданының шекарасы 345 мың 129 гектарды, Жетісай ауданының аумағы 104 мың 600 гектарды, ал Мақтаарал ауданының көлемі 80 мың 760 гектарды құрайтын болады. Осыған орай, аудан әкімдеріне тиісті жұмыстарды қолға алып, ұйымдастыруды тапсырамын»,-деді облыс әкімі.

Бұдан бөлек, аймақ басшысы облыс орталығы – Түркістан қаласына көшу бойынша қызу жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтып, қыркүйек айында барлық басқармалармен бірге көшетінін жеткізді. Ол үшін шілде, тамыз айларында әкімдікке қарасты мекемелер мен мәслихат аппараты орналасатын ғимараттар дайындалатынын атап өтті.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі жоғарыда аталған жұмыстарды бірлесе ұйымдастырып, Түркістан қаласына көшуге біркісідей атсалысуға шақырды.

Сессияның барысында бірқатар халық қалаулылары «Астанаға 20 жыл» мерекелік және «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Олардың қатарында Серікжан Сейтжанов, Есей Өркен, Әсет Қайыпбеков, Қайрат Сапарбаев, Мұрат Төлтебаев, Қайрат Сүлейменов, Бекасыл Төлендиевалар бар. Ал облыс әкімінің Құрмет грамотасымен  Рабиға Қуатбекова, Зуппархан Чалданов, Айнаш Сатиевалар марапатталды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аудан əкімі Қ.Абдуалиев Жемісті ауылдық округі Тың елді мекенінде орын алған төтенше жағдайдан зардап шеккен отбасы мүшелерін қабылдады

Бүгін аудан əкімі Қ.Абдуалиев Жемісті ауылдық округі Тың елді мекенінде орын алған төтенше жағдайдан зардап шеккен отбасы мүшелерін қабылдап, қайғыларына ортақ екендігін айтып, аудан əкімдігі тарапынан жəрдем берілетіндігін айтып, бүгіннің өзінде демеушілер арқылы зардап шеккен 4 отбасының əрқайсысына іргетасқа қажетті 5 тонна цементтен, қажеттілігіне қарай шағал жеткізіліп жатқанын айтты. Сондай-ақ, жақын күндері əр отбасына 10 мың кірпіш, 100 дана шифер, есік-терезе мен еден ағаштары, 30 куб тақтай, жылу жүйесіне қажетті заттар жеткізіліп беріледі. Ал күнделікті қажетті заттарды (азық-түлік, гигиеналық құралдар т.б.) ауылдық округтегі игі жақсы азаматтар демеушілік жасап əкеліп беруде. Үйі жанында кішкентай қосалқы үйі бар екі отбасы өз үйлерінде, екі отбасыға құрылыс жұмыстары біткенше уақытша киіз үй берілді.

АСТАНА – БЕЙБІТШІЛІК ПЕН БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

Құрметті түркістандықтар!

Биыл Тәуелсіз Қазақстанның тарихында тарихи оқиға. Сарыарқаның төрінен бой көтерген елордамыз – Астана қаласына 20 жыл толып отыр. Сіздерді осынау мерейтоймен шын жүректен құттықтаймыз. 

Астана – болашаққа сеніммен қадам басқан азат елдің бас ордасы. Орта Азия ғана емес, күллі Еуразия құрлығының әсем шаҺары. 

Бүгінде Астана әлемдік саясатта орны бар қалаға айналды. Елорданың төрінде ЕҚЫҰ-ның саммиті, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі, қысқы Азия ойындары жоғары деңгейде өткізілді. Бас қалада әлемдегі түрлі әскери және саяси шиеленістерді шешу бағытында халықаралық жиындар ұйымдастырылды. Жұмыр жердің көшбасшылары Астанада өз ұстанымдарын айтып, бейбітшілік жаршысы бола білген қазақ халқына алғыстарын білдірді. Астананың авторы – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылық дара қабілетін жоғары бағалады.

Бүгінде Астана күллі қазақ баласын біріктірген ұлы ордаға айналды. Қазақстандықтардың асқақ арманы мен ұлы мұраттарын жүзеге асыратын ірі мегаполис ретінде көшбасшылық міндетті абыроймен атқаруда. Ерке Есілдің жағасындағы бұл шаҺар көз алдымызда гүлденіп, дамып келеді. Аз уақытта қаланың экономикасы мен даму динамикасы көтеріліп, ішкі жалпы өнім өсті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жастар осында жұмыс тапты. Армандарына қол жеткізді.  Қаланың мұндай дәрежеге көтерілуі қазақ халқының бірлігі мен еңбегінің, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының нәтижесі. 

Астанамыздың 20 жылдық мерейтойы – жалпыұлттық мереке. Астананың тойы – қазақтың тойы. Түркістан облысының тұрғындары да Астананың дамуына үлес қосып келеді. Біртұтас Қазақстанды Мәңгілік Ел ету жолында әрбір қазақ еңбек етуі тиіс. Ал, ұлтты ұлы істерге жұмылдыруда Астананың орны ерекше. Ендеше Астанамыз мәңгілік жасай берсін. Мереке құтты болсын, құрметті қауым!

Ж.Түймебаев,Түркістан облысының әкімі

Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына орай ” Бесжұлдыз” бөбекжай балабақшасы пайдалануға берілді

Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына орай 

Бүгін Жібек жолы ауылдық округінде сыйымдылығы 446 орынды “Бесжұлдыз” бөбекжай балабақшасы пайдалануға берілді. Ел игілігіне тапсырылған нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Қ.Абдуалиев, облыстық мәслихат депутаты А.Салимов қатысып, тұрғындардың қуанышына құтты болсын айтты.

EGOV

QAMQOR

АСТАНАҒА 20 ЖЫЛ

АУДАН ТУРАЛЫ

БАҚ

ЖОЛДАУ

ҚАУІПСІЗ АУДАН

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ТҚК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

СІЛТЕМЕЛЕР

СІЛТЕМЕЛЕР

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР