DSC_8621
DSC_8616
DSC_8615
DSC_8603
DSC_4594
_DSC6077

Cарыағаш ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2017 жылы атқарылған жұмыстар туралы мәлімет

2017 жылы сәулет және қала құрылысы бөлімі бекітілген жоспарға сәйкес төмендегі жұмыстарды атқарды:

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша:

Халыққа қызмет көрсету орталығынан түскен өтініштерге сәйкес 133 сәулет жоспарлау тапсырмалары мен 6269 мекенжай анықтамасы әзірленіп берілді.

Кесте №1

№ п/п

Орындалған жұмыстар

1 квартал

2 квартал

3 квартал

4 квартал

 Барлығы

қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

маусым

шілде

тамыз

қыркүйек

қазан

қараша

Желтоқсан

1.

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер, оның ішінде

1235

826

822

755

604

518

587

576

479

605

819

631

8461

1.1.

мекенжай анықтамасы

1233

812

812

739

587

480

571

566

469

587

812

609

8277

1.2.

сәулет жоспарлау тапсырмалары

2

14

10

16

17

38

16

10

10

15

4

22

174

1.3.

Тіреу және қоршау конструкцияларын өзгертпей реконструкциялауға рұқсат беру

1.4.

Эскиз бекіту

1

3

0

0

0

0

0

0

3

3

0

10

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мына құрылыс нысандарға сәулет жоспарлау тапсырмалары әзірленді:

-5 қабатты 45 пәтерлі 1 тұрғын үй құрылысы;

– Ошақты а/о Жиделі е.м ауылдық клуб құрылысы;

– Жартытөбе а/о балабақша құрылысы;

– Сарыағаш қаласы Қапланбек оқу тәжірибе шаруашылығы аумағынан 280 орындық балабақша құрылысы;

– Жемісті а/о Тың е.м Т.Тоқтаров атындағы негізгі орта мектебі мемлекеттік мекемесіне 300 оқушы орындық мектеп құрылысы;

– Сарыағаш қаласы Дүйсебайұлы көшесіндегі №135 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 300 оқушы орындық мектеп құрылысы;

– Жарты төбе а/о 900 орындық мектеп құрылысы үшін

-Дербісек а/о Дербісек е.м №22 Елшібек батыр атындағы жалпы орта мектебіне 300 орындық оқу корпусы, кітапхана, асхана, шеберхана, спорт және акт залдарының құрылысы

– Ақтөбе а/о Жуантөбе е.м 300 оқушы орындық мектеп құрылысы

-Қошқарата а/о Жамбыл е.м №134 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 300 орындық мектеп құрылысы;

– Бозай а/оТентексай е.м Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта 150 – орындық мектеп құрылысы

– Біртілек а/о Біртілек е.м 300 оқушы орындық мектеп құрылысы

– Жібек жолы а/оЖібек жолы е.м №58 Ә.Марғұлан атындағы жалпы орта мектебіне қосымша 300 орындық оқу корпусы, спорт зал, шеберхана және асхана құрылысы

– Сарыағаш қаласы Самал мөлтек ауданындағы 900 орындық мектеп құрылысы;

– Жылға а/о Жылға е.м №56 100 орындық бастауыш мектеп құрылысы;

– Жылға а/о Жылға е.м №12 С.Сейфулин атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қосымша 150 орындық оқу корпусы, асхана, кітапхана және шеберхана құрылысы;

– Абай ауылы Б.Қырғызалиев көшесіндегі спорт кешені құрылысы;

– Қызылжар а/оҚызылжар е.м Х.Оралов көшесіндегі спорт алаңшасы құрылысы;

-және 46 медициналық нысан құрылысы.

2. Ағымдағы жылдың басынан бастап қала құрылысы кеңесінің 4 отырысы өтті. Сарыағаш ауданының, қала орталығының сәулеттік келбетін жақсарту (абаттандыру, көркейту) және қаласының орталық көшелерінің бойындағы тұрғын үйлер мен коммерциялық нысандарының қас беттерін біріңғай стилде ұстау және кіші сәулеттік формалар орнату мақсатында бір неше сәулеттік жобалар дайындалды.

Құрылысы жоспарланып отырған объектілерінің эскиздері көрсетілген қала құрылысы кеңестерінің отырыстарында қаралып, мақұлданды.

Сарыағаш қаласына кіре беріс жерлерінің сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында түрлі-түсті шешімде орындалған көркейту, көгалдандыру және абаттандыру жобалық эскиздер әзірленді. Сарыағаш қаласы аумағымен өтетін Шымкент-Шыназ трасса бойының сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында жарықтандыру жұмыстарының (шамдары), «бүркіт, бұғылар» кіші сәулеттік формалары мен көптеген гүл егетін ыдыстар (вазон) орнатылды.

3. Аудан әкімдігінің қаулысымен аудан қөлемінде мемлекеттік құрылыс нормаларын, ережелері мен талаптарын бұзып, заңсыз салынған құрылыс нысандарын анықтау, алдын алу мақсатында 2017 жылы 31 қазан күні «Жұмысшы топ» құрылды.

Жұмысшы топ Сарыағаш қаласының көшелердің бойындағы өз қаражаты есебінен салынып жатқан, салынған, істеп тұрған 189 кәсіпкерлік нысанға талдау жүргізді. Кәсіпкерлік нысан иелеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 316, 319 баптарына сәйкес объектілерді жобалау құжаттамасынсыз салғаны үшін айыппұл көзделгендігі туралы, құрылысты рәсімдеу тәртібі түсіндіріліп, жаднама берілді.

Атқарылған жұмыстың нәтижесінде: заң бұзушылықпен салынған 39 кәсіпкерлік нысаны анықталды (слайдта суреттері көрсетіледі), оның ішінде 24 нысан Сарыағаш қаласы аумағында орналасқан. .

Жоғарыда көрсетілген заңбұзушылыққа жол берген 24 тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде белгіленген шараларды қолдану мақсатында облыстық мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау басқармасына хатпен мәліметтер жолданып, оларға келесі шаралар қабылданды:

  • заңсыз көтерілген 3 ғимаратты нысан иелері өз еркімен бұзды;

  • ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 316 бабының 1 бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық іс-әрекеттер жасағаны үшін (объектілерді жобалау құжаттамасынсыз көтерген үшін) –5 нысан иелеріне әкімшілік шара қолданылды. Аатап айтқанда 200 АЕК, яғни 481 000 теңге айыппұл салынды;

  • ҚР Азаматтық Кодексінің 244 бабына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына 14 құрылыс нысанды мәжбүрлі түрде бұзу үшін талап арыз жолданды.

  • 2 нысанда заңбұзушылық расталмады.

3. Жылжымайтын мүліктерді уақтылы тіркеу, нақты бағалау, базаны жаңарту және салынатын салық көлемдерін нақтылау мақсатындағы 2017 жылы төмендегі пайдалануға қабылдаған объектілер туралы мәлімет аудандық статистика басқармасына тапсырылды.

– жалпы алаңы 19960 шаршы метр тұрғын үйлер қабылданды, оның ішінде жеке тұрғын үйлер-17506 шаршы метр құрайды;

-Аликулов Ташполатқа тиесілі Көктерек кенті Абай көшесі №22 мекенжайдағы құны -47 млн теңге құрайтын «Ақ бұлақ» шипажайы;

-Ергеш Қасымханға тиесілі Сарыағаш қаласы Шоқай көшесі №2В мекенжайдағы құны -50 млн теңге құрайтын «Doctor Stom» медициналық орталығы.

4. Жыл басынан бастап облыстық, аудандық мекемелерден түскен 1801 хат пен жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен 95 өтініш қаралып, дер кезінде жауаптар берілді. Оның ішінде, пайдаланудағы ғимараттардың нысаналы мақсатын өзгерту мақсатында 212 өтініш, объект салу үшін жер учаскесін таңдау мақсатында 140 хат қаралып, тиісті келісімдер рәсімделді.

5. Сарыағаш ауданы бойынша – 154 елді мекен болса, ағымдағы жылдың басында тұрғындар саны 5000 адамнан асатын 8 елді мекен және тұрғындар саны 5000 адамға дейінгі 45 елді мекен бас жоспармен және құрылыс салу мен елді мекендерді дамыту схемасымен (оңтайландырылған жобамен) қамтылған болатын.

Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын саны 5000 адамға дейінгі елді мекендерді дамыту мен құрылыс салу схемаларын әзірлеу бойынша бекітілген кестеге сәйкес 2016 жылы ауданның 46 елді мекеніне құрылыс салу мен елді мекендерді дамыту схемалары әзірленіп, 2017 жылы аудандық мәслихат шешімімен бекітілді.

Сарыағаш қаласы аумағындағы 37 гектар жерге егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу жұмыстарын сатып алуға ашық конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің қорытындысына сәйкес келісім шарт түзіліп, бүгінгі күнге жұмыстар толық аяқталып, Сарыағаш аудандық мәслихат сессиясының 29 қыркүйек 2016 жылғы №6-59-VІ шешімімен бекітілді.

2017 жылы барлығы 46 елді мекенінің құрылыс салу мен дамыту схемалары, 6 егжей-тегжей жоспарлау жобасы, Көктерек кентінің бас жоспарын, егжей тегжейлі жоспалау жобасымен қоса қайта әзірленді.

6. «Сарыағаш ауданының мәдениет үйі» МКҚК-ның теңгерімінде «Жеңіс» саябағы мен орталық саябақтары бар. 2017 жылы орталық саябағында реконструкциялау жұмыстары жүргізілді: саябақта жазғы амфитеатр, кіші сәулеттік формалар орнатылды, саябақ қоршаулары жаңа дизайнда жасалынды.

EGOV

QAMQOR

АСТАНАҒА 20 ЖЫЛ

АУДАН ТУРАЛЫ

БАҚ

ЖОЛДАУ

ҚАУІПСІЗ АУДАН

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ТҚК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

СІЛТЕМЕЛЕР

СІЛТЕМЕЛЕР

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР