DSC_8621
DSC_8616
DSC_8615
DSC_8603
DSC_4594
_DSC6077

АУДАНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ «АДАЛ ЖОЛ» АТАУЫМЕН БАСТАУ АЛҒАН МАРАФОН ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ.

2018 жылдың 15 мамыр күні ауданымызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің бастамасымен, аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен эстафета қағидатына сәйкес, «Адал жол» атауымен бастау алған марафон өз мәресіне жетті.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Қ.Қыстаубаев, Қазақстан Республикасы Мемле
кеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің бас маманы Ғ.Жүндібаев, Қазығұрт ауданынан келген арнайы делегация өкілдері, аудан жастары мен тұрғындары қатысты. 
Бұл Республика көлемінде ұйымдастырылып жатқан іс-шара облысымызда бір ауданнан келесі ауданға «Адал жол» атауымен эстафетаны тапсыру арқылы ағымдағы жылдың 29 наурызында басталған болатын.
Аталған марафон Шардара, Мақтаарал аудандарында өткізіліп, бүгін Сарыағаш ауданында аяқталып, эстафетаны қабылдап алуға Қазығұрт ауданынан арнайы делегация келді. 
Марафон шеңберінде 2018 жылдың 02-15 мамыр аралығында ауданымызда 8-акция, 2-флешмоб, 32 мәдени іс-шара, 12 спорттық іс-шара, 1-автошеру, 1-велошеру, 1-бос орындар жәрмеңкесі, 2-семинар, 52-кездесу барлығы аудан көлемінде 112 іс-шара өткізіліп, 14560 адамды қамтыды. 
Марафон аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша Департаментімен «Адал жол» кітабы әзірленген.
Марафонға қатысушы аудан «Адал жол» кітабын өткізілген іс-шараларын аяқтау барысында тілектер жазып және фотосуреттермен толықтырып салтанатты түрде эстафета ұсынылатын келесі ауданға береді.
Іс-шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Қ.Қыстаубаев марафонды Республикаға үлгі болатындай жоғары деңгейде өткізуге белсенділік танытқандарға ерекше алғысын білдіре отырып, эстафетаны салтанатты түрде Қазығұрт ауданынан келген арнайы делегация өкілдеріне тапсырды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонның негізгі мақсаттары: 
1. Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын насихаттау; 
2. Облыс халқының құқықтық мәдениетін қалыптастыру, оның ішінде жастардың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін жылжыту; 
3. Жастарды рухани-адамгершілікке және жоғары моральдық-этикалық нормалар мен құндылықтарға тәрбиелеу, адал бәсекелестік қағидаттарын жылжыту және Отанымыздың игілігі үшін адал қызмет етуге шақыру;
4. Бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру үдерісіне тарту және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру; 
5. Департаменттің оң имиджін қалыптастыру, қоғамның мемлекеттік билік институтына деген сенімін арттыру
 

                                          

                                          

EGOV

QAMQOR

АСТАНАҒА 20 ЖЫЛ

АУДАН ТУРАЛЫ

БАҚ

ЖОЛДАУ

ҚАУІПСІЗ АУДАН

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ТҚК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

СІЛТЕМЕЛЕР

СІЛТЕМЕЛЕР

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР