DSC_8621
DSC_8616
DSC_8615
DSC_8603
DSC_4594
_DSC6077

Білім бөлімінің 2017 жылдың 12 айындағы атқарған жұмыстары туралы мәлімет

Сарыағаш ауданының білім бөлімінің 2017-2018 жылы атқарған жұмыстары туралы

Сарыағаш ауданының білім бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын «ҚР баланың құқықтары туралы», «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл», Заңдары, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 08 қараша №500 бұйрығымен бекітілген «ҚР бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарына», ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 29 қарашадағы №583 , «Оқу әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру» т.б. нормативтік құқықтық актілерінің шеңберінде жұмыс жүргізді.

2017-2018 оқу жылында жалпы білім беретін мектептер саны-138, оның ішінде жалпы орта мектептер-113, негізгі орта мектептер-10, бастауыш мектептер-14. Осы білім беру мекемелерінде 3808 сынып бекітіліп, оқушы саны 2663-ке, сынып саны 126-ға көбейді. Типтік жобадағы мектеп саны-89. Сыныптардың толымдылығы; 22,8 оқушыдан келді. 2017 жылы 11-сыныпта 4324 оқушы бітіріп, 1-сыныпқа 9300 бала қабылданды. 2017-2018 оқу жылында барлық оқушылар саны; 1-11 сыныптарда 78 384 оқушы. Мектепалды даярлық тобында; 8048, Жалпы 86432 оқушыны құрады.

2017-2018 оқу жылында педагог қызметкерлер туралы

Жалпы педагогтар саны-8432, Білімі бойынша: Жоғары білімді мұғалімдер саны – 8151/ 96,7%, арнаулы орта білімді мұғалімдер саны – 281/3,3%. Біліктілік санаты бойынша: Жоғары санаттылар саны – 1209/ 14,4%, бірінші санатты мұғалімдер саны – 2629/ 31,2%, екінші санатты мұғалімдер саны – 2357/ 27,9%, санаты жоқ мұғалімдер саны – 2237/26,5%

Мектепке дейінгі тәрбие мен балабақшамен қамтамасыз ету жағдай

Сарыағаш ауданы бойынша; 289 мектепке дейінгі ұйым бар. Жеке меншік 241 балабақшалар болса, 28 мемлекеттік балабақшалар, шағын орталықтар- 20, бала-бақшадағы балалардың саны -30759. Оның ішінде; мемлекеттік бала-бақшада -3906, жекеменшік бала-бақшада – 25555, шағын орталықтарда- 1298.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі №172 бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес жергілікті жерлердегі кезекте тұрған балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында балабақша ашуды және қол жеткізуді жеке азаматтарға толық түсіндіру жұмыстары атқарылды.

Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған 3-6 жастағы балалардың үлесі 85,5 % құрайды.

Сарыағаш ауданының білім бөлімінің 2017-2018 оқу жылындағы инклюзивті /ықпалдастыра/ оқыту туралы мәлімет

Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға олардың білім алуына арнайы жағдайлар жасауды қамтамасыз ету мақсатында 2017–2018 оқу жылында ауданымызда 21 мектепте инклюзивті ықпалдастыра оқыту үшін 44 сынып ашылды. Аудан бойынша инклюзивті біліммен қамтылған балалардың үлесі 18,6% болса, инклюзивті білім беруге жағдай жасалған мектептердің үлесі 15,6% құрайды. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облыстық психология – медициналық педагогикалық кеңес беру мекемесіне ерекше оқытуды қажет ететін оқушылардың өсіп дамуындағы ерекшеліктерді айқындап беру мақсатында 12 білім беру мекемелерінен сұраныс жасалды. Сұраныста көрсетілген 12 мектепте ашылған жағдайда инклюзивті біліммен қамтылған балалардың үлесі 24 % пайызды құрайды.

2017-2018 оқу жылында жаңартылған білім мазмұнына көшу жұмыстары.

2017-2018 оқу жылында 2, 5, 7-сыныптарда жаңартылған білім мазмұнына көшіп, аудан бойынша барлық білім беру мекемелерінің 86 пайызы 5 күндік оқу күніне өтті. Үлгілік оқу жоспарына сай аптаның алтыншы күні (сенбі) вариативті, оқушы компанентіндегі сағаттар оқытылуда.

2017-2018 оқу жылында жаңа жаңа бағалау жүйесіне 1,5,7-сыныптар көшіп, 2-сыныптарда критериалды бағалау жүйесін енгізу жалғасуда. Сонымен қатар «Қазақстан тарихы, География», және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша білім беру ұйымдарында «Туған ел» кең ауқымды мақсатқа бағытталған «Туған жер» бағдарламасын іске асыру барысында сабақты мұражайларды, мәдени ұйым салаларында, тарихи ғимараттарда өткізу үшін 5 сағат бөлініп отыр.

Сонымен қатар барлық білім беру мекемелері критериалды бағалауға көшу барысында электрондық журналға (Kundelik.kz) 100 пайыз енгізілді.

Ауданымызда қазіргі таңда 48 мектепте он-лайн режимге қосылған, 89 жалпы білім беретін мектептер онлайн режиміне қосылу үшін жергілікті бюджеттен 2018 жылға әр мектепке 70 мыңнан қаржы қарастырылды. Бұл барлық мектептерге шаққанда 100 пайыз орындалады. 137 білім мекемелері кең жолақты интернет желісімен қамтамасыз етілген. Мультимедиялық үштік құрылғы 418 дана, 86 мектепке (проектор, компьютер, экран), 14 мектепке Робототехника кабинеттері орнатылды.

Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын өткізу туралы

2017 жылы Педагогикалық шеберлік орталығы (ПШО) мен «Өрлеу» АҚ-ның базасында жаңартылған білім беру мазмұнын оқытудың қысқа мерзімді курстарынан;

137-мектеп директорлары, 137-директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары,

137-директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, 137-мектеп координаторы, 180-мектеп тренері, жаңартылған білім беру мазмұнына көшу барысында 2,5,7 –сыныптарға сабақ беретін-1645 пән мұғалімі қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Үш тілде оқыту туралы

Үштілді оқыту бағдарламасына өту мақсатында пән мұғалімдерінің қайта біліктілігін арттыру үшін физика пәнінен -38 мұғалім, химия пәнінен -32 мұғалім, биология пәнінен- 43 мұғалім, информатика пәінен -49 мұғалім, ағылшын тілінен – 47 мұғалім оқытудың 5 айлық және 10 айлық курсына оқуға жіберілді.

«Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» бағыты бойынша.

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» мақаласына сәйкес 4 бағдарлама бойынша жұмыстар жүргізілуде. Соның ішінде «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасына сәйкес «Отаным тағдырым», «Саналы азамат», «Өлкетану» базалық бағыттары аясында 48 индикаторлық көрсеткіштер схемасы жасақталды. 2018 жылдан бастап 2022 жылға дейін жоғарыдағы базалық бағыттың көрсеткіштерін орындау мақсатында іс-шаралар жоспары жасақталып, жұмыстар жүргізілуде.

Ұлттық Бірыңғай тестілеу қорытындысы.

2017 жылы ҰБТ-ның жаңа форматқа ауысуына байланысты, білім беру мекемелерінің барлығында жаңа формат бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Наурыз айының 25-30 аралығында аймақтар бойынша қорытынды аттестаттау ҰБТ-ның жаңа форматын талқылау, түсіндіру бойынша білім басшыларының төрағалығымен семинар-кеңестер өткізілді. Семинар-кеңеске мектеп қызметкерлерінен басқа ата-аналар комитетінің мүшелері, бітіруші сынып оқушылары қатысты.

ҰБТ маусым айында 20-30 маусым арлығында болып өтті. ҰБТ-ға қатысуға 11-сыныпты бітірген 4324 түлектердің 2290-ы Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысты.

Ауданның орта балы 71,9 балды құрап, өткен жылмен саластырғанда орта балл 4,9 –ға артты. Алтын белгі – 60, Үздік аттестат-48 иеленді,

Мемлекеттік мекемелерде кәсіптік бағдар бойынша

Түлектерді нәтижелі жұмыспен және кәсіптік техникалық біліммен қамту мақсатында барлық білім беру мекемелерінде «Түлектер тақтасы» орнатылған.

«Түлектер тақтасы» республиканың барлық аймақтарындағы жоғары оқу орындары, колледждер мен мектеп түлектеріне арналған кәсіптік білім алуы және жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар, еңбек нарығына қажетті мамандар тізбесі, алдағы уақытта сұранысқа ие болатын мамандықтар туралы мәліметтер орналастырылатын ақпараттық тақта.

Сонымен қатар, 9-сыныпты бітіруші 1732 бала арнаулы оқу орындарында білім алып жатса, оның ішінде 395 бала аудандық білім бөлімінің жолдамасымен тегін білім алуда.

2016-2017 оқу жылының 11-сыныпты бітірушілерінің ішінде 678 бала «Мәңгілік ел жастары индустрияға»-«Серпін» бағдарламасы бойынша СҚО, БҚО, ШҚО, Орталық Қазақстан облыстарында арнаулы орта және жоғары оқу орындарында білім алуда.

Кітап қоры бойынша

2017-2018 оқу жылында 2,5,7-сыныптардың оқушыларын оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен 100% қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен экономикалық негіздемесі бойынша 583 млн. 071 мың теңге қаржы қаралып, игерілді.

2017-2018 оқу жылында аудандағы барлық білім беру мекемелеріндегі 1-11 сыныптарға оқулықтар мен оқу әдістемелік-құралдар уақтында жеткізіліп, 96,5 пайыз қамтамасыз етілді.

Аудан бойынша 137 мектеп, 124 кітапхана, 169 кітапханашы, 2017 жылы 576 млн 236 мың теңгеге 11 баспадан 442 534 дана оқулықтар мен ОӘК аудан мектептеріне жеткізілді.

Оңтүстік Қазақстан облысы әдістемелік кабинетінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы №38 санды санды хатының негізінде 2018 жылдың 26 қаңтар күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда кітапхананың рөлі» тақырыбында ауданаралық кітапханалар арасында байланыс орнату, жинақталған іс-тәжірибелермен алмасу, кітапханашылардың кәсіби біліктілігі мен шығармашылық қабілетін арттыруға қолдау көрсету мақсатында №38 «Мақатаев» орта мектебінде аймақтық семинар өткізілді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектепішілік «Лидер Reader ON» іс-шарасы бойынша, жұмыстар жүргізілуде. Әлеуметтік желіде «Лидер Reader ON» іс-шарасына оқушылардың қатысуын қамтамасыз етуде.

Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу

2017 жылдың 10 айында кәмелетке толмағандар арасында 21 қылмыс орын алған болса, 2017 жылдың осы мерзімінде 17 қылмыс орын алып отыр. Орын алған қылмыстардың 4-уі мектеп оқушыларына қатысты.

Діни істер мен тероризмнің алдын алу

Мектеп оқушылары бірыңғай мектеп формасы бойынша отандық тауар өндірушілер ақпараттандырылып, 2016 жылы 113 оқушымыз орамал тағатын болса, жүргізілген жұмыстардың нәтижесіне сәйкес ағымдағы оқу жылында 52 оқушыға азайып, қазіргі таңда 59 оқушы орамал тағуда. Тұрақты жұмыстар жүргізілуде

2017 жылы жоспарланған құрылыс нысандары туралы.

2017 жылы 21 мектепте құрылыс нысандары жобалары жоспарланып, жаңа мектеп және қосымша мектеп ғимараттарының құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 2017 жылдың 1 қыркүйегінде 5 мектеп құрылысы пайдалануға берілді. Оның ішінде 3 мектеп Ұлттық қордың есебінен салынған, 1 мектеп облыстық, 1 мектеп жергілікті бюджет есебінен құрылыс жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда 17 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде; Ұлттық қордан 7 мектеп, Республикалық бюджеттен 2 мектеп, облыстық бюджеттен 7 мектеп.

2017 жылдың қыркүйек, қазан айларында 5 мектептің құрылысы бітіп пайдалануға берілді. Олар №114 «Т.Бегманова» ж.о.м 600 орындық, №83 «1 Мамыр» ж.о.м 600 орындық, №7 «Төлеби» ж.о.м 300 орындық жаңа мектеп құрылысы, ал №10 «Қ.Сәтпаев» м.г.и 300 орындық, Жартытөбе а/о №9 Майлықожа ж.о.м 240 орындық қосымша мектеп ғимараттары. Сонымен қатар желтоқсан айында Ошақты а/о 150 орындық №112 «Саңырау» б.м. пайдалануға берілді.

Облыстық бюджеттен; Қабланбек а/о №52 «Өтемісұлы» ж.о.м 240 орындық, Ошақты а/о №109 «С.Бегалин» ж.о.м 200 орындық, Сарыағаш қаласында №4 «Гагарин» ж.о.м 900 орындық, Жылғы а/о №44 «Ғ.Мұстафин» ж.о.м. 300 орындық, Қапланбек а/о №55 «О.Жаутиков» ж.о.м 200 орындық, Құркелес а/о Жаңаталап е/м 600 орындық жаңа мектеп құрылыстары жүргізілуде.

Ұлттық қордан; Жартытөбе а/о №32 «Қ.Аманжолов» ж.о.м 300 орындық, Құркелес а/о №48 «І.Жансүгіров» ж.о.м 300 орындық, №67 «Т.Тәжібаев» б.м 300 орындық, Бірлесу а/о №88 «А.Байтұрсынов» ж.о.м 300 орындық, Ақтөбе а/о №91 «Р.Қошқарбаев» ж.о.м 300 орындық, Сарыағаш қаласы №71 ж.о.м 300 орындық қосымша мектеп құрылысы, Ошақты а/о №105 «Қоңыртөбе» ж.о.м, 600 орындық, Тегісшіл а/о №49 «М.Жұмабаев» ж.о.м 300 орындық жаңа мектеп құрылыстары жүріп жатыр.

Республикалық бюджеттен; Құркелес а/о «Береке» ауылына 300 орындық, Ақжар а/о, Ақжар ауылына 600 орындық жаңа мектеп құрылысы бой көтеруде.

Күрделі жөндеу жұмыстарының атқарылуы жөнінде мәлімет

2017-2018 оқу жылында аудан бюджетінен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 556768 мың тенге қаржы қаралып, 14 мектеп жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2017 жылы 25 пайыз қаржыны игеру жоспарланған, қалған 75 пайызы өтпелі келесі жылға қаралуда. Атап айтқанда;

1 «М.Әуезов» атындағы м.г, №27 «Шәкәрім» атындағы ж.о.м, №28 Абылайхан атындағы ж.о.м, №74 Ж.Баласағұн атындағы ж.о.м, №127 Т.Бердияров атындағы ж.о.м, №125 С.Қожанов атындағы ж.о.м, №86 Ш.Уалиханов атындағы ж.о.м, №80 «Н.Тлендиев» атындағы ж.о.м, №20 «Амангелді» атындағы ж.о.м, №51 «Т.Рысқұлов» ж.о.м, №14 «Алыбай батыр» атындағы ж.о.м,№75 Ә.Молдағұлова атындағы ж.о.м, №77 С.Сейфуллин атындағы ж.о.м, №73 «Ө.Жәнібеков» атындағы м.г күрделі жөндеу жұмыстарына қаралған қаржының 25 пайызы игерілді.

2017-2018 оқу жылында пән мұғалімдері мен оқушылардың облыстық, халықаралық олимпиадалары мен байқаулардағы жетістіктері туралы.

Оқушылардың «Жарқын болашақ» Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде №50 «Б.Омаров» ж.о.м 8–сынып оқушысы Тасов Ерасыл «Жас ғалым» байқауында І орын, №6 «Ж.Аймауытов» ж.о.м. 11-сынып оқушысы Бекбай Гүлнур «Жазушылар» байқауында І орын, №7 «Төле би» Турарбек Алима «Әнші-бұлбұлдар» байқауында І орын, №6 «Ж.Аймауытов» ж.о.м. 10-сынып оқушысы Мамедова Азиза «Жазушылар» байқауында ІІ орынмен марапатталды.

Облыстық «Мақатаев оқулары» байқауында №31 «Т.Бигелдинов» ж.о.м. оқушысы Байбол Алмас ІІІ дәрежелі диплом, №7 «Төлеби» ж.о.м. 9-оқушысы Тұрарбек Әлима «Мақатаев оқулары» байқауының ән орындау бағытында ІІ дәрежелі диплом, №82 «Ж.Жабаев» ж.о.м. театр ұжымының оқушылары ІІІ дәрежелі дипломмен мараптталды.

Облыстық «Махамбет оқулары» байқауында; №14 «Алыбай батыр» ж.о.м. 10-сынып оқушысы Шерәсіл Бекжан «Бас жүлде» иеленіп Республикалық байқауға жолдама алса, №29 «Ұлықбек» ж.о.м. 10-сынып оқушысы А.Бердалы І орын, №141 ж.о.м. 10-сынып оқушысы А.Сағындық ІІ орын.

Облыстық «Табиғат әлемі балалар көзімен» атты байқауында; «Қаз ССР 50 жылдығы» ж.о.м. 9-сынып оқушысы Барсукова Анна, №123 «Самал» ж.о.м. 6-сынып оқушысы Тұрғанбек Зарина, №141 «Толыбай батыр» ж.о.м. 6-сынып оқушысы Ермекова Аяулым І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Облыстық жасөспірімдер олимпиадасынан химия пәні бойынша №27 «Шәкәрім» ж.о.м. 8-сынып оқушысы Момбекова Зейнеп, №10 «Қ.Сәтпаев» м.и. 8-сынып оқушысы Исаханова Аяулым, биология пәні бойынша №26 «Т.Өстеміров» ж.о.м. 7-сынып оқушысы Мақсұт Аружан, №14 «Алыбай батыр» ж.о.м. 7-сынып оқушысы III дәрежелі дипломдармен марапатталды.

2017-2018 оқу жылының (қаңтар, ақпан, наурыз) айларындағы пән мұғалімдерінің облыстық, халықаралық олимпиадалары мен байқаулардағы жетістіктері туралы.

Мұғалімдердің облыстық пән олимпиадасында №1 «М.Әуезов» м.г. математика пәнінің мұғалімі Б.Жиеналиева ІІ орын.

Мұғалімдердің облыстық пән олимпиадасында №1 «М.Әуезов» м.г. қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Нуртаева ІІ орын.

Мұғалімдердің облыстық пән олимпиадасында №22 «Елшібек батыр» ж.о.м. физика пәнінің мұғалімі Г.Темірбекова ІІ орын.

Мұғалімдердің облыстық пән олимпиадасында №107 «Абай» ж.о.м. математика пәнінің мұғалімі А.Джасузакова ІІІ орын.

Мұғалімдердің облыстық пән олимпиадасында №70 «С.Байғозиев» ж.о.м. информатика пәнінің мұғалімі С.Мұсаева «Алғыс хат».

Мұғалімдердің облыстық пән олимпиадасында №141 «Толыбай батыр» ж.о.м. биология пәнінің мұғалімі Г.Сейтбекова бас жүлде,

Мұғалімдердің облыстық пән олимпиадасында №89 «Л.Жолдасов» ж.о.м. химия пәні мұғалімі Кушаева Гульнар ІІ орынды иеленді.

Облыстық «Авторлық бағдарлама» байқауынан №10 «Қ.Сәтпаев» м.и. биология пәні мұғалімі Отарова Несипкул және №123 «Самал» ж.о.м. биология пәні мұғалімі Жумагулова Жадыра II дәрежелі дипломмен, сондай-ақ №51 «Т.Рысқұлов» ж.о.м. химия пәні мұғалімі АлибековаУлбала III дәрежелі дипломмен марапатталды.

Облыстық «Эковернисаж» байқауынан №1 «М.Әуезов» м.г. экология пәнінің мұғалімі Жарқынбек III дәрежелі диплом, №17 «Ы.Алтынсарин» ж.о.м. 5-сынып оқушысы П. Бақытжан 3 орын, №10 Қ.Сатпаев м.и. география пәні 6-сынып оқушысы А.Алпысбай 3 орын, №90 «М.Мәметова» ж.о.м биология пәні 7-сынып оқушысы А.Айдар 2-орын, №3 «М.Ломоносов» ж.о.м. 7-сынып оқушысы Шакиев Диас 3-орын, №39 «Т.Айбергенов» ж.о.м. 6-сынып оқушысы Г.Исабек 3-орын, №16 И.В.Панфилов атындағы ж.о.м. 7-сынып оқушысы Ұ.Мүталхан «Алғыс хат».

Облыстық «Мәңгілік ел-туған өлкем» тақырыбындағы экофестивальде №10 «Қ.Сәтпаев» м.и. “Тазалық тамшылары” командасы II дәрежелі дипломмен марапатталды.

Облыстық Менделеев олимпиадасының жүлдегерлері:

  1. 12 «С.Сейфуллин» ж.о.м. 9-сынып оқушысы Нетилла Д. I дәрежелі диплом,

  2. 123 «Самал» ж.о.м. 11-сынып оқушысы Шамсуддинова Г. II дәрежелі диплом,

  3. 28 «Абылай хан» ж.о.м. 9-сынып оқушысы Одилова А. II дәрежелі диплом,

  4. 68 «Т.Оспанов» ж.о.м. 10-сынып оқушысы Жұмабек А. II дәрежелі диплом,

  5. 86 «Ш.Уәлиханов» ж.о.м. 10-сынып оқушысы Аман А. III дәрежелі диплом,

  6. 3 «М.В.Ломоносов» ж.о.м. 9-сынып оқушысы Джакова Г. III дәрежелі диплом алды.

  7. Оқушылардың облыстық ғылыми жоба байқауы бойынша:

  8. Орыс тілі пәнінен №51 «Т.Рысқұлов» ж.о.м оқушысы Абдраймова Самал ІІ орын.

  9. Математика пәнінен №94 «Ленин» ж.о.м оқушысы Жолдас Ұлығай ІІ орын.

  10. Техника пәнінен №27 «Шәкәрім» ж.о.м оқушысы Аширов Дияс ІІІ орын.

  11. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен №5 «С.Ысмайылов» ж.о.м оқушысы Түймебай Әсем ІІ орын.

  12. Орыс тілі пәнінен №141 «Толыбай батыр» ж.о.м оқушысы исмайылова Роза ІІ орын.

  13. Тарих пәнінен №24 «Ж.Сүлейменов» ж.о.м оқушысы Кәрімқұл Бексұлтан ІІ орын.

  14. Өлке тану пәнінен №81 «Мақташы» ж.о.м оқушысы Мухан Ержігіт ІІІ орын.

  15. Дүниетану пәнінен №27 «Шәкәрім» ж.о.м оқушысы Муталиева Нұрай ІІІ орын.

  16. Дүниетану пәнінен №27 «Шәкәрім» ж.о.м оқушысы Тажихан Аяжан ІІІ орын

  17. Дүниетану пәнінен №27 «Шәкәрім» ж.о.м оқушысы Ташбулат Құдірет ІІІ орын

  18. Технология пәнінен №79 «З.Рүстемов» ж.о.м оқушысы Түзел Ақбота мадақтама.

  19. Технология пәнінен №143 ж.о.м оқушысы түзел Асан Әсел мадақтама.

Оқушылардың облыстық пән олимпиадасының қорытындысы бойынша:

  1. Қазақ тілі пәнінен №5 «С.Ысмайылов» ж.о.м 10-сынып оқушысы Д.Оспанова мадақтама.

  2. Орыс тілі пәнінен №73 «Ө.Жәнібеков» м.г. 9-сынып оқушысы Мусина Дина ІІІ орын.

  3. Орыс тілі пәнінен №3 «М.Ломоносов» ж.о.м 10-сынып оқушысы М.Жакупбек мадақтама.

  4. Орыс тіл пәнінен №1 «М.Әуезов» ж.о.м 9-сынып оқушысы Оразбек Ания І орын.

  5. Тарих пәнінен №123 «Самал» ж.о.м 11-сынып оқушысы Еркебай Темірлан ІІІ орын.

  6. Физика пәнінен №22 «Елшібек батыр» ж.о.м 9-сынып оқушысы Қарсыбай Аружан ІІІ орын.

  7. Математика пәнінен №6 «Ж.Аймауытов» ж.о.м оқушысы Сейданова Диана ІІІ орын.

  8. Математика пәні, №16 «И.Панфилов» ж.о.м 11-сынып оқушысы Тажихан Аяжан

  9. мадақтама.

  10. Информатика пәні №82 «Ж.Жабаев» ж.о.м 11-сынып оқушысы Ә.Қансейіт ІІІ орын

Оқушылардың облыстық «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты Республикалық байқауының қорытындысы бойынша:

  1. Облыста №12 «С.Сейфуллин» ж.о.м. оқушысы Сағатбек Ерсұлтан ІІІ дәрежелі дипломмен,

  2. Облыста №136 ж.о.м. оқушысы Абдулғафур Умит ІІ дәрежелі дипломмен,

  3. Облыста №26 «Т.Өстеміров» ж.о.м. оқушысы Әсілхан Әлихан, Абдикарим Ернур, Ортай Досбол І дәрежелі дипломмен,

  4. Оқушылардың республикалық пән олимпиадасының қорытындысы бойынша:

  5. Облыста №10 «Қ.Сәтпаев» м.и. 8- оқушысы Исаханова Аяулым ІІІ дәрежелі дипломмен,

  6. Облыста №26 «Т.Өстеміров» ж.о.м. оқушысы Мақсұт Аружан ІІІ дәрежелі дипломмен,

  7. Облыста №107 «Абай» ж.о.м. оқушысы Джасұзақова Аружан ІІІ дәрежелі дипломмен,

  8. Облыста №27 «Шәкәрім» ж.о.м. оқушысы Мамбекова Зейнеп ІІІ дәрежелі дипломмен,

  9. Облыста №14 «Алыбай батыр» ж.о.м. оқушысы А.Ақылбекова ІІІ дәрежелі дипломмен,

  10. Облыста №12 «С.Сейфуллин» ж.о.м. оқушысы Сағатбек Ерсұлтан ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

EGOV

QAMQOR

АСТАНАҒА 20 ЖЫЛ

АУДАН ТУРАЛЫ

БАҚ

ЖОЛДАУ

ҚАУІПСІЗ АУДАН

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ТҚК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

СІЛТЕМЕЛЕР

СІЛТЕМЕЛЕР

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР